у
Экология • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза бейсенбі» акциясы нәтижелі өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 5767 адам қатысып, 111 арнайы техника жұмылдырылды. Бірігіп атқарылған шара барысында 203 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 494 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, табиғатты жасылдандыру мақсатында 300 түп ағаш отырғызылып, 2230 метр қоршау мен 3500 метр қақпа түрлі түске боялды, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісу өнімдері елордада сұранысқа ие болды
Өткен демалыста Астанада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жетісу облысының тауар өндірушілері қатысып, елордалықтарға жалпы салмағы 155 тоннаға жуық 54 түрлі өнім ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен енді Атырау облысының прокуроры қызметін Мадияр Басшыбаев атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Ақтоғайлық кәсіпкер ауылына спорт кешенін салып берді
Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының тумасы, кәсіпкер Серік Қасымбеков туған еліне тарту жасап, 60 миллион қаражатқа заманауи спорт кешенін салып берді. Ел еңсесін көтерген бұл жаңалық ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қыркүйек, 2025
«Voice Beyond Horizon»: Димаш Құдайберген продюсерлік еткен жобасын таныстырды
Бүгін Астанада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген продюсерлік дебюті «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасын таныстырды. Еліміздің тарихи мекендері мен көз тартарлық табиғат құшағында түсірілген жоба Қытай Халық Республикасының Hunan Broadcasting System-мен бірлесе қолға алынған, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісуда отбасыға қолдау көрсететін тоғызыншы орталық ашылды
Жетісу өңірінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған тағы бір қадам жасалды. Ақсу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы іске қосылып, бұл облыс бойынша ашылған тоғызыншы нысан болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысы жылыту маусымына 100 пайыз дайын
Жылуға жауаптылардың мәлімдеуінше, Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Шымкент халықаралық әуежайы жаңа мәртебе алды
Шымкент халықаралық әуежайы RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесін алды. Әуежай жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Ернар Лазар Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Ернар Лазар ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Италия Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Футбол • 29 Қыркүйек, 2025
«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматыға Мадридтің әйгілі «Реал» клубы келді. Оларды әуежайдан қарсы алуға құлшынған жанкүйерлердің қатары өте көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Атыраудағы қонақүйде мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры қайтыс болды
Атыраудағы қонақ үйдің бірінде мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов өмірден өтті. Оның қазасына жүрек талмасы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр
Ұлытау облысында қыркүйек айының 27–29 күндері аралығында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтті
26–28 қыркүйек күндері Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті. Түркі дүниесінің рухани астанасында ұйымдастырылған додаға Азиямен қоса Еуропаның мықты триатлеттері жиналды. Барлығы 12 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқулықтарға сараптама жүргізіледі
Жаңа мектеп оқулықтарын сараптауды Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Бүгін басталатын шара 34 пилоттық мектепте жүргізіліп, 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтарды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Бас Прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды
Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Руслан Желдібай кейінгі кездегі кадрлық ауыс-түйіске қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кейінгі кездегі кадрлық ауыс-түйістің себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қырықтан кейін: Ер-азаматтар мен әйелдердің денсаулығында қандай айырмашылық бар?
Аяқталған аптада Алматыда Еуразияның жетекші дәрігерлері мен ғалымдары 45+ тақырыбында денсаулықты сақтаудың заманауи әдістерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жайлы тың ақпарат шықты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты заңсыз шығару фактілері бойынша жинақ иелеріне жауапкершілік жүктелмейді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысындағы үй ауласында жабайы сілеусін жүр
Ақмола облысында құтқарушылар, полицейлер мен орман қорғаушылары жеке үйдің ауласынан жабайы сілеусінді ұстады. Жыртқыш әлі бір жасқа толмаған бөлтірік болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2025
Бүгін, 28 қыркүйекте сағат 14:00-ден бастап жылу беру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда тұрғындарына таңертең хабарлама келді, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 28 Қыркүйек, 2025
Қазалыда аудан әкімі сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Қазалы ауданы тұрғындары 4 жыл мерзім қызмет атқаратын жаңа аудан әкімін сайлайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2025
Астанада шекарашы батырды еске алуға арналған турнир өтті
Елордада батыр, шекарашы Раджан Батркановты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 28 Қыркүйек, 2025
Шымкент әуежайы Еуропаның деректер базасына енгізілді
Шымкент халықаралық әуежайы жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайтын сертификатты алды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім етті.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Атырауда әлеуметтік қызметтерге арналған бірыңғай тарифтер бекітіледі
Атырау облысында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай тарифін бекіту көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынып жатқан 11 емдеу мекемесінің үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2025
Атырауда тұрақтандыру қорындағы көкөніс көлемі 50 мың тоннаға жетеді
Атырау облысында тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамту үшін көкөністер қорын 50 мың тоннаға жеткізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 28 Қыркүйек, 2025
Көлік өндірісі: жаңа жобалар және тұтынушы таңдауы
Елімізде көлік жасау өнеркәсібі соңғы жылдары қарқынды дамып, экономиканың маңызды драйверіне айналды. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестициялардың нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, автомобиль құрастыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Сала министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, биыл жаңа өнім шығару және зауыттарды жаңғырту бойынша 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылған. Соған орай көлік жасау ісінің жетекші зауыттардың бірі Hyundai Trans Kazakhstan өндірісінің жемісі мен жетістігін, жоба мен жоспарын сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz,
Алматы • 28 Қыркүйек, 2025
Алматыда екі жаңа автобус паркі мен газ толтыру станциясы салынады
Алматыда мегаполистің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Күн санап аумағы артқан шаһарда қоғамдық көлік жүйесін одан әрі жетілдіру маңызды міндет, деп жазады Egemen.kz.