у
Оқиға • 21 Қазан, 2025
Әскерилер ауа райын болжаудың тиімді тәсілдерін пысықтады
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери метеорологтары болжау мен гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңа деңгейге көтеріп жатыр. Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтында және «Айбын» әуеайлағында өткен жаттығуларда мамандар заманауи техникамен жұмыс істеу шеберліктерін жетілдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Қазан, 2025
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды
Қазақстанда 1 тамызда басталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды. Санақ БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ауыл шаруашылығы санақтарының оныншы Дүниежүзілік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып, ел бойынша шамамен 1,6 миллион үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы субъектісін қамтыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қазан, 2025
Бектенов: Газбен жылыту жүйесі бар әр үйде міндетті түрде ескерту датчигі орнатылуға тиіс
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі тұрғын үйлерде газды қауіпсіз пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. Ол улану оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Екі ел басшыларына Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды
Мемлекеттер басшыларына қазақ-әзербайжан мамандарының Орта дәлізді дамыту бойынша атқарып жатқан жүйелі жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Ұлытау ауданында жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Игі іс ауданның туризм әлеуетін арттыру мен ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін қолға алынған кешенді шараның бірі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
KIA компаниясы корпоративтік оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашу шарасына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі жеделдетілді
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қайта қаралып, артық шығындар жойылды. Нәтижесінде балама препараттардың құны түпнұсқа дәрілерге қарағанда 30 пайызға дейін арзандады. Тек ең жоғары шығынды ТОП-20 дәрі түрі бойынша күтілетін үнем көлемі 12 млрд теңгегені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Қазан, 2025
Елімізде соңғы үш жылда 633 медициналық нысан бой көтерді
Соңғы үш жылда ел аумағында 633 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың қатарында Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталық пен Шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматы қаласындағы Инфекциялық аурулар орталығы секілді ірі жобалар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қазан, 2025
Елімізде сәби өлімі 20,2%-ға төмендеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында берілген тапсырмалар аясында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі кешенді жаңғыртудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 21 Қазан, 2025
Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады
Еліміздің қалаларында интернетке жаппай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Жоспарды жүзеге асыру барысы бүгін Үкімет отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Қазан, 2025
БҚО-да оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды
Мектеп оқушылары арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласында 1300-ден аса пәтерге жылу беру шектелді
Бүгін Ақтаудың жылу желілерінде ақау анықталып, шектеу шаралары қабылданды, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Мереке алдындағы тәлімді кездесу
Солтүстік Қазақстанның полиция ардагерлері Республика күні қарсаңында жас қызметкерлермен кездесті деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Қазан, 2025
Жел, тұман, үсік: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Синоптиктердің хабарлауынша 21–23 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жансарай • 20 Қазан, 2025
Жас буынға Алаш мұрасы түсіндірілді
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері елордадағы 73 мектептің 8-10 сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шара – тарих пәнінің мұғалімі Гаури Жомартованың «Алаш заңгерлері: тәуелсіздік пен сабақтастық тақырыбын зерттеуде инновациялық әдістерді қолдану» атты авторлық бағдарламасы аясында маңызды кездесуге айналды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Қазан, 2025
Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салынады
«ERG» мен Австрияның «Primetals Technologies Austria GmbH», АҚШ-тың «Midrex Technologies Inc.» компаниялары Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жөнінде стратегиялық келісім шарт жасасты. Келісім аясында зауытқа қажет тұтас инжиниринг пен негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2025
Елімізде судың тарифі арзандай ма
Қазақстанда ауыз су тарифін реттеу жүйесіне өзгеріс енгізілді. Енді аймақтық мәслихаттар тұрғындар үшін бір текше метр ауыз судың бағасын өз бетінше бекіте алады. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қазан, 2025
Сурдлимпиада ойындарына Қазақстаннан 79 спортшы қатысады
XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары қараша айының 15-26 күндері аралығында Жапонияның бас шаһары Токиода өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтауда қазақ өнері мен әдет-ғұрыпы насихатталды
Ақтаудағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алаңында «Қазақ өнері мен әдет-ғұрып фестивалі – Ұмытылмас өнер» мәдени іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қазан, 2025
Павлодар облысында аң аулауға кеткен адамның денесі табылды
Павлодар облысында 10 қазан күні екі ағайынды аң аулауға шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы хабар тек 17 қазанда түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қазан, 2025
Елде жалпы 26,3 млн тонна астық жиналды
Агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде өтіп жатқан егін жинау науқанының аяқталуына аз уақыт қалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қазан, 2025
Қазақстандық оқушыларға 7 күн демалыс беріледі
Ел мектептерінде бірінші тоқсан аяқталып келеді. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 20 Қазан, 2025
«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды
Оны ойлап тапқандар – Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев. Олардың жобасында автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және ЖИ элементтері біріктірілген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қазан, 2025
3 отандасымыз спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының финалына өтті
Джакартада спорттық гимнастикадан әлем біріншілігі өтіп жатыр. Дүбірлі доданың финалына үш қазақстандық гимнаст жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қазан, 2025
Алдағы үш жылда 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Елімізде шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамту қарқынды жүріп жатыр. 2027 жылға дейін үш мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Елордада «Kóshpendiler áýeni» IІ халықаралық этникалық музыка фестивалі өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы елордада «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестивалін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жеткен
Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жетіп, толыққанды жөндеуді қажет етеді. Инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғары болуы салдарынан жыл сайын қалада шамамен 1500-ге жуық апаттық жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сумен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге елеулі кері әсерін тигізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қазан, 2025
Владимир Кривенцов Алматыдағы марафон кезінде қайтыс болды
Кеңес Одағының спорт шебері, теңіз көпсайысы мен шаңғы жарыстары бойынша шебер атанған, сондай-ақ полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлерінен Қазақстан чемпионы әрі бірнеше дүркін жүлдегері Владимир Кривенцов Заилий Алатауында өткен жарыс кезінде өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 20 Қазан, 2025
«Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметінен кетті
«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек қызметінен кеткені мәлім болды. Ол бұл қызметті наурыздан бері атқарып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.