ек
Қоғам • 02 Қаңтар, 2024
Елімізде жеке куәлік пен төлқұжат алу бағасы өзгерді
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемінің ұлғаюына байланысты жеке куәлік пен төлқұжат алу бағасы қымбаттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2024
4 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
«ҚазАвтоЖол» 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2024
Қаракөл қорығындағы аққулардың неден қырылғаны белгілі болды
Маңғыстау облысының экология департаменті өкілдері таяуда табылған 30 аққу неден өлгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2024
Қазақстанда ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі өсті
Қазақстанда жаңа 2024 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы және басқа да есептік көрсеткіштер өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысына мерекелік құттықтау жеделхаттары келіп жетті
Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2023
Жаңажылдық пойыздардың сапарлары басталды
Биыл №4/3 «Астана-Нұрлы Жол-Алматы», №77/78 «Алматы-Маңғыстау», №45/46 «Павлодар-Түркістан» және №38/37 «Маңғыстау-Семей» бағыттары бойынша пойыздар жаңажылдық стильде безендірілді. Кестеге сәйкес түрлі уақытта қатынайтын аталған пойыздар 29 желтоқсаннан бастап қалалар бойынша жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Музей • 30 Желтоқсан, 2023
Биыл Ұлттық музейге келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті
Биыл Ұлттық музей 415 іс-шара ұйымдастырған. Нақты атағанда, 2 жаңа залдың ашылуы, 40 көрме, 4 конференция, 1 конгресс, 2 симпозиум, 25 дөңгелек үстел, 3 семинар, 163 музей сабақтары және тағы басқа түрлі форматта іс-шаралар өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер майдангерлерді мерекемен құттықтады
Астана, Алматы қалаларындағы Қарулы күштердің әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Астанада Қорғаныс министрлігі өкілдері «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп екі майдангерге барды. Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі запастағы полковник Ғани Артықов осы күндері елордада екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 7 ардагер тұратынын, жыл өткен сайын майдангерлер азайып бара жатқанын, әр ардагер – тірі тарих екенін, жеңістің оңай келмегенін өскелең ұрпақ білу керектігін атап өтті. Сонымен қатар Алматы әскери қызметшілері майдангердің үйіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды
Ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр, көктайғақ секілді қолайсыздықтардан республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2023
«Жоғалып кеткен»: Бірнеше ай бойы мектепке бармаған оқушы ізделіп жатыр
28 желтоқсанда мектеп басшылығы Талдықорған қалалық полиция бөлімін бірнеше айдан бері сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушы қыздың жоғалып кеткені туралы хабардар еткен, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 29 Желтоқсан, 2023
Сексеуілді кесуге тыйым салынады
«Ашық НҚА» порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сексеуілді кесуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасы көпшілік талқылау үшін назарға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Желтоқсан, 2023
Президент балақайларға жаңажылдық сыйлықтар жіберді
Дәстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады. Биыл мемлекет басшысының атына жазған арнайы хаттарға Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жауап жазып, сыйлық үлестірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023
Павлодар облысында бірнеше елді мекен атауы қайта аталады
Облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Медет Тауасқан бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Биыл автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты
Еліміздің барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды. Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы биыл өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 29 Желтоқсан, 2023
Елордада автобустар мереке күндері қалай жұмыс істейді
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты «City Transportation Systems» ЖШС алдағы мереке күндері елордада қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Катонқарағай мен Марқакөл жеке аудан болып құрылды
Шығыс Қазақстан облысында қос ауданның халқы малақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Еріктілер мерекелік кеш өткізді
Жаңа жыл мерекесіне орай Қостанай облысында «Жаңа жыл – жақсылық мезеті» акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023
Есірткі таратқан шетелдік 10 жылға сотталды
2023 жылдың жаз мезгілінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның 25 жастағы азаматын қамауға алған еді. Күдікті есірткі тасымалымен айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023
2100 аққала. Қостанайлықтар әлемдік рекорд орнатты
Қостанай облысындағы Қамысты ауылының тұрғындары әлемдік рекорд орнатты. Олар осы аптадағы аймақта болған қарлы боранға қарамастан қытайлықтар орнатқан рекордты басып озды. Десе де Қамыстының көрсеткіші, әзірге, тек Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мерекедегі жұмыс кестесі белгілі болды
Азаматтарға арналған үкімет порталы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН, спецЦон) жаңажылдық мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алған. Ал мысырлық пирамидалардан біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған «Жаңа жылдың басы» деген жазуы бар ыдыс табылған. Бұндай қызықты деректер bilim-all.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2023
AI•KÚN және TÚIE: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды
Қазақстан Ұлттық банкі «Сиқырлы нышандар» сериясынан AI•KÚN және «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
Азиядағы үздік күрес федерациясы анықталды
Екі кезеңнен тұратын онлайн дауыс беру арқылы үздік күрес федерациясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Риддерге 600 орындық қазақ мектебі салынады
Риддерде 600 орындық мектеп салу бойынша Казцинк компаниясы және облыс әкімдігі арасында меморондумға қол қойылды.
Экология • 27 Желтоқсан, 2023
Қаракөл жағалауынан отыз аққудың өлексесі табылды
Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағы Қаракөл көлінің жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 27 Желтоқсан, 2023
Жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық. Шымкентте этношырша безендірілді
«Ұмай 2023» Ұлттық сыйлығының «Заманауи өнердегі үздік жоба» аталымында озық шыққан Болатбек Бейісбековтің отбасы жаңажылдық шыршаны ұлттық құндылықтарымыздың элементтерін пайдалана отырып, ерекше безендіреді. Суретшілер династиясы жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық, қобдиша, сәндік әшекей т.б. қолданады, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023
Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері нақтыланды
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2023
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия өз жұмысын аяқтады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының соңғы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендер қалай төлем алады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендерге арнаулы әлеуметтік төлемнің қалай төленетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді
Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.