от
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Берденовке оқ атқан Ернар Жиембай сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді
Бірнеше айдан бері қоғамда қызу талқыға түскен Берденов пен Жиембайға қатысты іске ақыры нүкте қойылды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев 20 тамызда Ернар Жиембайды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сотта Е.Жиембай үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 20 Тамыз, 2025
Қытай бала туатын робот ойлап тапты
Қытайдың Гуанчжоу қаласында орналасқан Kaiwa Technology компаниясы адам баласын жасанды жолмен дүниеге әкелетін жаңа технологияны таныстырды. Инженерлердің айтуынша, бұл жоба әйелді ауыр жүктіліктен толықтай босатып, ұрпақ әкелудің тың мүмкіндігін ашады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 20 Тамыз, 2025
Р.Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты
Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Қызылорда тұрғыны туған қызын балағаттаған
Қазалы аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Тамыз, 2025
Алматыда иығы 13 рет шыққан науқасқа күрделі ота жасалды
Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың ортохирургия бөлімшесінде заманауи артроскопия әдісімен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Қазақстан 456 теміржол локомотивін сатып алады
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтты. Бүгінгі таңда елімізде 1,9 мың локомотив бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Прокурор Берденовке қастандық жасаған айыпталушыға 11 жыл жаза сұрады
Мемлекеттік айыптаушы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша айыпталушыға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Ернар Жиембай Руслан Берденовтен кешірім сұрады
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісі бойынша сот өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай жәбірленуші шенеуніктен кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Велотректен ел чемпионаты басталды
Спорттың бұл түрінен ел біріншілігі Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Түркістанда «Мерейлі отбасы –2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық деңгейде 12 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына 198 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 27 отбасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған шекарашы
Бүгін Астана қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалында ел шекарасының шегенделгеніне 33 жыл толуына орай фотокөрме өтті. Бабадан қалған байтақ даланы кірпік қақпай күзететін қырағы қызметтің сан қыры таспаланған суреттерді аға лейтенант Асхат Сәбиев түсірген. Ол 15 жылдық еңбек жолында қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Үкіметте егін жинау науқаны қарсаңында жедел штаб отырысы өтті
Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Ұлытауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Тамыз, 2025
Отандық ғалымдар су электр стансасын жасады
Еліміздің зерттеушілері құрастырған шағын су электр стансасы сынақтан өтті. Қондырғы жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіретін кәсіпорынға орнатылды. Станса тот баспайтын болаттан жасалған және толықтай герметикалық, коррозияға төзімді қаптамамен қорғалған. Құрал ерітінді жүретін құбырға тікелей орнатылады да, ағын қозғалысынан электр энергиясын өндіреді, тіпті агрессивті ортада да жұмыс істей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Өзге елдегі қарулы қақтығысқа қатысқан атыраулық 5 жылға сотталды
Атырау қаласы тұрғынының Донецк облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны анықталды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Тамыз, 2025
Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіріп, оқ-дәрілерді сақтағаны үшін 20 жылға сотталды
Түркістан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 287-бабының 3-бөлігі («Оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау») бойынша айыпталған азаматтың ісін қарады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Тамыз, 2025
Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық сотқа шағым түсірді
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның қорғаушысы үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Тамыз, 2025
Атырауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды
Атырау қаласынан Индер ауданына қатынайтын жолда «ГАЗель» мен «Suzuki» мотоциклі соқтығысты. Соның салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 11 Тамыз, 2025
Оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды
«Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытайдың Макао қаласында өткен халықаралық робототехника чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Тамыз, 2025
Әділет министрлігі құқықтық рәсімдерді жеңілдетіп, сот төрелігінің қолжетімділігін арттырады
Әділет министрлігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі негізгі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары ведомство заңнаманы жетілдіру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін барынша қолжетімді ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Тамыз, 2025
Зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент талап етті
Атырауда 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересінен алимент төлеуді талап етіп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Тамыз, 2025
Атырауда жыл басынан бері 71 адам банкрот деп танылды
Атырау облысында жыл басынан бері 4 135 адам соттан тыс банкроттыққа өтініш берді. Оның ішінде 702 адамның сұранысы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Діни алауыздық тудыратын ақпаратты таратқан әйел 7 жылға сотталды
Қызылордада облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және ҰҚКД жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында терроризмді насихаттаған 39 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Тамыз, 2025
Р. Берденовке қастандық жасаған күдікті кінәсін толық мойындады
2025 жылдың 21 сәуір күні Е.Жиембай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р. Берденовке қарсы қастандық жасаған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Тамыз, 2025
Ел оқушылары халықаралық робототехника чемпионатына қатысады
7–10 тамыз аралығында мектеп оқушылары арасындағы ең ауқымды – FIRST LEGO League Asia Open Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтеді. Қытайдың Макао қаласында ұйымдастырылатын білім бәсекесіне әлем елдерінен 500 команда қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Тамыз, 2025
Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы болып Гүлстан Темірова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Шалғай ауылдардың 90%-дан астамы интернетпен қамтылады
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун интернетке қол жеткізуі қиын елді мекендерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2025
Қазақстан ана өлімін төмендетуден алғашқы орындарда
Бұл туралы Үкімет отырысында ЮНИСЕФ балалар қорының Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі Бауыржан Жүсіпов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Алғашқы азық-түлік ваучері Ақкөл қаласына берілді
Үкімет отырысында «BTS Digital» компаниясы директорының міндетін атқарушы Ержігіт Балқыбеков атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жобаны таныстырды. Азаматтардың осал санаттарын атаулы қолдауға бағытталған жоба – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ырықтандыру шеңберінде іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.