ек
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
«Қазақтелеком» жыл соңына дейін Tele2-ні сатады
Үкімет операторлар арасында бәсекелестікті орнату және сапалы тарифке қол жеткізу үшін компанияға осындай талап қойған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қаңтар, 2024
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ведомствоның 2023 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген 11 адамның мәселесін қарады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2024
Жас өнертапқыш жасанды интеллектіні алғаш рет қазақ тілінде сөйлетті
Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының жас тұрғыны, 11-сыныпта оқитын Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні алғаш болып қазақша сөйлеткенін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Қаңтар, 2024
Президентке халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Қарызын жаппақ болған ер адам бүйрегін саудаға шығарды
Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адамның ағза мүшесін сатудың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
ҰҚК темекі контрабандасының жолын кесті
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде құжатсыз алып өтпек болған темекінің ірі партиясының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 31 Қаңтар, 2024
UFC құрамына тағы бір қазақ спортшысы қосылды
Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсым өнер көрсететін әлемдегі ең үздік промоушен UFC-мен аралас жекпе - жек шебері Бекзат Алмахан да келісімшартқа отырды, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2024
Астанада вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан тұрғын ұсталды
Астана тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында қанша күн тіркеусіз жүре алады?
Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартады. Бұл туралы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 30 Қаңтар, 2024
«Зиярат туризмі»: Қазақстан-Өзбекстан арнайы жол картасын әзірледі
Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті аталған мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет арасында саяхатшылар ағынын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қаңтар, 2024
Қарағанды облысында жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Қарағанды облысына қарасты Ботақара кентінде 12 пәтерлі үйде жарылыс болып, 2 адам қаза тапқан еді. Аудан әкімі зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Қаңтар, 2024
ЖОО түлектері жұмыс іздеуге қанша күн жұмсайды?
Қазақстанның жоғары оқу орындарынан түлеп ұшқан жас мамандар жұмыс іздеуге орта есеппен 79 күн жұмсайды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Күрес түрлерінен биылғы Қазақстан чемпионаты Астана қаласында өтеді. 1-5 ақпан аралығында өрбитін ішкі біріншілікке ұлттық құрамаға мүше балуандардың басым көпшілігі қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстанда жасанды интеллект бойынша цифрлық платформа іске қосылды
Бүгін Astana Hub корпоративтік қоры ai.astanahub.com цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа платформа инновациялар мен әртүрлі салаларда жасанды зиятты қолдануға ықпал ететін бірыңғай кеңістікті қалыптастыру үшін үкіметтің, бизнес пен білім беру саласының күш-жігерін жұмылдырады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
Fa40 ашық чемпионаты: Қазақстан спортшылары екі медаль еншіледі
Мысырдың Гиза қаласында қаңтардың 23-28 күндері аралығында өткен пара үстел теннисінен Fa40 ашық чемпионатында отандастарымыз 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
«Арнайы алыстан келді». Жәнібектің анасы болуы мүмкін келіншек ДНҚ тапсырды
Белгілі журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған баланың анасын іздеу бойынша зерттеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2024
Трансшекаралық өзендер: Ортақ су мәселесі конвенция аясында шешіледі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқығы туралы конвенция аясында трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін шешуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Егде тартқан адамдар. «Күміс жас» жобасымен неше адам жұмысқа орналасқаны айтылды
2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) аясында 50 жастан асқан 15 166 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2024
«Талабың оң болсын». Бельгиялықтар асырап алған бала қазақ тілін үйренуді бастады
2004 жылы Арқалықтан шетел асқан қазақ баласы ана тілін үйренуді бастады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2024
Жетісуда оқушыларды тасымалдайтын автобус берілді
Жетісуда 336 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 129 мыңнан астам оқушы оқиды. Бүгінде 1708 бала шағын елді мекендерден қатынайтындықтан оларға тасымалдау ұйымдастырылған. Соған сай 67 көлік қызмет көрсетеді. Күні кеше жергілікті бюджет есебінен тағы 5 су жаңа автобус берілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2024
Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары тағы топ жарды
БҚО Бәйге федерациясы Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызығын тағы бірінші болып кескенін хабарлады. Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024
«1 мың теңгелік кроссовки»: Дүкен жариялаған акция айғайға ұласты
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт» сауда үйіндегі аяқ киім дүкені жариялаған акцияның соңы айғай-шуға ұласты. Кез келген кроссовка мың теңгеге сатылған акцияда жиналғандар киімге таласып, сауда орнындағы есік-терезе қираған.
Спорт • 26 Қаңтар, 2024
Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспортшы Александр Винокуровке Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырды. Бұл туралы министр Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 26 Қаңтар, 2024
Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында келісімге қол қойылды. Оған сәйкес Оксфорд университетінде енді қазақ тілін оқытуды бастау жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызмметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
«Арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз». Ақтөбе мектептері қатаң бақылауға алынды
Telegram арналарының бірінде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде террорлық сипаттағы іс-әрекет жасаймын деп қару-жарақтың суретін жариялаған. Осы хабарламадан кейін Ақтөбе қаласындағы мектептердің барлығы қатаң күзет режиміне көшті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 25 Қаңтар, 2024
Қағаз түрінде берілетін еңбекке жарамсыздық парағы алынып тасталды
Енді елімізде денсаулығына байланысты демалыс парағы тек электронды түрде беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке жарамсыздық қағазын алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 24 Қаңтар, 2024
Бас редакторлар «Тіл - қазына» орталығының жобаларымен танысты
Бүгін республикалық Бас редакторлар клубы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына арнайы келіп, ұйым жұмысымен танысты. Бас редакторлар клубының президенті, Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған клуб мүшелері ғылыми-әдістемелік және мемлекеттік тілді цифрландыру бағытындағы ІТ өнімдер туралы ақпарат алды.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Жол апаты қайғылы қазаға ұрындырды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Peugeot және Toyota Camry автомобильдері бетпе-бет соқтығысып, екі адам бірден қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.