зал
Елорда • 01 Шілде, 2021
Елорда әуежайында CIP-зал ашылды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жаңа CIP-залдың ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау қайта күшейтілді
Алматы қаласының әкімдігі халықаралық әуежайда және қаланың теміржол вокзалдарында бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалына Ashyq енгізілді
Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалында Ashyq қосымшасы қолданыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2021
Елорданың темір жол вокзалы Ashyq жүйесіне қосылды
Нұр-Сұлтан қаласының темір жол вокзалында коронавирустың таралу қаупін азайту үшін Ashyq жобасы енгізілді. Енді ғимаратқа QR-код сканерленгеннен кейін ғана кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Маусым, 2021
Пойызға мінгізілмеген жолаушыларға билет құны қайтарыла ма?
Ashyq жобасында жолаушыдан «Қызыл» немесе «Сары» мәртебесі шығып, жол жүруге рұқсат берілмеген жағдайда, оған билет құнының 50%-ы ғана қайтарылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2021
12 жасар қызды зорлады деген айыпталушы ақталып шықты
Нұр-Сұлтан қаласының маңында 12 жасар қызды топталып зорлады деген күдікпен айыпталушы толығымен ақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2021
Қазалыда жаңбырлатып суару әдісімен жүгері егілуде
Қызылорда облысында судың жыл сайын азайып келе жатқандығына байланысты егін шаруашылығын әртараптандыру қолға алынды. Осы бағытта тамшылатып суару әдісімен 3 мың гектар қызанақ, жаңбырлатқыш жабдықтарды қолдану арқылы 10 мың гектар жоңышқа және 87 гектар жүгері өсірілуде.
Спорт • 02 Маусым, 2021
Футзалдан Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 31 Мамыр, 2021
Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік Суперлига клубына ауысты
Ресейлік «Ухта» футзал клубына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Азат Валиуллин қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Қазалы ауданының әкімі тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қазалы ауданының әкімі лауазымына Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Қазалы ауданында «Баспасөз орталығы» ашылды
Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Баспасөз орталығында» алғаш рет аудан әкімі Мұрат Ергешбаев журналистерге арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Шөкеевтің орынбасары «ұсталғаны» рас па?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2021
Қазалыда балық шаруашылығын дамыту қолға алынды
Қызылорда облысындағы Арал ауданында жақсы дамыған кәсіптің бір түрі балық шаруашылығы. Бұл кәсіппен ертеден айналысатын ағайындар балықты аулап қана қоймай, оларды көбейтуді де жолға қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 06 Мамыр, 2021
Елордада Есіл және Ақбұлақ өзендерінің жағасы қоқыстан тазартылды
Нұр-Сұлтан қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» МКҚК-мен бірлесіп қаланың өзендері мен су қоймаларының аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Сәуір, 2021
«Қайрат» «Бенфикамен» күш сынасады
28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Беларусь елінің астанасы – Минскіде футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық сайыстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 14 Сәуір, 2021
Қостанайлықтар футзалдан ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды
Қостанай облысы Қарасу орта мектебінің құрамасы футзалдан 9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Теңбіл доп» мектеп лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
«Қауіпті зат табылды»: Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды
Бүгін Қарағандыда теміржол вокзалы қоршауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысына 650 техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысы дәстүрлі түрде жалғасуда. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын, сол сияқты түнгі ауысымда да жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 06 Сәуір, 2021
Футзалдан «Еуро-2022» додасына жолдама алдық
Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландтың Амстердам және Гронинген қалаларында өтетін әлем чемпионатының жолдамасына иелік етті.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды. Қалада қар күреу жұмысы кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Оңдасын Оразалин су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды
Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты сұрақтар қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда екі мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты
Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтын сілтеме жасап.
Футбол • 21 Қаңтар, 2021
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021
Оңдасын Оразалин: Covid-19 қаупі әлі сейілген жоқ
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында санитарлық-эпидемиялық жағдай сұрақтары қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 14 Қаңтар, 2021
Футзалдан УЕФА Чемпиондары лигасы қарсаңында Алматының «Қайрат» клубының қатары тағы бір мықты ойыншымен толықты. Ол – Франсиско Умберто де Араужо Алвес.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2020
Жассарбаздықтар "Астана тазалық" қызметкерлеріне қолұшын тигізді
Елордалық "Жас сарбаз" қозғалысы "30 игі істі" жалғастырып, қала көшелерін қардан тазалауға көмектесіп отыр. Акция аясында 60-қа жуық қызметкерге ыстық шай мен бауырсақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020
Қазалылықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті
Қазалыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, Елбасының ел үшін жасаған ерен еңбегі мен тың бастамаларына тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz