м
Коронавирус • 19 Тамыз, 2021
16 өңір әлі «қызыл» аймақта тұр
2021 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияданды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2021
Тарихтан тамыр тартқан ынтымақтастық
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары болғаны белгілі. Бұл оқиға екіжақты ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын, қазақ-корей қарым-қатынастарының жаңа кезеңге көтерілгенін айғақтайды.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Жемшөп дайындау – жауапты міндет
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, жемшөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері мен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды.
Экология • 18 Тамыз, 2021
Балқаш суы қалпына келетін күн жақын ба?
Балқаш көлінің экологиясы туралы мәселеге «Egemen Qazaqstan» газеті үнемі үн қосып келеді. Бұған дейін біз бірнеше мақала әзірлеп, көл суының азаюы мен оған әсер етіп отырған жағдайларға тоқталған едік. Өйткені көлдің экологиялық ахуалы еліміздің ғана емес, дүние жүзінің назарын аударып отырған үлкен қатер екені анық.
Президент • 18 Тамыз, 2021
Президент Жолдауы қалай орындалуда?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының жарияланғанына таяу күндері бір жыл толады. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде халық назарына ұсынылған бұл құжатта белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуы, берілген тапсырмалардың орындалуы пандемия жағдайындағы еліміздің қазіргі сын-қатерлерді еңсере отырып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени бағыттар бойынша ілгерілеуіне оң ықпалын тигізіп отыр.
Бизнес • 18 Тамыз, 2021
Бастаған бизнесі тұралап қалғандарға көмек көрсетіледі
Пандемия кезінде жүрісінен жаңылып, табысынан айырылған кәсіпкерлер көп болды. Қолға алған жобасын пышыратып алғандар қатарында «Бастау Бизнес» жобасының түлектері де жоқ емес. Кәсіпкерлік негіздерін енді-енді меңгеріп, ел қатарлы табыс табуға кіріскен жоба түлектері күтпеген жерден қиындыққа тап болғаны белгілі. Мемлекет қолдауының игілігін көрген оларға тағы да бір мүмкіндік беріліп отыр. Қысқасы, індет қысқан күрделі кезеңде зардап шеккен жоба түлектері төмен пайызбен несие рәсімдей алады.
Әдебиет • 18 Тамыз, 2021
Өлеңдегі әуен туралы сөз қозғағанымызға да бірталай уақыт болды. Уақыт пен кеңістіктің арасын жіпсіз жалғап тұрған жалғыз ұғым да осы әуен болса керек. Ақын өзі айтқысы келген ойдың ішінде әуен төгіліп тұрады. Оны есту түйсігі жоғары адамдар ғана тез аңғарады. Мексикалық ақын Октавио Пас бұл турасында өз көзқарасын былайша тарқатады: «Бір шумақ өлеңді түсіну үшін алдымен оны есту керек, естігенде құлақпен емес, сана түйсігімен естіген дұрыс. Әр өлеңнің әуені әртүрлі». Бұған біздің тараптан қосарымыз, кей өлеңнің әуенін қайта-қайта естуден жалықпайсың. Біздің әдебиетімізде әне сондай әуезді, сиқырлы жырлар жазған ақынның бірі – Мейірхан Ақдәулетұлы.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Қазақстан Президент Архивінің қорқұрушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтан Жиенбаевтың туғанына биыл 100 жыл толады. Сұлтан Сүлейменұлы жайында жазуыма себепші болған ол кісіні осыдан бес жыл бұрын 95 жасқа келуіне орай Архив тарапынан құттықтап барған кездегі ізгі ниетпен айтқан сөздері, өнегелі, тәрбиелік мәні бар әңгімелерін естіп, жадымда сақтап қалғаным.
Тарих • 18 Тамыз, 2021
Өзбекәлі сынды тұлғаны еске түсіргенде алдымен ойға қасиетті Тайқазан оралады. Өйткені тайқазан халқымыздың құтына айналған, тәуелсіздіктің символындай жәдігер бүгінде еліміздің мақтанышы. Ал осы Тайқазанның құт болып құйылғанына 622 жылдан асыпты. Тайқазан туралы аз-кем мәліметке көз жүгіртсек, әлемдегі ең үлкен қазанның жалпы салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр болады. Оған бейсенбі күні су толтырылып, тәтті араластырылып қояды екен. Келесі күні, яғни жұма намаздан кейін тәтті су жұртқа таратылған. Одан кейін бос қазанға әркім өзінің әкелгенін, яғни саудагер – тиынын, қасапшы – етін, аңшы – терісін, шаруа бидайын салатын болған.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Қазақстандағы Ауғанстан елшілігі қызметін тоқтата ма?
Еліміздегі Ауғанстан мемлекетінің елшілігі жұмысын торқтатпайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Алматыда 300 мың түп ағаш отырғызылады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Алматы облысында ағасын өлтірген ер адам ұсталды
Алматы облысында екі ағайынды арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
СҚО тұрғындары Vеro Cell вакцинасымен егіле алады
Бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы қолжетімді, өңірге 13,5 мың доза препарат жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 18 Тамыз, 2021
Аллергиясы бар адамдар вакцина салдыра ала ма?
Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, аллерголог Рафаэль Розенсонның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаға аллериясы барлар адамдар сирек кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Қазақстандық авиакомпанияларға Ауғанстан үстінен ұшуға тыйым салынды
Қазақстандық авиакомпанияларға Ауғанстанға ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Ел өңірлерінің инвестициялық тартымдылығы бойынша рейтинг әзірленеді
Қазақстанда өңірлердің инвестицялық тартымдылығы рейтингі жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қазіргі кезде коронавирус індетін жұқтырудың дерегі Жамбыл облысында да көбейіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Тамыз, 2021
Колонияға есірткі кіргізбек болған
Сотталушы есірткі заттарын Нұр-Сұлтан колониясына кіргізуге тырысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 18 Тамыз, 2021
Оңтүстік Корея КХДР-ды келіссөз үстеліне оралуға шақырды
Оңтүстік Корея бірлестігінің министрі Ли Ын Ен КХДР-ны 2021 жылы келіссөз үстеліне оралуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz The Korea Herald сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 18 Тамыз, 2021
«Дельта» штамы 150-ге жуық елден анықталды
Бұған дейін ол 142 мемлекетте анықталса, бір апта ішінде көрсеткіш 148-ге жетті. Одан бөлек кейінгі күндері вирустың «альфа», «бета» және «гамма» штамдарының да таралу географиясы кеңейген, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Президент Ауғанстандағы қазақтарға қатысты маңызды тапсырма берді
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстан аумағында қазіргі уақытта қанша этникалық қазақ тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 18 Тамыз, 2021
Назарларыңызға Egemen Qazaqstan газетінің фото-тілшісі Ерлан Омардың Ақмешіт үңгірінен жолдаған суреттер топтамасын ұсынамыз. Табиғаттың тылсым құбылысы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
«Vero Cell» вакцинасы Маңғыстауға да жеткізілді
Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев Маңғыстауға Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді
Бүгін сағат 17.00-де Алматыға Ауғанстаннан 42 жолаушыны эвакуациялаған ұшақ қонды. 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері елге оралды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Тамыз, 2021
Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?
Украинада бір тәулікте COVID-19 жұқтыру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 18 Тамыз, 2021
Үш спортшымыз үстел теннисінен Австрия чемпионатына қатысады
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үш өкілі Австрия чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысының Сеулдегі Абай мүсінінің ашылуында сөйлеген сөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапары аясында Сеулдегі Абай мүсінінің ашылуында сөйлеген сөзі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2021
Түркістанда асыл тұқымды малға арналған субсидия сұлулық салонына берілген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының қатысуымен кеңес өтті. Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығын субсидиялау саласына кешенді талдау жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Биыл Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтылады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.