ек
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайдан Тобыл қаласына шығатын екі көпір жабылды
Қостанайдан Тобыл қаласына қарай шығатын үш көпірдің екеуі жабылды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшті
8-9 сәуір аралығында Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының мектептері қашықтан оқыту режіміне ауысады. Қазір аталған елді мекендердегі колледждердің жартысы онлайн, жартысы офлайн жұмыс істеп жатыр.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Бейнеу ауданында мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді
Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданындағы 15 мектепте Атырау облысының Жылыой ауданынан келген тұрғындарға арналған эвакуациялық пункттердің орналасуына байланысты, сабақ дәстүрлі форматтан онлайн форматқа ауысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды
Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды еске алу рәсімі өтті
Осыдан тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстан батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Су деңгейі рекордтық көрсеткішке көтерілді
Бүгін таңертең «Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында плотинадан асқан судың деңгейі 2017 жылғы рекордтық көрсеткішінен (338 см) асып, 365 см-ге жетті.
Оқиға • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысындағы Құлсары қаласында екі адамның мүрдесі табылды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Талғат Нәрікбаев: Барлық университетті апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырамын
Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев ел Президентінің су тасқыны салдарына қатысты үндеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды
Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 07 Сәуір, 2024
Ниетіміз бұзылған: Жұбаныш Жексенұлы су тасқынының себебін атады
Танымал әнші, композитор Жұбаныш Жексенұлы еліміздегі төтенше оқиғаларға адамдардың өздері себепкер болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оның қолданылу аясы Қазақстанда ұдайы назар аударылып отырған мәселе. Тіл - бұл тек қана араласу құралы емес, сонымен қатар ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің және тарихтың бір бөлігі. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуына және оның барлық салаларда қолданылуына қоғамның назарын аудару өте маңызды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қанат Бозымбаев Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмысты үйлестіруге келді
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Ақтаудан атыраулық тұрғындарға 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа Маңғыстау облысының тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Хиуа қаласының тарихи орындарын аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге ежелгі Хиуа шаһарының тарихи орталығындағы «Ишан-қала» қалашығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Кейінгі аптада еліміздің бірнеше өңірінде орын алған су тасқыны халықты әбігерге салып қойды. «Атамекен» ҰКП су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетіп жатыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатты. Бүгінде оларға қажетті көмектер ұйымдастырылып, өңірлердегі кәсіпкерлер палаталары белгіленген алгоритм бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созды
Су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай ел азаматтарын жанашырлық пен бірлікке шақырды. Осы тұста Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері зардап шеккен өңірлерге алғашқылардың бірі болып көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Екі ел президенттері өнеркәсіп тауарлары көрмесін тамашалады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге өнеркәсіп көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Президент «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын «HIVA GILAMLARI» кілем тоқу фабрикасын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
БҚО-да 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар департаментінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланды. ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Руслан Қасымбаев облыстағы су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды
Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қзметіне сілтеме жасап.
Сенат • 05 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдімен қоштасу рәсіміне қатысты
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш Төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіні соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен қоштасу рәсіміне марқұмның жақын туыстары, достары, әріптестері, серіктестері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 05 Сәуір, 2024
Олжас Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды
Ақтөбе облысында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен селекторлік режимде өңірлік штаб басшыларының қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Электр қуатын үнемдейтін техникаларды қалай таңдау қажет?
Бүгінгі заманауи техникалардың барлығында оның электр қуатын қаншалықты үнемдейтіні көрсетілген белгілер бар. Мәселен, тоңазытқыш, кір жуғыш машина немесе жылытқышты дұрыс таңдау арқылы электр энергиясын тұтынуды айтарлықтай азайтып коммуналдық төлемдер ақысын азайта аласыз. Әрі отбасы бюджетіне ғана емес, экологияға, тіпті елдің энергетикалық жүйесіне қамқорлық жасап отырмын деп біліңіз.
Үкімет • 05 Сәуір, 2024
Олжас Бектенов ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Көмек қолын созғандар көбейіп жатыр
Қарғын су басқан аймақ тұрғындарына жиналған гуманитарлық көмек бүгінде 30 тоннадан асты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Бұл - Валери: Бельгияда өскен қазақ баласы асырап алған анасын көрсетті
Қазақстанда туып, Бельгияда өскен, енді биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған анасын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жеделхат жолдады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.