есп
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 17 Маусым, 2020
А. Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының жаңа Премьер-Министрі Кубатбек Бороновпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды primeminister.kz
Парламент • 15 Маусым, 2020
Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды. Сенаторлар алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды, дейді Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Арал теңізінің құрғап қалған табанына 5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды
2018 жылдан бері Орман шаруашылығы және жануардар дүниесі комитеті, Корея Республикасының Корея орман қызметі мен Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры бірлесіп, Арал теңізінің құрғап қалған табанына 13 300 га ауданда 5 млн сексеуіл көшеттерін отырғызды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 10 Маусым, 2020
Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде есеп қаралып жатыр
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 08 Маусым, 2020
Ілеспе аудармашылар сертификат алды
Өткен апта соңында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізді.