Ар
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Рим Папасын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды
Бүгін Рим қаласына Католик шіркеуінің өмірден өткен көшбасшысы Папа Францискті соңғы сапарға шығарып салу үшін 100-ден астам делегация келген. Жерлеу рәсімі сенбі күні таңертең өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 25 Сәуір, 2025
Жайлы мектептің жартысы - ауылда
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – заманауи, қауіпсіз әрі қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Қазақстан-АҚШ кино-фотоқұжаттарының көрмесі өтті
Алматыдағы Орталық мемлекеттік кино-құжаттар және дыбыс жазбалар архивінде 1940-1950 жылдар аралығында сақталған кино-фотоқұжаттар көрмесі өтті. Оған АҚШ консулдығы өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 25 Сәуір, 2025
Абай мұрасы түрік тіліне аударылды
Түркияның Ыстамбұл қаласында «Абай Академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Абай Даналығы. Abay'ın Bilgeliği» атты альбом-кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
АтМӨЗ мұнай өңдеу тарифін төмендетеді
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 мамырдан бастап көмірсутекті шикізатты өңдеу тарифі төмендетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Олимпиадашыларға 5 мың мен 250 мың доллар аралығында сыйақы жіберілді
Қазақстан Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру мақсатында ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2025
Президент денсаулық сақтау мен ойын бизнесіне қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Көкшетауда жылу жүйесі жаңғыртылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Президент Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Павлодарда мұнай өңдеу тарифі қымбаттайды
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де биылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифі өзгереді. Жаңа тариф тоннасына 35 400 теңгені құрайды (ҚҚС-ты есептемегенде), деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2025
«Батырларға тағзым» - Соғыс ардагерлеріне арналған онлайн-портал іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (batyrlarga-tagzym.kz) атты онлайн-порталды іске қосты. Жобаның мақсаты – соғыста ерлік көрсеткен азаматтар туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпарат жеткізу, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Сәуір, 2025
Параатлетшілер халықаралық бочча турнирінде екі медаль алды
Қарағандылық Анастасия Кутурман Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger халықаралық рейтингтік турнирінен қола медальмен оралды. Қазақстандықтар барлығы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағалары Қытайда бас қосты
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттарының төрағалары Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты ұйымдастырған ХХ кеңеске қатысу үшін Ханчжоу қаласында бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Елімізде болашақ судьяларды даярлау сапасы артады
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының IX Съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Ақтөбеде қайтарылған қаржыға медициналық нысандар салынады
Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ел қазынасына қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен аймақтағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау басталды
Шығыста аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринарлық шараларды жүзеге асыру барысында жалпы көлемі 4,7 миллион дозаға жуық вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Сәуір, 2025
Қарағандылық отбасы өздері асырап алған балаларды азаптап келген
Қарағандыда жетімдер үйінен 6 бала асырап алып, қызын күң, ұлын құл қылған отбасы сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Абай облыстық сотының жаңа ғимаратында азаматтарға қолайлы жағдай жасалған
Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдар нешеге сатылды?
23 сәуірде E-Qazyna электронды платформасында бес бірдей зергерлік бұйым бойынша аукцион түріндегі сауда-саттық өтті. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді.
Медицина • 24 Сәуір, 2025
Биологиялық белсенді қоспалардың сапасына бақылау күшейтіледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) айналымының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Бұл қадам халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушыларды сапасыз немесе қауіпті өнімдерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстамбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Бакуде латын қарпіндегі «Абай» романының таныстырылымы өтті
Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының («Абай жолы» романының алғашқы екі бөлімі) әзербайжан тіліндегі жаңа басылымы жарық көрген болатын. Бүгін Бакудегі Ататүрік орталығында осы туындының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2025
Еліміздегі 500-ден астам көшеге батырлардың есімі беріледі
Екі аптадан кейін Қазақстан халқы және бүкіл әлем тарихи маңызы зор Жеңістің 80 жылдығын атап өтпек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл атаулы күнге орай үндеу жасап, мерейтойдың ел үшін рухани және саяси маңызын ерекше атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 24 Сәуір, 2025
Ассамблея мүшелері мемлекеттік наградамен марапатталды
ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөз сөйлеп, елдегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Ауылдың орнында ескерткіш қалды
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сарыөзек ауылы болашағы жоқ ауыл санатына кіріп, осыдан он шақты жыл бұрын тұрғындары толық көшіп кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Сәуір, 2025
Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Азамат Салимбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 24 Сәуір, 2025
Елордада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Заңнамадағы жаңашылдық - инклюзивті болашаққа жасалған қадам
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған құқықтық негізді терең жаңғыртуды көздейтін заңнамалық бастамалардың кешені әзірленді. Ұсынылған шаралар білім беру мен тұрғын үй саясаты, әлеуметтік қорғау, көлік және мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтиды. Бұл өзгерістердің әрқайсысы – инклюзивті болашаққа жасалған қадам. Мұнда әрбір азамат өзін маңызды әрі қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеді, ал қоғамдық өмірге қатысу – ерекше жағдай емес, заңды құқық ретінде танылады.
Президент • 24 Сәуір, 2025
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.