П
Қазақстан • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан неліктен ОПЕК+ нысанасына айналды
Әлемдік мұнай нарығындағы әрбір қозғалыс миллиардтаған долларға әсер ететін жағдайда кездейсоқтық деген болмайды десе де болады. Қазақстанға қатысты соңғы сын-ескертпелердің, әсіресе ОПЕК+ шеңберіндегі «артықшылықтар» үшін айтылған ескертулердің жай ғана фактіні тіркеу емес екені айқындалып жатыр. Тақырыпты тереңірек қазсақ, бұл сынның астарында барынша күрделі геосаяси ойын тұрғаны байқалады – бұл жерде сөз тек баррельдер туралы ғана емес, әлемдік ықпал туралы да болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2025
Кітап – рухани қазына. Адам бойындағы кітап оқу дағдысы бала кезден қалыптасуы керек. Кітап оқу арқылы бала шыдамдылыққа, көркем ойлауға үйренеді, яғни шығармашылық ойлау дағдысы қалыптасады. Кітаптағы оқиға желісін елестету арқылы қиялын дамытады. Жастайынан кітап оқыған баланың ақыл-ойы толысып, тіл байлығы жетіліп, зиялы азамат болып өседі. Елді қашанда көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі де білімді адамдар дамытады. Сондықтан қазіргідей ақпараттар ағынына тоғытылып бара жатқан қоғамды ғаламторға тәуелділіктен арылтудың жолдарының бірі кітап оқуға деген құштарлықты ояту. Бесіктен белі шықпай жатып гаджеттің тілінде сөйлеп өсіп келе жатқан ұрпақты кітап оқуға қалай ынталандыруға болады?
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
Бүгін Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі
Түркістан қаласы бойынша 17 058 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасы, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Қарағандылық боксшылар жеті медаль жеңіп алды
Бокстан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар төрт алтын, екі күміс және бір қола медальға ие болды. Азия бокс конфедерациясы мен Халықаралық бокс қауымдастығының қолдауымен жарыс Шри-Ланкада, Коломбо қаласында өтті.
Есірткі • 27 Мамыр, 2025
Атырау облысының тұрғыны 1 келіден асатын синтетикалық есірткімен ұсталды
Синтетикалық есірткіні таратып жүрген 37 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Мамыр, 2025
Кәмелетке толмаған баладан ақша талап еткендер сотталды
Бас прокуратура мәліметінше, 4 сотталушы жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 27 Мамыр, 2025
Бейнеуде 300 орындық мектеп салынып жатыр
Бейнеу ауданының Сам ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп-бөбекжай кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Қызылордада киберқылмыспен күрес орталығы ашылды
Қызылорда облысында Полиция департаментінің бастамасымен киберқылмыспен күрес орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Мамыр, 2025
Туризм саласындағы бизнеске мемлекеттен қандай көмек беріледі
Туризм және спорт министрлігі кәсіпкерлік субъектілері үшін туризмді дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік қолдау түрін ұсынады. Бұл шаралар туристік өнімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ішкі және келу туризмін кеңейтуге бағытталған. Төменде кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторларға арналған жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Денис Мамонов «Атырау» футбол клубына бас бапкер болды
Жеңілістен көз ашпай келе жатқан «Атырау» футбол клубының бас бапкері үшінші рет ауысты. Енді Денис Мамонов команданың басқару тізгінін қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Майк Тайсон мен Федор Емельяненко Қазақстанда күш сынасады
Атағы жер жарған кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның жасы 58-ден асса да, әлі де жұдырықтасып жүргені белгілі. Соңғы рет ол былтырғы жылдың қараша айында америкалық актер, блогер, шоумен Джейк Полмен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Мамыр, 2025
Көлқамыста жаңа мектеп пайдалануға берілді
Өткен жылы Қостанай облысына қарасты Жанкелдин ауданындағы көктемгі тасқын кезінде су астында қалған Көлқамыс ауылындағы тұрғын үйлер түгелдей қайта тұрғызылып еді. Енді, міне, шалғайдағы шағын елді мекенде 60 балаға арналған заманауи мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Еркін күрестен Қазақстан кубогінің иегері анықталды
Астанада еркін күрестен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Биыл күзде Загребте жалауы желбірейтін әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынған жарысқа Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұханнан басқа балуандардың барлығы қатысты. Ұлттық құрама бапкерлері дүниежүзілік додаларда дараланған дүлдүлдерге жеке бағдарлама бойынша даярлануларына рұқсат беріпті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2025
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсына өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған дәстүрлі «Парасат» конкурсына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Ұлытау облысында ҰҚК-нің жаңа ғимараты ашылды
Жақында Ұлытау облысы, Қаражал қаласында алғашқы республикалық маңызы бар әкімшілік ғимарат ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Күні кеше Семей өңірінен «50 жасқа қараған шағында Қайрат Күнсафин бақилық болды» деген суық хабар жетті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ол еліміздің ең белді самбошылардың санатында еді. Әуелі жасөспірімдердің, одан кейін жастардың әлем чемпионатында бас жүлдені олжалап, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанды. Бірақ нағыз жалындап тұрған шағында Қайрат өкпе дертіне шалдығып, үлкен спортан қол үзді. Десек те арманы асқақ жігіт қиындыққа мойыған жоқ. Оны өзіне берілген сынақ деп қабылдады. Керсінше, қайта қатарға қосылу үшін барынша күресті. Ақыры жаман аурудан арылғаннан кейін бауыры ыстық боз кілемге қайта оралды. Жай оралып қана қоймай, ересектер дуында өзін түбегейлі мойындатты. Күнсафин ел чемпионы атанып, әлем чемпионатында қола медальді мойнына ілді. Сөйтіп, кейіпкеріміз адамның мүмкіндігі шексіз екенін тағы бір дәлелдегендей болды.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Пайдалы қоспа жасаудың технологиясы табылды
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен студенттері «СҚ Протеин» ЖШС бірлесіп, қара мал мен жылқының терісінен белогы жоғары жемазық қоспасын шығарудың технологиясын жасап шығарды.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2025
Жол-көлік оқиғасын азайтудың бір шарасы
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 143 жол-көлік оқиғалары (ЖКО) тіркеліп, соның салдарынан 7 адам мерт болып, 200-ден артығы түрлі жарақаттар алған.
Мәдениет • 26 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Қытай гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
26 мамырда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Aport Mall әкімшілігі аквапарк маңындағы жағдайға ресми түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Ташкент тасжолында орналасқан Aport Mall West сауда орталығы жанындағы аквапаркта түсірілген видео кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
«AMANAT медиа сыйлығы – 2025» байқауы басталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистерге арналған жыл сайынғы республикалық байқаудың басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Мамыр, 2025
Үкіметте қазақ мұнайын тасымалдау мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізіп, мұнай тасымалы саласындағы ынтымақтастық пен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 26 Мамыр, 2025
Білім саласында зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуды оқу жылының соңына дейін қалдыру қажеттілігі жиі туындайды, себебі педагогтың ауысуы білім алушылардың оқуына кері әсерін тигізетіні анық, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Мамыр, 2025
«Путин есінен адасқан тәрізді». АҚШ Президенті мәлімдеме жасады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Владимир Путиннің әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Джерси штатында журналистерге берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2025
Астанадағы жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлінеді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елордада 14 200-ден астам оқушы мектепті аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
ҰБТ тапсырушылардың 62 пайызы шекті балл жинаған
Биыл 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізіліп, талапкерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 65 адам ағылшын тілінде тапсырған. Бірінші апта қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-ы шекті балл жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025
Әр ұлттың жүрегінде жер, ел, тіл, тәуелсіздік деген сынды қасиетті ұғымдар бар. Ал сол тәуелсіздіктің тірегі, оны нақтылайтын және қорғайтын құндылық – Ата заң. Ол – мән-мағынаға толы, тарихи және саяси салмаққа ие ұғым.