ат
Қоғам • 14 Қараша, 2024
Қазақстан атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды
Бакуде БҰҰ-ның COP29 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов атом энергиясын пайдалануды үш есе арттыру бойынша күш-жігерді ілгерілету жөніндегі халықаралық іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2024
Психотроптық заттарды сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2024
Павлодар облысында жол апаты болып, нәресте көз жұмды
Павлодар облысындағы Атамекен – Русская Поляна автожолында екі көлік соқтығысып, жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 13 Қараша, 2024
Еліміз авиация саласындағы беделді сыйлықтың иегері атанды
Вашиңтон қаласында (АҚШ) әлемдік авиация саласындағы негізгі оқиға Air Traffic Control Association (ATCA) 2024 конференциясы өтті. Іс-шарада авиациялық саладағы үздік жетістіктерді дәстүрлі түрде атап өтетін беделді ATCA марапаттар бағдарламасы қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 13 Қараша, 2024
Қазақ күресінен ел чемпионаты мәресіне жетті
Қазақ күресінен ел біріншілігі Тараз қаласында ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 13 Қараша, 2024
Бурабай табиғатына тыныстап алуға мүмкіндік беру қажет - Роза Темірбаева
Бурабай – еліміздегі ең танымал туристік өлкелердің бірі. Жыл сайын республиканың әр түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келетін туристердің жалпы саны 1 миллонға жуықтайды. География және су қауіпсіздігі институты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында кешенді зерттеу жүргізіп, жергілікті табиғаттың жай-күйіне жүйелі түрде мониторинг жасап отырады. Біз осы орайда мекеменің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Роза Темірбаеваға хабарласып, бірқатар сауал қойған едік.
Оқиға • 13 Қараша, 2024
Тапаншамен қорқытып, тонап кеткен
Алматыда супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39-дағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Хорватия Премьер-министрімен кездесті
Президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2024
Каратэден Азия чемпионатында Қазақстан көш бастады
Таиландтың бас қаласы Бангкокте ерлер мен әйелдер арасында шинкиокушинкай каратэден XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 13 Қараша, 2024
Мәулен Әшімбаев мектеп іргетасын қалау рәсіміне қатысты
Алматы қаласында Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала басшылығы, Парламент және мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде адам азаптаған полицей сотталды
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 13 Қараша, 2024
Асық атудан Әлем кубогі: Қазақстан құрамасы топ жарды
Жарыс Түркияның Анкара қаласында өтті. Оған 10 елден 60-қа жуық спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қараша, 2024
Аида Балаева мәдениет саласындағы бірқатар заңға өзгеріс енгізуді ұсынды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттарға Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив саласындағы бірқатар заңдарға өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2024
Михаил Бортниктің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Жоғары аудиторлық палата мүшесі Михаил Михайлович Бортниктің өкілеттілігі 2024 жылғы 7 қарашадан бастап тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қараша, 2024
Алматыда жалған купюра сатумен айналысқандар ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2024
Алматыда баланы ажалдан құтқарған азамат марапатталды
Алматыда Есентай өзеніне батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған 25 жастағы азаматқа мемлекеттік сыйлық табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Сенат • 12 Қараша, 2024
Конституциялық бақылауды жетілдіру тетіктері талқыланды
Конституциялық бақылау – конституциялық заңдылықты және Ата Заң үcтемдігін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бүгін Парламент Сенатында осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада тиісті заңнамалық новеллалар және осы бағыттағы бірлескен жұмыстың негізгі міндеттері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қараша, 2024
Билли Джин Кинг Кубогі: Қазақстан құрамасы жасақталды
Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы 16-17 қараша күндері Астанада өтетін плей-офф матчында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2024
Ұлытау облысының Жезқазған кенті таратылады
Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қараша, 2024
Атырауда 30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеген
Атырау облысында спорт саласында 900 миллион теңгеден астам қаржы бұзушылықтары анықталған. Сондай-ақ 30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2024
Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайында жаңа терминалдың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қараша, 2024
Президент Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында өтіп жатқан климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлем көшбасшыларының саммитіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қараша, 2024
Алматы облысында аспалы көпір салынады
Алматы облысындағы Қара каньонда аспалы шыны көпір салынады. Оның құны 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қараша, 2024
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды
UFC боксшысы Шавкат Рахмоновтың (18-0) бапкері Эдуард Базров отандық боксшының келесі қарсыласы Камару Усман болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қараша, 2024
Алматыда дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салынады
Алматыда жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынады. Үкімет фармөндіріске қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 12 Қараша, 2024
Алматыда есірткі жарнамалағандар ұсталды
Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі заттарын жарнамалап сурет салған екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 11 Қараша, 2024
Алматы қорығында жабайы жануарларға санақ жүргізілді
Алматы қорығының мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері жабайы жануарларға санақ жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2024
Еліміздегі орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статбюро
Ұлттық статистика бюросы елдегі «қызметкерлердің саны және жалақысы» туралы мәліметтерді жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2024
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына шектеулер енгізілді
Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотореяны реттеу комитеті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.