ат
Оқиға • 21 Қараша, 2024
Кәмелетке толмаған баланы зорлап, өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2024
Қазақстан Президенті Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысқанын мәлімдеді.
Президент • 21 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрі екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
Жол бойында жолбарыс жүр: Жалған ақпарат таратқан әйел айыппұл арқалады
Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тұлға • 20 Қараша, 2024
Алматыда А.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әзиза Нұрмаханованың туғанына 100 жыл толуына орай «Биік парасат иесі» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
ҚазҰУ мамандары LLM тілдік моделін әзірлейді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойына орай баспасөз турын өткізіп, бұқаралық коммуникация өкілдеріне оқу ордасының жетістіктерін таныстырды.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда ер адам алаяқтарға «телефон станциясын» жалға берген
Алматыда киберполиция қызметкерлері арнайы операцияны сәтті өткізіп, оның барысында интернет алаяқтығы үшін шағын АТС ұйымдастырған жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі ашылды
«Атакент» іскерлік орталығында ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі, ХХІІ «Білім және мансап көрмесі» халықаралық көрмесі ашылды. Еліміздегі кітап ісін дамыту мен білімді насихаттайтын көрмелерде шетелдерден келген өкілдер, сала мамандары, жастар, студенттер осы рухани кеңістікте әртүрлі мәдени шараларға қатысып, пікір алмасып, кітап ісіне қатысты әлемдегі озық жетістіктерді талқылайтын болады.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Еліміздің азаматтығынан бас тартатындар саны азайып келеді - Ерлан Қарин
ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Мәжілісмен барлық рұқсат бланкілерін дереу электронды форматқа көшіруді ұсынды
«Ақ жол» партиясы Фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктерді халықаралық тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерінің жасанды тапшылығы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алуды банк кепілдігімен жүзеге асыра алады
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану жөніндегі келісім ратификацияланды. Келісім 2023 жылы 29 тамызда Мәскеуде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қараша, 2024
Ғылыми зерттеулерді қолданудың нәтижесін көруіміз керек - Олжас Бектенов
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекші ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен салалық министрліктер басшылығының қатысуымен жаңартылған құрамда Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
400 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Қыздар университетінде жаңа оқу ғимараты мен зертханалар ашылды
Қыздар университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында жаңа оқу ғимараты пайдалануға беріліп, пәнаралық ғылыми зертханалардың ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті
Алматыда орташа айлық жалақы 468 мың теңгені, ал республика бойынша 392,6 мың теңгені құрады. Еңбекақы номиналды түрде 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
Жаңа Су кодексіне мұздықтарды қорғау шаралары енгізілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Мәжіліс депутаттары мен сарапшылармен бірлесіп жаңа Су кодексінің жобасын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Астанада «Жасыл Аймақ» жұмысшылары жалақы ала алмай жүрген
Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 20 Қараша, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Балуан Шолақ мәдениет және спорт сарайында өткен салтанатты іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын ғылымға қосқан үлесі үшін марапаттады.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қараша, 2024
Сербияның екі азаматы «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградқа ресми сапары аясында Сербия азаматтары Лазар Коич пен Драгомир Каричті марапаттау рәсімі өтті. Олар Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапаттарды Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2024
Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» сайтының тұсауы кесілді
Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» уеб-сайтының тұсаукесер рәсімі өтіп, сайт таныстырылымы аясында аттас фотокөрме қатар ашылып, жұртшылық назарына жоба дерекқорына кірген жан-жануарлардың тамаша фотосуреттері ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2024
Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандары біліктілігін арттырады
Астанада ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарына арналған семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қараша, 2024
Boeing компаниясы 2500 қызметкерін жұмыстан босатты
Америкалық Boeing компаниясы бір мезетте 2500 қызметкерін жұмыстан босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Қараша, 2024
Президенттің Сербияға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Қазақстан мен Сербия арасындағы келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Тікұшақ апатынан зардап шеккен әскерилердің жағдайы белгілі болды
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әскерилердің жағдайы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2024
ҚазҰУ-да баспа ісі, авторлық құқық менеджментіне қатысты семинар өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Фараби кітапханасында «Баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті» тақырыбында семинар өтті. Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдері халықаралық кітап ісіндегі заманауи жетістіктер, полиграфиядағы жаңа технологиялар, кітап шығару мен тарату ісіндегі озық тәжірибелермен бөлісті.
Тағайындау • 19 Қараша, 2024
Алматы облысының Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Түркістан облысындағы Жетісай - Жібек жолы тас жолында жол апаты болып, салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2024
Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан
Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданындағы Шаңырақ-2 ықшам ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қараша, 2024
Жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылады
Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.