м
Ғылым • 14 Қыркүйек, 2021
АҚШ мамонтты қайта тірілтуді жоспарлап отыр
АҚШ-тың Colossal биотехнологиялық компаниясының зерттеушілері генетикалық технологияның көмегімен жойылып кеткен жүнді мамонтты қайта тірілтуге күш салмақ, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021
Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекке дейін созылған болатын. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жедел-тергеу тобының (ЖТТ) басшысы Хасановтың күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта болу уақытын екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзарту туралы өтінішхатын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
СБЕР мәселесі: Бағдат Мусин 500 миллионды қайда жұмсайтынын айтты
«eGov.kz» порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2021
Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Алматы облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
Ауласына қарасора өсірген ағайындылар ұсталды
Алматыда ағайынды екі жігіт ауласында 100-ге жуық марихуана бұтасын өсірген. Алматы қаласының полицейлері 33 және 31 жастағы ағайынды екі жігіттің заңсыз әрекетін анықтады. Жедел ақпарат расталып, күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2021
Қазақстан шахматшыларының АҚШ құрамасына әлі жетпеді
Қазақстан құрама командасы онлайн форматында өтіп жатқан шахматшылар Олимпиадасының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Жылыту маусымы қашан басталады?
Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин жылыту маусымы уақытында басталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
Шымкентте экономиканың барлық секторында оң өсім байқалады
ҚР Премъер-министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономикалық көрсеткіштердің орындалуы жөнінде хабарлама жасады, деп жазады Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021
Биыл көмір бағасы қанша болады?
Елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2021
Ерболат Досаев Ұлттық қордағы активтердің мөлшерін атады
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында Ұлттық қордағы активтердің мөлшерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021
Жұмыспен қамту жөнінде жүргізілген зерттеу нәтижесі жарияланды
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың жұмыспен қамтылу құрылымы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерімен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2021
Биыл мемлекет бюджетіне 7 триллион теңгеден аса кіріс түскен
Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке жеті триллион теңгеден аса қаржы түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Сенатта әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесі талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында өңірлердің күзгі-қысқы кезеңге дайындығы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
Алматы әуежайында вакцинациялау пункті ашылды
Алматы халықаралық әуежайында вакцинациялау пункті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2021
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджет атқарылуының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Еліміздің қай өңірлері жылыту маусымына дайын емес?
Бұл сұраққа Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2021
ФИДЕ өкілдері қазақстандық шахматшының өнерін бағалады
17 жасар қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның ойынын Халықаралық шахмат Федерациясы (ФИДЕ) ерекше бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Мектептерде санитариялық нормалардың сақталуын бақылауда ұстау қажет - Мамин
Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Қыркүйек, 2021
«Жасыл» аймақта жалғыз өңір тұр
2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді - Мамин
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қыркүйек, 2021
14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақта жырдың күйіндей деген сөз бар. Әңгімені жырдың күйіндей қылып жеткізетіндер болады. Ақ тазының алғанын айтып қоя салмай, әуелі қара тазының шалғанын, сол уақытта желдің қалай соғып, жалт бұрылғанда тымағының қисайып бара жатқанын, оны түзей бергенде ер-тоқымы ауып, аттан түсіп қала жаздап зорға түзеліп, міңгі торының жуастығынан аман қалғанын, жынды торы болғанда құлап мертігіп, не жаяу жете алмай қиырда қаларын бір қаперге салып өтіп, әйтеуір сөйтіп жүргенде ақ тазының түлкіні аузына түсіргенін әсірелеп айтқанда, аузыңның суын құртып қояды. Аз ғана дүниені жырдың күйіндей қылады. Бұлай әсірелеп сөйлеудің жақсы, жамандығы бөлек әңгіме.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Америкалық ақын Вирджиния Вулфтың «Джордж Элиот» атты эссесін парақтап қалсаңыз «Джордж Элиотты оқуға назар аудару – бұл адамдардың ол туралы көп білмейтінін түсіну», деп басталады. Шынында бір ақынды немесе қаламгерді тереңірек түсіну ең алдымен оның шығармашылығымен танысудан бастау алады. Талай ақынды қыл бабында жаратып, қолына қалам ұстатқан құдіретті поэзия Темірхан Медетбекке де өзгеше дес берді.
Театр • 13 Қыркүйек, 2021
Күләш Байсейітованың есімі берілді
«Астана Опера» Камералық залы Күләш Байсейітованың есімімен аталды. Осыған орай 13 қыркүйекте «Қазақтың бұлбұлы» концерті өтті.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
БҰҰ Ауғанстан үшін әлемге қол жайды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанның қиын гуманитарлық дағдарысқа тап болғанын айтып, халықаралық қоғамдастықтан көмек ретінде 600 миллион доллардан астам қаражат жинап беруін сұрап отыр.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Алматы мемлекеттік Қуыршақ театрындағы Момынжановтар отбасын әріптестері сыртынан «миллионер отбасы» деп әзілдейді. Әйтпегенде ше, бір кәсіп, бір театр, бір орта, бір отбасы ортақтастырған ерлі-зайыпты әртістердің екеуі де талантты, екеуі де еңбекқор. Отағасы Болат Момынжанов еліміздің мәдени кеңістігінде рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген үздіктерге берілетін «Сахнагер» Ұлттық театр байқауының жүлдегері болса, жұбайы Ұлбосын Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығын жеңіп алған. Театр өнеріндегі талантты әртістерге берілетін ең жоғарғы сыйлықты миллион теңгемен бірге еншілеген екеуі содан бері өз ортасында «миллионер отбасы» атанып кетті.
Театр • 13 Қыркүйек, 2021
Мерейлі маусымның шымылдығын түрді
Күз келсе, күзбен бірге театрлардың да мәуесін жайған ағаштай бойындағы бар жақсысын көрерменіне ұсынуға асығатын дағдысы биыл да сол қалыбынан айнымады. Елордалық театрлар бірінен кейін бірі жаңа маусымының шымылдығын түріп, астана халқын тамаша қойылымдарымен тәнті етіп үлгерді. Әйтсе де биылғы маусымның, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры үшін орны бөлек. Өнер ұжымы ХV мерейлі театр маусымының шымылдығын түрді.
Экономика • 13 Қыркүйек, 2021
Пандемия жағдайындағы экспорттық шектеу инвестициялық климатқа қалай әсер етеді? Бұл мәселе қазір әлем елдерін алаңдатып отыр. Алпауыт мемлекеттер шикізат кені деп табылған елдердің нарығынан айырылғысы келмесе, екінші ел ескі сүрлеумен жүргісі келмейтінін байқатты.