м
Аймақтар • 25 Қараша, 2021
Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды
Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2021
«Болашақ» қоры Тәуелсіздік тойына соңғы жобалары «Энканто» фильмін тарту етпек
Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен Walt Disney Pictures студиясының «Энканто» анимациялық фильмінің премьера алдындағы көрсетілімі болды. Бұл – «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша ең жоғары стандарттар бойынша қазақ тіліне дубляждалып отырған 38-ші кинокартина, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Қараша, 2021
Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымға тағайындалмай қалуы мүмкін
Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ-та жоғары лауазымға тағайындалуына конгресстегі бірқатар демократ қарсылық білдірді. Осыдан кейін Омарованың бұл лаузымға тағайындалмай қалуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қараша, 2021
Жамбыл облысының тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды
Жамбыл облысының ауыл тұрғыны қару-жарақ арсеналын сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жекпе-жек • 25 Қараша, 2021
Бос сөзді ұнатпаймын, Чимаев хайп жасап жүр – Шавкат Рахмонов
Жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-ге ауысқалы бері де жанкүйерлерді жеңістерімен қуантып келе жатқаны мәлім. Ол жартылай орта салмақтағы танымал спортшы Хамзат Чимаевпен кездесуге шығу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 25 Қараша, 2021
Алда чемпиондық жекпе-жек күтіп тұр – Жәнібек Әлімханұлы
Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желілерде осы жылы жақсы қарсыластарды жеңгенін жазып, алдағы уақытта чемпиондық шайқасқа шығудан үмітті екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қараша, 2021
Пандемия әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбеюіне әкелді - БҰҰ
COVID-19 пандемиясы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының артуына әкелді. Жүргізілген сауалнама кезінде әрбір екінші әйел өзі немесе танысының отбасы мүшесі тарапынан қатыгездікке ұшырағанын айтты. Бұл туралы БҰҰ-ның Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою бойынша күрес күні қарсаңында ұсынған жаңа баяндамасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2021
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алудың жолы қандай?
2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 94,9 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 70,2 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 25 Қараша, 2021
Екі өңір «қызыл» аймақта қалып отыр
2021 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Интерполдың Бас Ассамблеясында полиция ынтымақтастығы талқыланды
Интерполдың Бас Ассамблеясында Қазақстанның Ішкі істер министрі халықаралық полиция ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2021
БҚО-да медбикенің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды
Жаңақала аудандық ауруханасына медбике ретінде жұмысқа орналасқан 37 жастағы азаматшаның медициналық білімі туралы дипломы жалған екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Азаматтық форум: ҮЕҰ мен билік институттарының қатынасы
«Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстанның X Азаматтық форумы аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен «Үкіметтік емес сектор мен билік институттарымен өзара іс-қимыл серпіні» атты фасилитациялық сессия ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Қараша, 2021
Магистратураға түсу үшін жеті мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстандықтар магистратураға түсу үшін жеті мыңға жуық өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Қараша, 2021
Ертең қар, күшті жел, көктайғақ болады
«Қазгидромет» мамандары 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
«Екатеринбор-Алматы» тас жолында апаттан екі адам көз жұмды
Ақмола облысындағы «Екатеринбор-Алматы» тасжолында екі жеңіл автокөлік бетпе бет соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қараша, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Бозымбаевтан үшінші өңір де үлкен табандылық күтеді
Бүгін жер жәннаты Жетісу жеріне, Алматы облысына жаңа әкім таныстырылды. Жалпы Қазақстанда ең көп облыс басқарған әкім Бердібек Сапарбаев екен. Ол бес облыстың басшысы қызметін атқарса, Алматы облысын басқаруға барған Қанат Бозымбаев осымен үшінші өңірдің тізгінін қолға алып отыр. Қанат Бозымбаев қызметтік мансабында сан түрлі жолдан өткен. Ол 2009 жылдың қарашасы мен 2013 жылдың желтоқсан айлары арасында Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарса, 2013 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың наурызына дейін Павлодар әкімінің қызметін атқарды. Одан кейін 2016-2019 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрі болды. 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президентінің көмекшісі ретінде қызметте ысылған Бозымбаевқа облыс әкімі болу – таңсық жұмыс емес...
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Жетісудағы 7 жыл: Баталов қандай әкім болды?
Бүгін Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Біз экс-әкімнің соңғы 2020-2021 жылдардағы ауыз толтырып айтуға болатын жұмыстарына қатысты шағын шолу жасап көрдік.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Елімізде Қазақстан есімді 24 адам бар
Елімізде 24 адам Қазақстан есімімен аталса, 28 адам Семей қаласының атына ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Қараша, 2021
Қырғыз саясаткері Қазақстан азаматтығын алды деген күдікке ілінді
Қырғызстан депутаттығына кандидат Медербек Саққараевта Қазақстан азаматтығы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. ОСК ақпаратты тексереді, береді Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
«ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме» атты үш томдық шықты
Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Заң ғылымын дамытудың жаңа көкжиегі және ұлттық заңнаманы жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпқой бокс • 24 Қараша, 2021
Головкин орта салмақтың королі бола ала ма?
Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн бүкіләлемдік бокс ұйымына және бүкіләлемдік бокс кеңесіне WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде мен WBC чемпионы Джермалл Чарло арасында жекпе-жек ұйымдастыру мәселесімен қайырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2021
Ел аумағындағы жолдар неге ақылы? Министрлік түсінік берді
Бұл туралы ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Қазақстандық оқушылар қайырымдылық акцияларын бастады
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Алматы қаласындағы халықаралық «Мирас» мектебі 29 қараша мен 10 желтоқсан аралығында қайырымдылық мерекелік акциялар сериясын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
ҚХА Хатшылығының кеңейтілген жиналысы өтті
2021 жылғы 23 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілхановтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазандағы ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Күштік құрылымдардың, әскери күштердің қатарында ерекше әзірлігімен, физикалық-моральдық тұрғыдан іріктелген, кез келген қауіпті тапсырманы орындауға әзір арнайы жасақтары, бөлімшелері бар екені белгілі.
Кәсіпқой бокс • 24 Қараша, 2021
Сарапшылар Әлімханұлы мен Кроуфордтың техникасынан ұқсастық іздеді
Ресейлік «Бокс-баршаға» («Всем бокс») Youtube-арнасының жетекшілері қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жартылай орта салмақтағы әлем үздігі Теренс Кроуфордтың техникасынан ұқсастық іздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Жастарды жұмыспен қамту: Шымкентте үш жақты меморандумға қол қойылды
Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында жұмыссыз жастарды қала аумағында орналасқан индустриалды аймақтардағы кәсіпорындарға жұмыспен қамту мақсатында «Оңтүстік-Қазақстан металлургиялық компаниясы», «Китайско-Казахстанская марганцевая индустриальная группа», «Шымкент металлургиялық компаниясы-ШМК», «Абайл өндіріс» ЖШС-лері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен өзара бірлескен меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2021
Мүгедектік жәрдемақы ең төменгі жалақыға да жетпейді – депутат
Бүгінгі таңда Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 702 мың адам тұрады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.