у
Әлем • 12 Қараша, 2025
Дамасктегі Сирия Ұлттық музейінен көне мүсіндер ұрланды
10 қараша күні Сирия Ұлттық музейіне ұрылар кіріп, ежелгі Рим дәуіріне тиесілі бірнеше бірегей мүсін мен құнды жәдігерлерді қолды етті. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді іздестіру және жоғалған мұраларды қайтару бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz сингапурлық Lianhe Zaobao басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Қараша, 2025
12 қараша күні Астана мен 15 өңірде көктайғақ болып, боран соғады
12 қараша күні Астана қаласында және еліміздің 15 өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесті
Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізеді, деп хабарлады Ақорда.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңдағы 38-2-бап күшіне енетінін еске салды. Онда жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті жүк көлігімен жалпы жолда жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 11 Қараша, 2025
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық форум өтіп жатыр
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум екі күнге созылады. Оның жұмысына екі ел президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
«Ұлытау ұланы» сыйлығы табысталды
Ұлытау облысы әкімінің белсенді жастарға арналған «Ұлытау ұланы» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл – жастарды қолдау және олардың жетістігін дәріптеу бағытындағы маңызды жоба, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Қараша, 2025
Енді азаматтар дәрі-дәрмек бағасын Naqty Onim арқылы тексере алады
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының ашықтығын арттыру мақсатында Naqty Onim қосымшасында жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді ел азаматтары дәрінің шекті бағасын тексеріп, шағымдана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға артқан
Биылғы қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 11 Қараша, 2025
Бейіндік сыныптарда қанша оқушы кәсіби дағдыларды игереді?
Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде еліміздің орта білім беру ұйымдарында ашылып жатқан 1000 бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Енді алаяқтардың телефон қоңырауы автоматты түрде бұғатталады
Қазақстанда 18 қарашадан бастап ұялы байланыс операторларына жалған қоңыраулар мен SMS хабарламаларды автоматты түрде анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік беретін жаңа ереже күшіне енеді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Еліміздің туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр
Қазақстанның көк туы Ресейдің бас шаһарының көшелерінде желбіреп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Зайсан әуежайы құрылысының кешігу себептері белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты әуежайды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс келесі жылдың соңына дейін аяқталады, бастапқыда нысан желтоқсанға дейін пайдалануға берілуі керек еді. Әуежай Президенттің тапсырмасымен салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Елдегі геологиялық деректер түгелдей цифрланатын болды
Қазақстанда геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірге дейін 3,5 миллионға жуық бастапқы деректер цифрланған, ал жұмысты 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 11 Қараша, 2025
Уоррен Баффетт акционерлерге арнап соңғы хатын жазды
Америкалық миллиардер Уоррен Баффетт өзінің соңғы акционерлерге арналған хатын жариялап, Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры лауазымынан кететінін хабарлады. Сонымен қатар, ол шамамен 149 миллиард долларды құрайтын жағдайын өзінің балалары басқаратын қайырымдылық қорларына жылдамдатып беруге шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Еліміздің бес облысында көлік қозғалысы шектеледі
11 қарашада Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында жауын мен қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Қараша, 2025
«Арсенал» мен «Қайрат» матчының билет бағасы белгілі болды
Лондондық «Арсенал» мен алматылық «Қайрат» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 8-тур ойынына билеттердің бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 11 Қараша, 2025
2025 жылғы Букер сыйлығының иегері анықталды
Биыл әдебиетте венгр қаламгерлерінің бағы жанып тұр. Өткенде ғана алпауыт Нобель сыйлығын әдебиет саласы бойынша венгр жазушысы Ласло Краснахоркаи алған еді. Ал Британ-Венгр жазушысы Дэвид Салайдың «Flesh», қазақшалап айтсақ «Тән» атты романы 2025 жылғы ең беделді әдеби марапаттардың бірі – Букер сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының төрағасы, ирландиялық жазушы Родди Дойл жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 10 Қараша, 2025
Атырауда инвестициялық жобаларға арнайы орталық талдау жүргізеді
Атырау облысында «Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау жөніндегі орталық» КММ жұмысын бастады. Орталыққа бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру міндеті жүктелді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 10 Қараша, 2025
Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған мурал салынды
Алматы шаһарының тәжі іспетті – теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған көлемді мурал пайда болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 10 Қараша, 2025
Қазақстан сингапурлық инвесторлар мен қаржы компанияларын елге шақырды
10 қарашада «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Сингапурда AIFC Connect: Singapore 2025 бизнес-іс-шарасын өткізді. Іс-шара Global Finance&Technology Network (GFTN) ұйымдастырған Singapore FinTech Festival (SFF) және Insights Forum аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Сингапур арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, сондай-ақ жаңа серіктестіктерді қалыптастыру және АХҚО алаңы арқылы бірлескен жобаларды іске асыруға шетелдік кәсіпкерлерді тарту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Оқу-ағарту министрі Жазушылар одағы басшысымен кездесті
Оқу-ағарту министрі мен Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы кездесіп, білім мен шығармашылық саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қараша, 2025
Жылына 54 мың тонна авиаотын өндіре аламыз ба?
Премьер-министр Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры Джимми Самариц және коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Стефан Тионмен кездесу өткізді. Кездесу барысында индустриялық және технологиялық ынтымақтастық, сондай-ақ экологиялық таза авиаотын өндіру саласында қазақстандық локализация мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 10 Қараша, 2025
Жазушылар одағы әдебиет мәселесін көтерген депутатқа жауап берді
Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы белгілі ақын Қазыбек Иса бастаған «Ақ жол» фракциясының бірнеше депутатының қазақ әдебиетінің дамуына қатысты жолдаған депутаттық сауалына орай мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
75 тоннадан астам балық Еуропаға заңсыз экспортталған
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Ақтау теңіз солтүстік терминалы экспорт қарқынын күшейтті
2025 жылдың он айында Ақтау теңіз солтүстік терминалының жұмыс қарқынын арттырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Қырғызстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды
Қырғызстанда 10 қарашадан бастап Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын өтетін сайлауы үшін сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.