Соңғы жаңалықтар
Заң мен Тәртіп • 25 Желтоқсан, 2025
Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар
Жыл басынан бері Президент Мәжіліс қабылдап, Сенат мақұлдаған 82 заңға қол қойыпты. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін әлі де осы бағыттағы бірнеше құжатқа қол қоюы мүмкін. Ал сол заңдардың ішінде қоғамның талқысына көп түсіп, ел ішінде резонанс тудырғандары да жоқ емес. Мәселен, елдің ығырын шығарған электр самокаттар мен саудагерлерді сарсаңға салған салық жүйесін жүгендеп, жасанды интеллект, цифрлық даму бастамалары мен құрылыс заңнамаларын жүйелеген заңдарды атауға болады.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша
Дүниежүзі мемлекеттеріне бірлік формуласымен үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблесының 30 жылдық есепті мерзімге арналған мерейлі жылы да өз мәресіне жетті.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны
Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында Қостанай облысындағы №38 түзеу мекемесінің жанынан екі бірдей модульдік өндірістік ғимарат ашылды.
Партия • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміз бір палаталы Парламентке көшкен жағдайда депутаттар партиялық тізім бойынша сайланған жөн деп есептейді сарапшылар. Өйткені бұл жүйе кішігірім елдерде немесе унитарлы мемлекеттерде жиі кездеседі. Ал халықтың елдегі саяси партияларға деген көзқарасы мен сенімі қандай? Жалпы партияларды біле ме? Еуразиялық интеграция институтының жүргізген зерттеуіне сәйкес, ел тұрғындарының басым бөлігі «Amanat» партиясын атаған.
Зерде • 25 Желтоқсан, 2025
Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл
Ұлт-азаттық қозғалысының белсенді қатысушысы, биыл туғанына 145 жыл толып отырған Қоңырқожа Қожықұлы ең әуелі өзін жаңашыл мұғалім, табанды жәдитші ретінде танытқан-тұғын. Ол 1880 жылы Ресей империясына қарасты Түркістан өлкесі Перовск уезінің Хан ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданында) дүниеге келген.
Тұлға • 25 Желтоқсан, 2025
Жуырда елорданың С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында Астана қаласы білім басқармасы мен әдістемелік орталығының қолдауымен «Смағұл Сәдуақасұлы және заманауи білім беру құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды жиын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының өкілі, экономист, жазушы әрі журналист Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл толуына арналды.
Талбесік • 25 Желтоқсан, 2025
«Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркінде тағы бір ілбіске (қар барысы) GPS құрылғысы тағылды. Енді тағы екі қар барысына навигациялық құрылғы орнату жүзеге асырылмақшы. Бақылау құрылғысы орнатылған қарғыбау арқылы түз тағысының тыныс-тіршілігін бақылау жақсара түседі.
Экология • 25 Желтоқсан, 2025
Президент Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында Атырау жұртшылы-ғының экологиялық ахуалға алаңдайтынына назар аударды. Бұл мәселені бақылауына алғанына тоқталды.
Заң мен Тәртіп • 25 Желтоқсан, 2025
Шырша балталағанға батпан жаза бар
Үйіңізге жаңажылдық мейрам сыйламақ оймен өсіп тұрған жасыл шыршаны кесіп алсаңыз, ол жөнінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаңыз. Әр заңсыз кесілген шыршаға келтірілген залал мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 27 308 адам мүмкіндігі шектеулілер есебінде тұр. Оның ішінде 2 880 адам бірінші, 9 954 адам екінші, 9 612 адам үшінші топтағы мүгедек. Олардың қатарында 4 862 бала бар.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Жыл тоғысында жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы тағы бір жақсы жобаның тұсауын кесті. Өнер орталығының мың адамдық залына жиналған халық «Жыл таңдауы – 2025» атты кеште 15 аталым бойынша әр саладан іріктелген ілінген таңдаулыларға құрмет көрсетті.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Маусым айында облыс әкімінің бастамасымен «Туған жерге туыңды тік» деген кең ауқымды инвестициялық форум ұйымдастырылып, оған депутаттар, шетелдік, отандық инвесторлар, осы өңірден шыққан ірі кәсіпкерлер қатысып, Абай облысын дамытудың жоба-жоспары талқыланды. Облыс әкімдігі мен инвесторлар арасында 15 меморандумға қол қойылды.
Ғалам ғажаптары • 25 Желтоқсан, 2025
Италиядағы Губбио қаласының жанындағы Ингино тауы жыл сайын алып жарық инсталляциясына айналды. Бұл ерекше өнер туындысының контурлары шатыр тәрізді шыршаның сұлбасын құрайды.
«Таза Қазақстан» • 25 Желтоқсан, 2025
Мәдениет пен тәртіптің үйлесімі
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақтөбе облысында бірнеше бағытты қамтыды. Ерте көктемнен бастап күздің соңына дейін су нысандарының жағалаулары, көшелер мен елді мекендердің айналасы, мекемелер мен әлеуметтік нысандар тазартылып, гүлзарлар мен саябақтар абаттандырылды.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2025
Халықаралық валюта қорында – Қазақстан күні
Халықаралық валюта қорының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан күні» атты ресми іс-шара өтті.
Ғалам ғажаптары • 25 Желтоқсан, 2025
Харбин – Қытайдың қысқы астанасы. Бұл қала жыл сайын ауқымды мұз мүсіндері фестивалімен танымал. Алайда биыл қала әкімдігі алып аққала қалап таңғалдырды.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2025
Осыдан үш жыл бұрын Марқакөл ауданына қарасты Ақжайлау ауылы маңында «Сақ элитасының қорымын зерттеу» тақырыбында профессор, археолог Зейнолла Самашұлының жетекшілігімен қазба жұмысы басталған.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Атырау қаласындағы көшелер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен қызмет барысында көз жұмған полицейлердің есімімен аталатын болды. Шаһар мәслихатының сессиясында кейбір көшелер мен өткелдерге ерлікпен қаза тапқан ерлердің есімін беру туралы шешім қабылданған.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2025
E-museum бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді
Ұлттық музейде E-museum порталының ресми таныстырылымы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылып отыр.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2025
Тауар өндірушілер тізілімі іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы жұмыс істей бастайды. Ол e-ondiris.gov.kz сайтындағы барлық пайдаланушыға қолжетімді.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс
Президент әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет
Тұрғын үйлер сапалы салынуы қажет. Астана – құрылыс қарқыны бойынша елімізде көш бастап тұр. Бұл туралы Президент айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Инфрақұрылым • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Мемлекеттің табанды жұмысы арқылы елордаға газ құбыры тартылды
Мемлекеттің табанды жұмысы арқылы елордаға газ құбыры тартылды. Ал республика аумағындағы газбен қамту көрсеткіші 60 пайыздан асты. Бұл туралы Президент айтты, деп жазады Ақорда.
Алматы • 24 Желтоқсан, 2025
Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін
Алматының бас жоспарында мегаполис аумағын және оған іргелес елді мекендерді қамтитын үлкен айналма метро желісін салу, сондай-ақ жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосу қарастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 24 Желтоқсан, 2025
Қозыбаев атындағы университет жыл өткен сайын жаңғырып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз ЖОО – М.Қозыбаев атындағы университет биыл студенттер санын 5749 адамнан 6500 адамға дейін көбейтті. Олар бакалавриат, магистратура және доктарантураның 138 бағдарламасы бойынша білім алады. Халықаралық ынтымақтастық бойынша Аризона (АҚШ) және Қытайдың Солтүстік-Батыс университетінің қосдипломдық бағдарламасымен 1200 студент оқуда деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді
Атырау қаласындағы көшелер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен жұмыс кезінде көз жұмған полицейлердің есімімен аталатын болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды
Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды
Ұлттық музейде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.