ек
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Заңсыз берілген 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі заңсыз берілген әрі бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлім етті. Оның 2,8 млн гектары жергілікті фермерлерге, өңірлердің тұрғындарына қайта бөлінген. Бұдан бөлек, осыған дейін пайдаланылмаған 3,4 миллион гектар жерді иелері игеруге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектеп салынды
Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында көптен күткен №30 мектептің есігі ашылды. Бұл білім ордасының жартысы жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған. 1200 балаға шақталған шаңырақ барлық талапқа сай, тіпті оқушының жеке шығармашылығымен айналысуына болады. Сан түрлі үйірме, спорттық секциялар маңайдағы ауыл балаларының қуанышын еселеді.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысында 201,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексеру жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді. Өткен жылы облыста бос жатқан 201,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды
Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директоры қызметін енді Ғалымжан Жусанбаев атқарады. Оның мұнай-газ саласында тәжірибесі бар, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді
2024 жылдың қаңтары Алматы тұрғындары үшін өте жылы және қарсыз болды. Фотограф Дмитрий Доценко қыс мезгіліндегі көктемгі гүлдердің суреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2024
2024 тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін
Ғалымдардың айтуынша 2023 соңғы сегіз онжылдықтағы ең ыстық жыл ретінде танылды. Алайда 2024 жыл барлық рекордтарды бұзуы мүмкін екен. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2024
Астанада құрылысы ұзаққа созылған тағы 10 тұрғын үй кешені аяқталады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі биыл аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«Көмектеріңіз ауадай қажет». Бельгиялықтар асырап алған бала жаңа жазба жариялады
Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады. Ол Арқалыққа анасын іздеп барған журналистерге алғыс айтып, әр Қазақстан азаматына өтініш білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Былтыр 6 жасқа дейінгі 700 мыңдай бала екпе алды – министр
Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024
БҚО-да оқушылар мектепте тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылар 14 мектептің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізіп келгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 08 Қаңтар, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Өтініштер мен жұмыстар 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 08 Қаңтар, 2024
Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады
Мемлекет басшысы Арал теңізінің құрғаған табанындағы жалпы аумағы 1,1 миллион гектарға 2025 жылға дейін орман мелиорациялық екпелер егуді міндеттеген. Сексеуіл шығымын барынша арттыру үшін орман мелиорациялық жұмыстар ғылыми ұсынымдар мен жұмыс жобалары (негізгі әдістері механикаландырылған себу және отырғызу) негізінде жүргізіледі. Өйткені, Арал теңізі түбінің Қазақстан тұсындағы бөлігі өзбек тарапы аумағымен салыстырғанда тұзды, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
«Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанбауы мүмкін еді». Атқарушы директор себебін түсіндірді
2022 жылы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов даңқты боксшыға алтын медаль үшін финалдық жекпе-жекке қатыспау қаупі туғанын айтты.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Қазақстанда бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны өсті
Бұған дейін елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болған болса, қазір жалпы штат саны 242 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2024
Жәнібектің анасы болуы мүмкін.Тағы бір келіншек ДНҚ тапсырды
«Бармысың, бауырым» редакциясы бельгиялықтар асырап алған Jani Eddy J Saveliev-тың анасын іздеуіне байланысты тың ақпаратпен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Мобильді аударымдарды тексеру: салықтан жалтарғандар қанша айыппұл төлейді?
Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарының мобильді аударымдарға қатысты көкейтесті сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Жемқорлардан қайтқан қаржыға 43 мектеп салынды
2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға салынған 43 мектеп ашылды. Осылайша, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
2024 жылғы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа байқау жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2024
Қаңтар оқиғалары – мемлекеттік төңкеріс әрекеті: 2022 жылы не болды?
Қаңтар оқиғасының хронологиялық мәліметтері мен ақиқатын айқындап берген деректі фильм жарыққа шықты. Еліміздегі телеарналар 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар туралы жаңа деректі фильмді көрсетті. Фильмде әр күн мен әр сағат негізінде Қазақстандағы қалалардың көшелерінде оқиғалардың қалай өрбігені, дағдарыс қалай еңсерілгені туралы негізгі шешімдердің қалай және қашан қабылданғаны көрсетілген, деп жазады Egemen.kz Ақпарат және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар құзырлы органдарда кадрлық тағайындау жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Жаңажылдық мереке күндері қанша қылмыс жасалды?
Ішкі істер министрлігінде жаңажылдық мереке күндері қанша қылмыс жасалғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері өсті
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедектігі бар азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы көлемі өсті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Қаңтар, 2024
Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Астана тұрғындары жаңа әлеуметтік көмек ала бастайды
2024 жылдан бастап елорданың кейбір тұрғындары жаңа әлеуметтік көмек ала бастайды. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 03 Қаңтар, 2024
Әли Бектаев: Президент ел көкейіндегі сауалдарға жауап берді
«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген сұхбаты жарық көрді. Халық қалаулылары кең көлемді сұхбат туралы пікірлерімен бөлісіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
1 қаңтардан бастап не өзгерді, қандай заңдар күшіне енді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 7 пайызға, яғни, 3450 теңгеден 3692 теңгеге өсті. Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджетке төленетін салық, айыппұл мөлшері де артып отыр. Сонымен бірге бірқатар заң жобасы күшіне енді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Ең төменгі жалақы мөлшері көбейді
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 03 Қаңтар, 2024
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі
Биылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен жүргізу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің саяси ұстанымы демократиялық даңғыл екеніне тоқталып, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында ұстанатын мызғымас қағидалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.