Қар
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Елордада «Kóshpendiler áýeni» IІ халықаралық этникалық музыка фестивалі өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы елордада «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестивалін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 17 Қазан, 2025
Тілсіз жауды тізгіндеген жылқышы
Бүгінгі бейбіт күннің батырлары – құтқарушылар. Табиғаттың тосын апатында тосырқап қалмай, өзге үшін өзінің жанын бәйгеге тігеді. Мәселен, кейінгі 30 жылда 72 құтқарушы өз борышын атқару кезінде қаза тапқан. Тәуекелге тәубе дейміз. Ерлердің батырлығы арқасында талай азамат ортамызда аман-есен жүр. Осындай қиын да қасиетті істің иелерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ерлігі мен еңбегіне жоғары баға берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Тимур Қорғанбекұлы: Құтқарушы қызметінде әр секунд маңызды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өмірін қатерге тігіп, әр күнін адамзаттың амандығына арнайтын бейбіт күннің батырларын Ақордада қабылдады. 19 қазан Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында бір топ маманның еңбегі еленіп, мемлекеттік наградамен марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 17 Қазан, 2025
Қазақстанның ТЖМ жетістіктері мен жаңа бастамалары жарияланды
2025 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық оммуникациялар қызметінде 19 қазан – Құтқарушы күніне орай баспасөз конференциясы өтті. Онда Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев сөз сөйледі.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Құтқарушы өзінің емес, өзгенің амандығын ойлайды - Шынболат Берікұлы
Қазан айының 19-ы – Құтқарушылар күні. Еліміздегі ең жауапты әрі қаһарман мамандық иелерінің мерекесі. Бұл күн – өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек ететін ер жүрек жандарға құрмет көрсету күні.
Президент • 17 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы: Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев мемлекет қаржысына қарап отыратын спорт федерацияларының басшыларын сынға алды
Президент тәртіп, жанашырлық, жәрдем беру секілді өмірлік маңызы бар қағидаларды қоғамда орнықтыру ісінде құтқарушылар өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2025
Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді
Бұқар жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин ауылында Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Енді Теміртауға дейінгі жол үш есеге қысқарды. Бұрын тұрғындар 40 шақырым айналып өтсе, қазір 12 шақырым ғана жол жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Қазан, 2025
Оқушылар арасында қаржылық сауат пен цифрлық қауіпсіздік бойынша олимпиада өтеді
Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауат пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада ұйымдастырады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қазан, 2025
17 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа райы негізінен ашық болады. Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Қазақстанға Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Қарағандылық таэквондошылар Италиядан олжалы оралды
Қарағандылық спортшылар Италияда өткен ITF таэквондо бойынша әлем чемпионатында жүлделі өнер көрсетті. Жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасындағы додада олар Қазақстан құрамасының қоржынына 21 медаль салды. Нәтиже: 3 алтын, 6 күміс және 12 қола, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар eGov және e-Otinish арқылы қабылданады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, ел азаматтары парламенттік реформаны талқылау мен оны жетілдіруге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президентін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды
Абай облысының Бородулиха ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз бала Семей қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
15 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспардың 102 пайызын құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Қазақстанда қаржылық сауатты анықтауға арналған тест өтіп жатыр
Республикалық FinIQ қаржылық сауат деңгейін анықтауға арналған тесттен өтуге 328 мыңнан астам өтінім тіркелген. Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған тестті төрт күннің ішінде 185 096 қатысушы тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қазан, 2025
Петропавлдың құтқарушылары бесінші қабаттағы пәтерінің балконына қамалып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қазан, 2025
Инвесторларға еурооблигацияларды орналастыруға қатысу енді оңайырақ болады
Қазақстан қор биржасы еуробондтар облигациялар бойынша есеп айырысудың жаңа тетігін іске қосты, бұл сатып алуға өтінім берген сәтте инвесторлардың қаражатын бұғаттамай-ақ, KASE алаңында бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуына мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 13 Қазан, 2025
Қаржы пирамидасы 59 азаматты алдап соққан
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Қаржы пирамидасының аймақтық бөлімшесін басқарғандар Көкшетау қаласында 59 азаматтың 136 миллион теңгесін заңсыз жолмен иемденген, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2025
Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Қазан, 2025
Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастаған
Қарағанды облысының Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 10 Қазан, 2025
Қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге ала алады
20 қазаннан бастап Қазақстанда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталады. Гранттың көлемі 1,5 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 10 Қазан, 2025
TurkicSkills-2025 чемпионатында Қазақстан 6 алтын алды
Осы айдың 4-9 күндері Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 1 «Үздік медальонмен» басты жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 10 Қазан, 2025
Төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жөніндегі жаңа тетіктің барысы талқыланды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасы шеңберінде нарыққа қатысушылармен төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жөніндегі жаңа тетікті талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Қазан, 2025
Алматыда ақылы автотұрақтар саны артады
Алматыда заманауи әрі ыңғайлы автотұрақ жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілмек, деп жазады Egemen.kz.