ара
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Сарыла күткен субсидия қағаз жүзінде қала бере ме?
Жақында Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданынан келген бір топ шаруа қожалығы басшылары облыстық әділет департаменті ғимаратының алдына жиналып, өңірде мал шаруашылығына берілетін субсидияның кешігуіне және жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау өз деңгейінде болмағандығына наразылық білдірді.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2021
Тұңғыш турнир теннисшілерді Арқа төсінде тоқайластырды
Кеншілер астанасында үстел теннисінен ITTF Kazakhstan International Open-2021 халықаралық турнир өтті. Былтыр ғана бой көтерген Saryarka үстел теннисі орталығын екі күн дүбірге бөлеген додада Аустрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр қиырынан келген 70-тен астам спортшы 30 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салды.
Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2021
Қолымнан тек бокс бапкері болу келеді - Сайын Аратаев
Бүгінгі қазақ боксында Сайын Аратаевтай бапкерлер некен-саяқ... Неге дейсіз ғой. Олай болса тыңдаңыз. Біріншіден, бұл кісі бір жерде – Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта табан аудармай 42 жыл қызмет етті. Екіншіден, Сәкең – Афина Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов пен Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті балаң кездерінде жаттықтырған жампоз бапкер. Әлбетте, былайғы жұрт мұны біле де бермейді. Бір есептен, Сайын Аратаевтың өзінен де бар. Басқалар болса баяғыда-ақ жер-дүниеге жар салып, кеуде соғып жүрер еді-ау. Ал Сайын ағамыз болса өйтпеді. «Шәкірттерім мені көрген жерінде жандары қалмай, асты-үстіме түсіп жатады. Соның өзі жетеді маған», деп күрек тісін ақситып күледі де тұрады...
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Елімізде сарапшылар мектебін құру ұсынылды
Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері кезекті отырыста медиа, зерттеу саласы мен мемлекеттік басқарудағы сараптамалық тәсілдерді дамытуға бағытталған қоғамдық жобаны құру мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 21 Қыркүйек, 2021
Фатма Сөнмез: Марапатымды атажұртым – Қазақстанға арнаймын
Түркияның Медиа мен БАҚ ассоциациясы қоғам қайраткері, Түркістан қаласының құрметті азаматы Фатма Сөнмезді Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға, сондай-ақ Кырыккале қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Жылдың ең үздік еларалық көңіл елшісі» сыйлығымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Адамға ақ пен қараны ажырататын білім керек - М. Әшімбаев
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 21 Қыркүйек, 2021
Елімізде вакциналарды уақытша тіркеудің заңдылығы түсіндірілді
Қазнет қолданушылары біздің елімізде COVID-19-ға қарсы бірде-бір тіркелген вакцина жоқ деген хабар таратты. Олардың пікірінше, дәрі-дәрмектерді уақытша тіркеу заңсыз, өйткені ол Үкіметтің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен және ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы төтенше жағдай режимінде ғана әрекет еткен Жарлығының 1-тармағымен ғана рұқсат етіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Авиакомпаниялар сот шешімінсіз жолаушыларды «қара» тізімге енгізе алмайды
Авиакомпаниялар жолаушыларды әуе тасымалы шектеулі адамдардың тізіміне тек сот шешімі бойынша кіргізе алады. Бұл туралы Мәжілісте көлік мәселелері бойынша түзетулердің таныстырылымында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Берік Камалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Қыркүйек, 2021
Осы аптада елордада қандай мәдени шаралар өтеді?
Театр және концерт маусымдарының басталуымен елорданың мәдениет мекемелері күн сайын қала тұрғындары мен қонақтарын өз қойылымдарымен және бағдарламаларымен қуантады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021
Оқушыларға вакцина бүрку арқылы салынатыны рас па?
Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина» шашады деген ақпарат таралуда. Автордың айтуынша, осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейеді екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Маңғыстауда бекіре аулаған браконьер ұсталды
Маңғыстау облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті Қарақия шекара басқармасының шекарашылары заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Биыл көмір өндірісі айтарлықтай азайды
2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 62,8 млн тонна көмір алды. 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда бұл көрсеткіш 0,5%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Алматыдағы «Барахолка» базары өртенді
Алматыдағы «барахолка» базарында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Таразда көпқабатты үйден өрт шықты
Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерді жалын шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Халықаралық теңіз ұйымы Қазақстанды «ақ тізімге» енгізді
Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) тәуелсіз сарапшылар комиссиясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қазақстанды «ақ тізімге» енгізуге арналған жаңаша өтінімін қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Ақмола облысында кітапхана директоры мен орынбасары сотталды
Ақмола облысы прокуратурасының тексеруімен мәдениет басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 21 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Парламентінің ТМД ПАА-дағы өкілетті өкілі бекітілді
Мәжіліс пен Сенат Бюросы өз отырыстарында Игорь Мусалимовтың ТМД парламентаралық Ассамблеясындағы Қазақстан Парламентінің өкілетті өкілі лауазымына кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
Мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жаңа ақпараттық қызмет пайда болады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы қаулыға толықтырулар енгізілетін ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021
ШҚО-да шектеу шаралары 4 қазанға дейін ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 4 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындары қашан басталады?
22 қыркүйекте Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021
Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды
Алматы облысында 675 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021
Терроризм туралы жалған хабар таратқандар қалай жазаланады?
Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев брифинг барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Канар аралдарынан бес мың адам эвакуацияланды
Жексенбіде Испанияның Пальма аралында, Канар аралдарының архипелагына кіретін жанартаудың атқылауы басталды, нәтижесінде лава ауаға көтеріліп, аралдың оңтүстігіндегі Кумбре Виежа ұлттық паркінің екі ауылына қарай бет алды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2021
Astana Marathon 2021-ге кімдер қатыса алады?
Нұр-Сұлтанда 26 қыркүйек күні жыл сайынғы Astana Marathon 2021 халықаралық марафоны өтеді. Биыл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
Сауд Арабиясында «ұшатын сарай» сатылады
Сауд Арабиясының билігі бұрын корольдік отбасы мүшелерінің бірі қолданған Boeing 737 ұшағын сатуға шешім қабылдады. Лайнер өзінің сәнді интерьерімен танымал, сондықтан кемені кейде «ұшатын сарай» деп атайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2021
ШҚО-да пара алған 11 инспектор ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2021
Әскери қызметшілердің декларация тапсыру мерзімі ұзартылады
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіру кезінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация бір рет ұсынылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2021
Токио марафоны 2022 жылға шегерілді
2021 жылғы Токио марафоны биыл өткізілмейді. Бұл туралы жарыстың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2021
Қарағандыдағы дала өрті: Бір адам қайтыс болды
Бүгін Қарағанды облысының Қарақаралы ауданында шыққан дала өртінен зардап шегіп, денесінің 90%-ын термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
Түркістан облысында екі мыңға жуық оқушы онлайнға көшті
Түркістан облысында 1777 оқушының сабағы онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы облыстық СЭБД баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.