м
Тағайындау • 22 Маусым, 2021
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы тағайындалды
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Жетісуда жем-шөп бағасы қымбаттады
Жетісуда шөп шабу науқаны қызып тұр. Шаруалар шалғысын сайлап, іске кіріскелі біраз болған. Биыл өңірде жауын-шашын аз болып, мал азығына қажетті дақылдардың шығымы жылдағыдан төмен болғанымен, жиын-терімнің бастапқы нәтижесі жаман емес сияқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Маусым, 2021
Ғалымдар картоптың адам ағзасына қандай пайдасы барын зерттеді
Америка ғалымдары суға қайнатылған немесе пісірілген картопты жеу қан қысымын төмендетіп, гипертонияның алдын алуға көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Отандық аккумуляторлар Францияға экспортталады
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 300-ге тарта кәсіпорын өздерінің өнімдерін алыс елдерге сата бастады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Қазақстанның қай өңірлерінде жанармай қымбат?
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлеріндегі бензин бағасының қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Маусым, 2021
Қазақстандық магистранттар мен докторанттар Францияда тегін оқи алады
«Абай-Верн» ұтқырлық білім беру бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 22 Маусым, 2021
Түркі елдерінің жастары Түркістанда бас қосты
Түркістанда «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдер жастары мен белсенділерінің Халықаралық саммитінің пленарлық отырысы өтті. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған басқосуда «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» идеясын ілгерілету мен мәдени туризм, бірлескен жастар лагерлерін ұйымдастыру мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығы және т. б. бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелері тақыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған адамды құтқарып қалды
Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Талдықорғандағы тергеу изоляторына жаңа қызмет түрі енгізілді
Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жаңа қызмет түрі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2021
Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Маусым, 2021
Жоғары технологиялық медицинаның мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында жаңа радиология және радиохирургия бөлімі ашылды, онда шведтің Elekta компаниясы шығарған Leksell Gamma Knife® заманауи кешені жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Атырауда тегін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды
«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері 48 дерт бойынша тегін берілетін 280 түрлі дәрі-дәрмекті қайтадан бақылауға алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды
Өскемен қаласында көлік қаққан ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Маусым, 2021
Мәжіліс Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай журналистерге жаңа сыйлық тағайындады
Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысын жариялап, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Түркістан облысында тауда жоғалған жетінші туристің денесі табылды
Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2021
Үнді штамы әлемнің 90-нан аса елінен анықталды - ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мария ван Керкхове коронавирустың үнді штамы әлемнің 92 елінен анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда пациенттердің 56%-ынан үнді штамы анықталды
COVID-19 ауруының күрт өсуін және үнді штаммының ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастың сынамасы алынды. Олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Алматыда 12 бала бейімдеу орталығына орналастырылды
Алматыда 12 қаңғыбас бала арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Парламент • 22 Маусым, 2021
Мәулен Әшімбаев түркітілдес елдердің жастар форумына қатысты
Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты түркітілдес елдердің көшбасшы және белсенді жастарының халықаралық форумы басталды. Іс-шараның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев видео-байланыс режимі арқылы қатысып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Атырауда телефон ұрлаған ер адам екі жылға сотталды
Атырауда танысының телефонын ұрлаған ер адамның бас бостандығы екі жылға шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2021
Германияда коронавирустың дельта штамы таралып жатыр
Германияда әр ПТР тесттің нәтижесі коронавирустың жаңа штамын анықтау үшін тағы бір мәрте тексерілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Сыртқы істер министрінің Әзербайжанға ресми сапары қалай өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Баку қаласына ресми сапармен барып келді. Оның Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Премьер-Министр Али Асадовпен кездесулері, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Маусым, 2021
Сенатта қашықтан жұмыс істеу туралы заң жобасы қаралды
Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда сенаторлар Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2021
Серік Жұманғарин электр энергиясы нарығындағы бәсекелестіктің қалай дамитынын айтты
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік қалай дамитынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2021
Елімізде волонтерлік қызметті қолдау стандарты әзірленеді – Аида Балаева
Елімізде волонтерлік қызметті қолдау стандарты әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Елорда тұрғыны 14 млн теңгенің дизель отынын заңсыз сатқан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде онлайн формата және жаңартылған құрамда ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2021
Асқар Мамин волонтерлік қозғалысты дамытуды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2021
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 22 Маусым, 2021
Қазақстанда карантин талаптары күшейтіледі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың үнді штамына байланысты Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.