іс
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Түркістан облысында фармацевтикалық кәсіпорын іске қосылды
Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында «Дарын-2030» фармацевтикалық өндірістік кәсіпорны ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Қазан, 2025
Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді
Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені арқылы экологиялық мақсатта су жіберу шаралары шеңберінде шамамен 6,32 млрд текше метр су жіберіліп отыр. Сала министрі Нұржан Нұржігітов Ертіс бассейндік инспекциясының биылғы тоғыз айында атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Қазан, 2025
Ертіс бассейні аумағында заңсыз салынған 13 нысан жойылады
Сала министрлігіне қарасты Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Ертіс бассейндік су инспекциясы мемлекеттік бақылау шеңберінде су қорғау аймақтары мен жолағында өз бетінше салынған нысандар үшін алты субъектіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Қазан, 2025
Дивидендтер төлеу мөлшері туралы норма енгізілді
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың ұлттық компаниялардан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер көлемін қысқарту жөніндегі сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Бюджет кодексінде бұл мәселеге нақты норма енгізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 21 Қазан, 2025
Жас шекарашылардың жаңа белесі
Республика күні қарсаңында ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратында жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталған ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Шекарашылар елордадағы Т.Айбергенов атындағы №16 мектепте ашылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелерін арнайы шақырып, ашық сабақ өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 20 Қазан, 2025
Мәжілісте салалық банктер құру мәселесі көтерілді
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева жұмыс тобы Қазақстанда салалық банктерді құруға салынған тыйымды алып тастауды талқылап жатқанын хабарлады. Бұл мәселе осыған дейін талай рет үкіметтің қытығына тисе депутаттар бастамадан бас тартпайтынға ұқсайды. Өйткені мұндай институт дамыған елдерде, ТМД мемлекеттерінде де бар. Қазақстандық шенеуніктер алған бетінен қайтпай, қырсығып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Түркістан облысында ет бағасы арзандады
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар күшейтілген. Бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу, тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету мақсатында мониторинг пен бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Елімізде кітапхана ісі бойынша грант саны екі есе өсті
Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен ақпарат саласында жүйелі жаңғырту жүріп жатыр. Архив ісі мен кітапхана саласын дамыту, құжаттық мұраны сақтау және жаңа буын мамандарды даярлау – Мәдениет және ақпарат министрлігінің басым бағыттарының біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жеткен
Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жетіп, толыққанды жөндеуді қажет етеді. Инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғары болуы салдарынан жыл сайын қалада шамамен 1500-ге жуық апаттық жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сумен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге елеулі кері әсерін тигізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Жетісуда суармалы жерлердің көлемі ұлғаяды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде су шаруашылығы нысандарының жай-жапсарымен және бірқатар ірі жобаның іске асу барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Біздің елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні деп аталады. Осы күннің қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың қатысуымен өңірдегі 11 конфессия өкілдері қатысатын діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мерекелік отырысы болып өтті деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, министрліктің қазіргі жұмысы мен өңірдің су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Мейіржан Юсуповты қабылдады
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелерін баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік Түркістан облысында қолға түсті
13-17 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 627 дерегі анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2025
Нұрлан Байбазаров жаңа лауазымды қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Қазан, 2025
Сүт өндірісінің жаңа көшбасшысы пайда болады
Петропавлда орналасқан Eurasian Milk зауыты толық қуатына шығуға дайын. Барлық бөлімшесі мен қызметі іске қосылғаннан кейін, бұл кәсіпорын елдегі сүт өңдеу саласындағы ең ірі әрі ең жоғары технологиялы зауыт болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Қазан, 2025
Мәжіліс қатарына жаңа депутат қосылды
Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына Әбутәліп Мүтәлі келді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қаржы бөлінді
Үкімет осы мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 480 млн теңге бөлді. Қаржыға Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылып, құрылыс жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Шымкент пен Қызылордада мәжбүрлі неке бойынша алғашқы істер тіркелді
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қазан, 2025
Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қазақстанның Словениядағы Елшісі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмет жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қазан, 2025
Жетісу облысының 3 мыңға жуық тұрғыны "Саламатты Қазақстан" пойызы дәрігерлерінен көмек алды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Қазан, 2025
Түркістан облысында 190 жер учаскесі заңсыз берілген
Түркістанда жер заңнамасының сақталуы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Энергетика • 12 Қазан, 2025
Қазақстан – ЕО серіктестігі: Брюссельде «жасыл» энергетика саласындағы келісімге қол қойылды
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Брюссельде өткен «Global Gateway» форумына қатысып, Еуропалық Одақ өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді. Бұл сапар Қазақстанның Орталық Азиядағы ЕО үшін сенімді әрі негізгі серіктес ретіндегі мәртебесін нығайта түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 11 Қазан, 2025
Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Жетісу облысында ұлы ғалым, ағартушы, этнограф әрі саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов: тарих және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қазан, 2025
Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қ. Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қазан, 2025
Түркістан облысында ұлы анасына донор болды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Отырар тұрғындары ерекше қорғалатын аумақта заңсыз аң аулаған
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің мемлекеттік инспекторлары арнайы рейд барысында ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын жерден заңсыз аң аулау оқиғасын анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қазан, 2025
Суармалы су беру келісімшарттары цифрландырылады
Келесі жылы 1 қаңтардан бастап «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы суармалы су беру бойынша келісімшарттар онлайн форматта ғана жасалады. Бұл шара – судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қоюды көздейді, деп жазады Egemen.kz.