ек
Құтқарушы • 23 Ақпан, 2024
Полицейлер шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты
Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты. 22 ақпанда сағат 01:24-те «103» арнасының операторынан Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адамның көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 22 Ақпан, 2024
Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы анықталды
Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, деп жазады Egemen.kz Sport.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 22 Ақпан, 2024
«Бәйтерек» холдингінің басшысы Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Ақпан, 2024
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы – қола жүлдегер
Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-інші, жасөспірімдер арасындағы 30-ыншы, пара-спортшылар арасында 12-інші Азия чемпионаты басталды. Байрақты бəсекенің алғашқы күні қоржынға қола медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сүйеніп.
Тағайындау • 22 Ақпан, 2024
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына Асылбек Есімқанұлы Есенбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мектеп • 22 Ақпан, 2024
Биыл қанша мектеп салынатыны айтылды
Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Биыл 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Ақпан, 2024
Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды
Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту мақсатында әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2024
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берген колледж анықталды
Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан «Арнайы кәсіптік колледжде» оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Тайландпен шекаралас аймақта 100 ел азаматы құлдықта жүр - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр кейінгі 2 жылда Тайландпен шекаралас елдерде 200 отандасымыз құлдықта болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Британдық спортшылар «Көшпелілер ойындарына» қатысады
Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Медальді көп әкелетін спорт түрлерін дамыту керек – министр
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілген. Нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстарда 20-50 мың адамға 1 БЖСМ, облыстың әрбір ауданында кемінде 1 БЖСМ болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Заң • 21 Ақпан, 2024
Ел азаматтарының жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды
Халықтың жеке деректері сақталған мемлекеттік маңызды ақпарат жүйесіне қол сұққан азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Ақтау қалалық соты оны 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Ақпан, 2024
Елордада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2024
«Ер адамдар ренжімесін»: Президент қызметтегі әйелдердің үлесін жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын барысында Президент мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
1 наурызда Қазақстанда уақыт белдеуі ауысады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте мектептерде сабақтың басталу уақыты да өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект әлемді өзіне қаратады – маман
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-министрді тағайындап, құрамы қайта жасақталған Үкіметке зор жауапкершілік жүктегені белгілі. Сын сәтінде атқарушы органдардың алдында орасан тапсырма һәм халықтың аманаты тұрғанын ескерткен Президент бірнеше саланы дамытуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті. Соның ішінде жасанды интеллектіні дамыту, қолданысқа енгізу жайы да қамтылды. Даму үдерісінде Азия құрлығының алпауытына айналған Сингапур елінде генеративті жасанды интеллект өрісі бойынша ағартушылық қызмет атқаратын Әсел Мұсағалиева-Танг жуырда елге келді. Білікті маманмен сұхбаттасып, өркениеттің озық технологиясы саналатын өріс – жасанды интеллектіні өркендету жайын сұрадық.
Үкімет • 20 Ақпан, 2024
Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жобасын сынға алды
Бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиында Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда белгілі бір шикіліктер барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2024
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Ақпан, 2024
«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 20 Ақпан, 2024
Өзбекстан чемпионатында өнер көрсеткен боксшы Қазақстанға қоныс аударды
2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков Қазақстанға көшіп келді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссияның тексеру жұмысынан кейін осындай шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Театр • 19 Ақпан, 2024
Жыл ішінде «Гауһартас» қойылымы рекордтық көрсеткішке жеткен
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» музыкалық драмасын сахналағанына бір жыл толды. Аталған пьеса көрермен назарына 165 рет ұсынылып еліміздің театр кеңістігінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бахтиёр Саидовқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
«80 шақырым ұзап кеткен». Жоғалған 4 адам табылды
Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 19 Ақпан, 2024
Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі
«Zhas Project» жобасы аясында 18-35 жас аралығындағы 280 азаматқа 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Қаржылай грантты жеңіп алу үшін үміткерлер өз аймағындағы әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған жоба жоспарын ұсыну қажет. Өтінім 25 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Мәдениет • 19 Ақпан, 2024
Өзбекстан Жалаңтөс батыр туралы фильм түсірді
Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. Премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңына жоспарланған екен. O’zbekkino фильмнің трейлерін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Он облыста республикалық маңызы бар 18 жол жабық
18 ақпандағы қолайсыз ауа райына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар 18 автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Денелерінде сау тамтық жоқ. Асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған - Динара Зәкиева
Ұлытау облысында асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған. Оларды 5 жыл бойы қорқытып, ұлдың үлкенін фермада мал бағуға мәжбүрлеген. Арнайы комиссия тексеру барысында балалардың физикалық-әлеуметтік жағдайы жаға ұстатарлық екенін анықтады. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.