м
Экономика • 18 Қараша, 2021
Қазақстан мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр
Қазақстан мұнай өндіру көлемін 2026 жылға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қараша, 2021
Сәуле Омароваға ұрлық жасады деген айып тағылды
АҚШ Республикалық партиясының бас медиаресурсы, Fox News телеарнасы Қазақстан тумасы, президент Джо Байденнің ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысына ұсынған кандидаты Сәуле Омарованы 26 жыл бұрын ұрлық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
Ақмолаға Pfizer-дің 35 мыңнан астам дозасы әкелінеді
Биылғы оқу жылының басынан бері Ақмола облысында оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 1202 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қараша, 2021
Рада депутаты: «Қырымды Ресейдің ішкі мәселеге араласпауы үшін берді»
«Оппозициялық платформа — Өмір үшін» партиясынан сайланған Рада депутаты Илья Кива RTVI-ге берген сұхбатында 2014 жылы Украина билігіне келген күштер Киевтегі өз позициясын сақтау үшін Қырымның Ресеймен қайта қосылуына кедергі келтірмеуге келіскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2021
Ұлттық экономика министрі 3 жылдық бюджет шығыстарын жариялады
2022 жылы республикалық бюджет шығыстары 15,9 трлн теңге болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
Жамбыл облысында жолдар бүкіл бағыт бойынша ашық
Жамбыл облысында барлық автожолдар ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 18 Қараша, 2021
Головкин «Канело» үшін салмақ қосуға дайын – промоутер
Орта салмақ дәрежесінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесу үшін екінші орта салмақ дәрежесіне көтерілуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2021
Алматы метросында шу шығарған үш жігіт жауапқа тартылды
Алматы метросында жолаушыларға бейбастақ (пранк) жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
Терроризмді насихаттаған Арыс тұрғыны ұсталды
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни-экстремистік бағыттағы материалдарды интернетте тарату дерегін анықтап, жолын кесті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 18 Қараша, 2021
Коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
Әулиеаталықтар әбігерге түскен күн
Апта басында «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалы 15 қараша күні түнде және таңертең аймақтың таулы аудандарында, сондай-ақ 17 қараша күні облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында қалың қар жауатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ осы күндері облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтілетінін де мәлімдеген.
Экономика • 18 Қараша, 2021
Ғылыми жетістіктер – Тәуелсіздік жемісі
Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы аграрлық ғылым қазіргі кезеңде көптеген аяқталған әзірлемеге ие. Қазақстандық ғалымдардың мал шаруашылығы селекциясы мен технологиясындағы ғылыми жетістіктері айтарлықтай салмақты. Бұл олар құрған жоғары өнімді тұқымдарда, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымішілік және зауыттық түрлерінде, ресурс үнемдеу технологияларында растау тапты.
Сұхбат • 17 Қараша, 2021
«Архив қорының 3 пайызы «құпия» белгісімен жабық тұр»
Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толды. Бұл айтулы мерейтой ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өткенге үңілсек, құжатсыз архив, архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды. Бұл – аксиома. Сол себептен де егемендігіміздің құжаттық негізі болып саналатын қасиетті қара шаңырақтың ғасырлық мерейтойы – ел тарихындағы айтулы оқиға. Осы орайда Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебаймен әңгімелесуді жөн көрдік.
Қазақстан • 17 Қараша, 2021
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жинақы және тиімді атқарушы билік құру мақсатында 2014 жылғы 25 тамызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес 436 мемлекеттік функцияны жоғары тұрған деңгейлерден төмен тұрған деңгейлерге беру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыс әлі толық аяқталып болған жоқ.
Бокс • 17 Қараша, 2021
Орта салмақта жұдырықтасатын Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) өзінің келесі кездесуін 29 желтоқсанда Жапонияның Сайтама қаласында 35 жастағы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өткізеді. Бұл – отандасымызбен айқасатын Күншығыс елінің үшінші өкілі. Ал жалпы кәсіпқой бокстағы қырық төртінші қарсыласы.
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
Алматыда жол апатынан екі адам көз жұмды
Тағы да қайғылы оқиға. Алматы-Өскемен тас жолында көлік апаты болып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек • 17 Қараша, 2021
Сарапшы: Шавкат Рахмонов 2023 жылы чемпион атанады
Нидерландылық журналист Марсел Дорф UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қашан чемпиондық шайқасқа шығатыны туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Кәсіпқой бокс • 17 Қараша, 2021
Тим Цзю қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті
Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде өз уақытында әлемнің абсолютті чемпионы болған Костя Цзюдің ұлы Тим Цзю кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, екі белбеуін сәтті қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 17 Қараша, 2021
Биылғы 10 айда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 10,6%-ға өскен
Сенатта балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыдан реттеу, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 17 Қараша, 2021
«iGEM Қазақстан» жаһандық байқауда алтын медаль иеленді
Назарбаев Университетінің студенттерінен құрылған iGEM Қазақстан командасы Халықаралық генетикалық инженерлік машина (iGEM) байқауында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қараша, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
Қазақстандық мобилографтар алғаш рет Шымкентте бас қосты
Шымкент қаласында алғаш рет Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында мобилографтардың «Shymkent Mobilography Fest» республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
Атырау университетінде М.Дорофеевтің аудиториясы ашылды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде Дорофеев Михаил Викторович аудиториясының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды
Маңғыстауда бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.
Білім • 17 Қараша, 2021
Мұғалімнен басы артық есеп сұраған басшы жауапқа тартылады - Асхат Аймағамбетов
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат мәжілісінде педагогтерді артық есептіліктен босатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қараша, 2021
А.Мамин құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қараша, 2021
Президент Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап. .
Руханият • 17 Қараша, 2021
Нұр-Cұлтан қаласының Мемлекеттік архиві Атырау облысының Мемлекеттік архивімен бірлесіп, «Атырау Тәуелсіздік жылдарында» атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Оның арты «Елорда архивінің фотоқұжаттарындағы қала тарихы» атты бірлескен іс-шараға жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қараша, 2021
Қазақстан экономикасы өндірістің пандемияға дейінгі деңгейіне жетті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қараша, 2021
Тұтыну тауарлары импорттың негізгі драйверіне айналды
Қазақстанның мұнай мен металл сынды негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағаның айтарлықтай өсуіне қарамастан, төлем балансының ағымдағы шотында тапшылық бар. Алдын ала бағалау бойынша, 2021 жылдың 9 айында оның деңгейі (-)3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем балансы департаментінің сыртқы секторды талдау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова тұтыну тауарлары импортының төлем балансы мен теңге бағамына қысымы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.