Ұл
Заң мен Тәртіп • 26 Тамыз, 2025
Еліміз мұнай алпауыттарынан $4,4 млрд айыппұл талап етті
Ел Үкіметі Қашаған кен орнын игеріп отырған халықаралық мұнай компанияларынан экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2,3 трлн теңге (шамамен $4,4 млрд) айыппұл төлеуді талап етті. Бұл шешім тамыз айының басында апелляциялық сот шетелдік инвесторлар пайдасына үкім шығарғанына қарамастан күшінде қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Тамыз, 2025
Елімізде қаржылық заңнама саласына реформа жасалады
Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат сотталды
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын заңсыз сақтап, сатқан бес азамат ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды прокуратура.
Экология • 25 Тамыз, 2025
Астанада 207 қоқыс үйіндісі жойылды
Астана қаласы әкімдігі қала және аудандарда тазалыққа қатысты мониторинг жүргізіліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Тамыз, 2025
Елімізде күріштің жаңа сорты шығарылды
«Сыр сұлуы» деп аталатын күріш сортын Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа сорттың ерекшелігі 105-110 күн ішінде пісіп-жетіліп, суды аз қажет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Министр Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласымен танысты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр алдымен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Халық қалаулылары ақсақалдармен кездесті
Жезқазған қаласында Қазақстан республикасының Мәжіліс депутаттары Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облысының ақсақалдар кеңесі және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Халық қалаулылары Мәжілістің атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Биыл Конституцияға 30 жыл. Осыған орай 31 тамыз күні елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі, республикалық патриоттық әндер байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» атты шығармашылық кешін ұйымдастырады.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президент «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Ағымсалы Дүзелханұлы өмірден өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов мезгілсіз дүниеден өтті. Қайғылы қазаны мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Атырауда «Потенциал Ойл» компаниясы 7,2 млн теңге айыппұл төледі
Атырау облыстық экология департаментінің мамандары аталған компания таратынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Тамыз, 2025
Жәнібек Әлімханұлының басы дауға қалды
Boxingscene.com және RingTV секілді БАҚ-та қызмет ететін америкалық журналист Франсиско А. Саласар қазіргі кезде көптеген боксшылар рингте кездесудің орнына бір-бірімен әлеуметтік желілерде айтысып жүргеніне теріс көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Тамыз, 2025
Ірі бизнес тарапынан несиеге сұраныс төмендеді - Ұлттық банк
2025 жылдың II тоқсанында бизнестің жалпы несиеге сұранысы тұрақты қалды. Алайда, ШОБ тарапынан белсенділік артса, ірі кәсіпорындар керісінше несие алуға құлықсыздық танытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Тамыз, 2025
Банктер жарты жылда 1,6 трлн теңге пайда тапты
Елдегі екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында 1,6 трлн теңге таза пайдаға шықты. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,1%-ға немесе 252,5 млрд теңгеге көп, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында жаппай сенбілік өтті
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Ақорда жаңалықтары Aitu платформасы арқылы да таралады
Бұл туралы бүгін Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Тамыз, 2025
AITU ұлттық мессенджеріне көшу мерзімі бекітілді
Үкіметте өткен жиында күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Тамыз, 2025
Тәжікстанда балгерге барғандарға айыппұл салынады
Тәжікстан билігі халық арасында кең тараған балгерлік пен көріпкелдікке қарсы күресті күшейтті. Asia-Plus мәліметінше, енді тек балгерлер ғана емес, олардың «қызметін пайдаланған» азаматтар да жазалануы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2025
Ұлытауда қой өсіру жобасы қолға алынды
Ұлытау облысында «5000 бас қой өсіру» жобасы басталды. Бұл ауыл шаруашылық саласына серпін беретін маңызды бастама, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытына 28 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысының экологтері «АМӨЗ» ЖШС тарапынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Шымкенттегі жаңа көлік өткелінің құрылысымен танысты
Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында Момынов көшесінде теміржол үстінен жаңа автокөлік өткелі бой көтеріп жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы нысан басында болып, құрылыс барысын көрді. Ол бұл жоба қаладағы қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, кептелістерді азайтып, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Ұлыбритания Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды қатаңдатуға дайын
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хилидің айтуынша, Украина өзінің болашағын айқындайтын келіссөздерге тікелей қатысуы қажет. BBC Radio 4 арнасына берген сұхбатында ол, Трамп пен Путин арасындағы жоспарланған келіссөздерден бөлек, Киев өз тағдырына қатысты шешім қабылдауда негізгі тарап болуы тиіс екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді
Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин «Жезқазған - Қызылорда» тас жолының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Ұлытауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 12 Тамыз, 2025
Жезқазғанда өткен көшпелі семинарда жаңа Салық кодексі түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру жөніндегі жүйелі жұмысы аясында Жезқазған қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың қатысуымен көшпелі семинар өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының облыстық филиалы алаңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Ұлытаулықтар ұлы ойшыл рухына тағзым етті
Ұлытау облысында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Ұлы Абайды ұлықтау күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара Абай ескерткіші жанында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Жамбыл мектептеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тағы да айыппұл салынды
Жаз айларында сот тәртібімен облыстағы 17 білім беру мекемесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 08 Тамыз, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары ерекше челлендж өткізді
Биыл 180 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатқан Ұлы ақын Абай мұрасын ұлықтауға Ұлттық ұланның әскери бөлімдері де белсенді түрде атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Тамыз, 2025
Бес жыл құлдықта болған жасөспірімнің оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желіде бес жыл бойы құлдықта жүргенін айтқан екі баланың видеосы жарияланғаннан кейін, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 08 Тамыз, 2025
Атырауда 7 баланың әкесі есірткі тұтынғаны үшін айыпталды
Сағыз ауылында тұратын Б.-ға марихуана тұтынғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігімен айып тағылған. Бұл іс Қызылқоға аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.