қар
Кәсіпқой бокс • 30 Желтоқсан, 2021
Қанат Ислам «қатардағы қапшықпен» жұдырықтасады
Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 21 қаңтар күні өткізетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Желтоқсан, 2021
30 желтоқсанға арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 30 желтоқсанда валюта бағамы төмендегідей болды:
Білім • 29 Желтоқсан, 2021
Халықаралық пәндік олимпиадада жүлде алған оқушыларға қанша сыйақы беріледі?
Биыл Қазақстандық оқушылар халықарлық пәндік олимпиадада 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2021
KASE Қазақстан қор биржасы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге көтеріліп, 431,71 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда инфляция төмендеді - Ұлттық Банк
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2021 жылғы қарашада инфляция 0,7% құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш - 0,9% болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 28 Желтоқсан, 2021
«Канелоны» жеңетін боксшының есімі белгілі болды
Украиналық боксшы Евгений Хитров екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық оғлан Сауль «Канело» Альваресті жеңетін жалғыз боксшының есімін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Жан басына қаржыландыру қалай жанданады?
Жақында ғана облыстық мәслихат депутаттары бекіткен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру индикаторы санатына жеткіншектердің сапалы білім алуы мен денсаулығын қалыпты ұстау көрсеткіштері де кірді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы семіздікке шалдыққандар санын азайту, 14 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектерді жаппай спорттық үйірмелерге тарту, мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуы мен спортпен айналысуына жағдай туғызу жолдары қамтылды.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Қажет шаруаларға қаражат бөлінбеген
Табиғаттың жерүсті және жерасты байлығын тиімді пайдалану бүгінде өзекті болып отыр. Оның ішінде су мәселесі тіршілік көзі, ауыл шаруашылығы саласын алға бастырушы негізгі тетік болғандықтан, маңызы артып тұр. Әсіресе соңғы жылдары елімізбен қатар, су тапшылығы анық байқалатын Жамбыл облысында да бұл өзекті. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суды тиімді пайдалануға байланысты тапсырма берген болатын.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2021
Жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұрғанын құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Қарағандыда екі автобус соқтығысты
Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
54 млн теңге жымқырған балабақша қызметкері сотталды
Жамбыл облысында «Ақбота» балабақшасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтанда скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті
Бүгін елордадағы шаңғыроллер тас жолында «Қолжетімді спорт» жобасының бірінші маусымы Скандинавиялық жүріс фестивалімен жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ANTIKOR • 27 Желтоқсан, 2021
Қарағандыда кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде хабарлағандай, Қарағанды облысында заңнамалық тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Желтоқсан, 2021
Қателесіп аударған 800 мың долларды кері қайтармайды
«Талибан» ұйымының жетекшілері қателесіп, Душанбедегі Ауғанстан елшілігіне 800 мың доллар аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2021
ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында 24-27 желтоқсан аралығында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 24 Желтоқсан, 2021
KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы біршама төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2021
Ауыл тұрғындарының жанжалы атыспен аяқталды
Қарағанды облысының екі тұрғыны арасында жанжал шығып, атысқа ұласқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2021
Алматыда бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ абаттандыру бөлімінің басшысы мен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021
ШҚО-да қар көшкініне қарсы жасанды түсіру жұмыстары жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Желтоқсан, 2021
Елордада бейнероликтер байқауының жүлдегерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен бейнероликтер байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021
Алаяқтар қазақстандықтарды 17 млн теңгеге сан соқтырды
Шымкентте адамдарды алдап, ақшаларын иемденген екі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2021
Қаржы секторында клиент құқығы қорғалып жатыр ма?
Тұтынушылар құқығы – нарықтағы өзекті мәселе. Елімізде қаржы нарығы саласында құқығы бұзылғандардың өтінішін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарастырады. 2021 жылы агенттікке 27 мың өтініш келіп түскен. Соның 66 пайызы банктердің заңсыз әрекеттерімен байланысты екен.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2021
Сирия жөніндегі 17-ші халықаралық кездесу аяқталды
Елордада Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-ші халықаралық кездесу нәтижелі аяқталды. Бұл туралы Астана процесі аясындағы кездесуді қорытындылаған ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Оңталап Оңалбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021
Мамин «жасыл» энергетиканы дамытуды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында генерацияның жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылы 15%-ға дейін арттыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Желтоқсан, 2021
Мамин солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин алдағы жылы Қазақстанның Солтүстік және Шығыс өңірлерін газбен қамту жоспарын әзірлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 22 Желтоқсан, 2021
Асқар Мамин ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында өңірлер әкімдеріне халықты коронавирусқа қарсы вакциналау және ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2021
Теңіз кенішінде 39 мың жұмыс орны қысқарады
Алдағы жылы Теңіз кенішіндегі жобадан 39 мың жұмыс орны қысқарады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2021
Қарағанды облысында карантин талаптары жеңілдеді
Бұған өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы және аймақтың «жасыл» аймаққа кіруі ықпал етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2021
Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасады, оған жаңа айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2021
Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтан Құмтор іс бойынша барлық айыптар алынып тасталды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.