е
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Атырау қаласы маңынан жаңа 7 елді мекен құрылуы мүмкін
Жыл сайын Атырау қаласының аумағы кеңейіп келеді. Алдағы жылдары тағы 7 шағын елді мекенмен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2025
Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?
Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді әскери қызметі жүйесінде цифрлық шешімдерді енгізу ісін белсенді жалғастырып жатыр. Заманауи шешімдер медициналық тексеруден өту, азаматтарды ақпараттандыру, шақыру тізімдерін қалыптастыру және қызметті ұйымдастыру сияқты бағыттарды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Астанада банк қызметкері клиенттің шотынан 34 млн теңгесін жымқырған
Елордалық банк қызметкері шетелде жүрген клиенттің сеніміне кіріп, жұбайы екеуінің шотынан ақша жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды
Атырау облысының Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданында шетелдіктің бір жыл бойы заңсыз жүргені анықталды. Сот оны елден шығаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 26 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік кеңесші әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды
Ерлан Қарин Қорғаныс министрлігі жанындағы Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ Абай және Қостанай облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Таеквондодан ел чемпиондары анықталды
Шымкентте таеквондодан (WT) ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарыста еліміздің 18 өңірінен келген 273 спортшы күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Астанада «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында мейрамхана өртенді
Астанада Қонаев көшесіндегі «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан мейрамхана өртенді. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 26 Желтоқсан, 2025
Елімізде педагогтердің құқығын бұзу фактілері үш есе азайды
Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан бері ұстаздардың құқығын бұзу фактілері үш есе азайып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Түркістан облысында отшашу атпақ болған екі жасөспірім ауруханаға түсті. Оқиға балалардың пиротехниканы үлкендердің қарауынсыз қолдануы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 26 Желтоқсан, 2025
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді
Елордада 26–31 желтоқсан аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталуға жақындағанын алдын ала ескертетін жаңа SMS-хабарлама қызметі іске қосылды. Жүйе құжаттың қолданылу мерзімі бітуіне 30 күн қалғанда пайдаланушыға автоматты түрде хабарлама жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Балқаш қаласының әуежайында жүріп жатқан ауқымды реконструкция жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Келесі жылдан бастап әуе айлағы күн сайын 8-9 ұшақты қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Желтоқсан, 2025
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Бүгіннен бастап «Сақ стилі» дизайнымен жаңа 500 теңгелік банкноттар айналымға шығарылды. Ұлттық банк мәліметінше, банкнотта көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтитын дәстүрлі ою-өрнектің түп тамыры саналатын «Сақ стилі» элементтері бедерленген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Қонаев қаласында үздік спортшыларды марапаттау үшін арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылып, онда түрлі белестерді бағындырып, тұғырдан көрінген спортшыларды қала әкімі Асхат Бердіханов марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды
Қостанайда писхоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. 60 орындық орталықта жылына бір жарым жастан асқан және 18 жасқа дейінгі 900 бала емделетін болады.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Ақтау маңында құлаған ұшақ оқиғасына 1 жыл: Министрлік тексеріс нәтижелерін жария етті
Былтыр дәл осы күні Грозныйға бет алған азербайжандық AZAL компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе апатынан 38 адам көз жұмып, 29 жолаушы жарақат алған еді. Сол уақыттан бері апаттың себебін анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр. Бүгін еліміздің Көлік министрлігі тергеудің аралық қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
34 жастағы ер адам жүрек трансплантациясын күтіп республикалық тізімде тұрған екен. Ота – 5 сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті аяқталған. Мұндай ота – Алматы қалалық кардиологиялық орталығында (ҚКО) алғаш рет жасалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Ақсайда келешек мектебі ашылды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
ҚХДР басшысы Ким Чен Ын стратегиялық маңызы бар, су сыйымдылығы 8 700 тонна болатын жаңа атомдық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл жоба Пхеньянның қорғаныс қабілетін арттырудағы бес негізгі міндеттің бірі ретінде бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 26 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында әскери казарма ашылды
Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған 120 орындық казарма пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Өскеменде подъезд тұтқасын ұстаған жас жігітті ток соғып, жүрегі тоқтап қалған
Өскемен қаласында 25 желтоқсан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйде төтенше жағдай болды. Оқиға салдарынан жас жігіт ауыр халге түсті. Подъезд есігінен электр тогы ұрып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Түркияда жаңа жыл кезінде теракт жасамақшы болған 115 адам ұсталды
Түркияның құқық қорғау органдары ауқымды операция жүргізіп, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысы бар деген күдікпен 115 адамды ұстады. Күдіктілер жаңа жыл және Рождество мерекелері кезінде теракт жасауды жоспарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Шымкент әуежайы авиаотын бағасын қолдан өсірген
Шымкентте жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандарға 52 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Соның ішінде «Шымкент әуежайы» АҚ авиаотын нарығында монополиялық жоғары баға белгілегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2025
Шығыстағы екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген
Кеншілер қаласында биылғы мамыр айынан домофон қызметі үшін төлем 550 теңгеден 700 теңгеге өсіп кеткен. Монополияға қарсы ведомство тарифтің негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 25 Желтоқсан, 2025
Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді
Қазақстан көршілес елдермен және барлық мүдделі мемлекеттермен достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Біздің мақсаттарымыз бен басымдықтарымыз өзгермейді. Бұл – елдің егемендігін нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған міндеттерді жүзеге асыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді. Президент өңір мен елдің дамуына қатысты, Қазақстан экономикасының сапалы өсіміне бағытталған бірқатар міндеттерді айқындады. Осы мәселелерді саяси сарапшы Расул Қоспановпен талқыладық.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр: Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.