жыл
Жастар • 12 Сәуір, 2025
Алматыда «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында WorldSkills Almaty-2025 кәсіби шеберлік бойынша X өңірлік чемпионаты өтіп жатыр.
Алматы • 10 Сәуір, 2025
Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады
Алматыда жылуды есепке алу жүйесін цифрландыру жалғасып жатыр. Алдағы жылдары қала тұрғындары жылуға кеткен шығынды онлайн режимде бақылай алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2025
Жолдарда көліктердің орташа жылдамдығын өлшейтін жүйе іске қосылды
Бұл жаңалықты «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Сәуір, 2025
Елімізде ескерткіштерді абаттандыру акциясы басталды
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтпек. Осы орайда «AMANAT» партиясының мүшелері соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 08 Сәуір, 2025
Ақмола жастары білімін сарапқа салып жатыр
Бүгін Ақмола облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында WorldSkills өңірлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2025
Алматыда су мен жылуды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізіледі
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қалалық департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Ардақ Жаңабаева су мен жылуды үнемдеуге үйретудің жаңа шаралары – тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2025
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Қызылордада республикалық жастар форумы өтіп жатыр
Бүгін Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ел аймағынан жиналған жастар «Сыр елі – достық мекені» форумында бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Сәуір, 2025
Студенттер антифриз зауытының жұмысымен танысты
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының бастамасымен колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия ұйымдастырылды. Онда колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысып, өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Бейнеулік жиһанкез түркі елдерін велосипедпен араламақ
Маңғыстаулық жиһанкез Раббим Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Алматы • 07 Сәуір, 2025
Алматыда 10 сәуірден бастап жылыту маусымы тоқтатылады
Алматыда жылыту маусымы аяқталуға жақын, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Қазақ өнерпаздары майдан даласында 36 мыңнан аса концерт қойған
Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдениет майдан мен тылда халықтың рухын көтеру ісінде маңызды рөл атқарды. Соғыс жылдары қазақстандық әртістер 36 525 концерт өткізіп, оларды 9 337 000 адам тамашалады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда өткен «Жеңістің: ұрпақтар мен халықтардың бірлігі» конференциясында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Әр бесінші республика тұрғыны майданға аттанды - Аида Балаева
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Майдан жылдары кинематография саласы айтарлықтай дамыды - министр
Алматы киностудиясы мен эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары (1944 жыл өз мекендеріне қайтқан) негізінде кейіннен «Қазақфильм» атанған шығармашылық орталық құрылып, 30 фильм түсірілген екен. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтардың бірлігі» атты конференцияда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Абзал Нүкенов: Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз
Алматыдағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығы аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті. Конференция мерейтойлық датаға орай Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ұйымдастыратын іс-шараларының бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2025
Жеңіс мерекесіне орай қандай спорттық сайыстар өтеді?
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Адамзатқа орасан нәубет төндірген сұрапыл соғыстың жеңісі жыл сайын тойланады. Биылғы мерейтойға орай қандай спорттық сайыстар өтеді? Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин 200-ден астам дода өтетінін жеткізді.
Тұлға • 02 Сәуір, 2025
Қазақтың кең байтақ даласын әуезді ән, күмбірлі күймен тербеген әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, ұлы музыкант Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толған мерейтойлық шара Алматы облысының Жамбыл ауданында бастау алды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 02 Сәуір, 2025
Биыл қанша қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 20 наурыздағы «Әскери қызметшілерді 2025 жылғы әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрығын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Сәуір, 2025
Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 01 Сәуір, 2025
2025 жыл - Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы осы жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 01 Сәуір, 2025
Алматыда жауынгерлік техникалардың мұражайы ашылады
Ашық аспан астындағы жаңа мұражай Жеңістің 80 жылдығына орай ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 31 Наурыз, 2025
Жеңістің 80 жылдығына арнап ағаш отырғызылды
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызуды бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді
5 сәуір күні Ақтауда қаланың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара теңіз жағалауында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ құндылықтары мен Маңғыстау өңірінің бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2025
Жем өзенінің арнасы кеңейтілді
Атырау облысындағы Жем өзенінің түбі 2-2,5 метрге тереңдетіліп, ал ені 50 метрге кеңейтілді. Бұл туралы аймақтың ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Теңіз жаяу әскері Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысады
Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 20 Наурыз, 2025
Жұмысшы мамандықтарына сұраныс артады
Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда биыл Жұмысшы мамандықтар жылы екенін еске салып, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіптік бағдарлауды дамыту қажеттігін атап айтқаны мәлім. Сарапшылардың болжамынша, алдағы 6 жылда жұмысшы мамандық иелеріне сұраныс 400 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Наурыз, 2025
Құқық үстемдігі – тұрақты даму кепілі
Қазақстан үш жыл бұрын жаңғыру мен әділетті қоғам құру жолын таңдады. Президент көпшіліктің өзгерістерге деген сұранысын іске асыра отырып, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасына бастамашылық етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2025
Ұлт азаттық көтерілістің қаһармандарына құрмет көрсету - міндет
1916 жылғы маусым жарлығы, қазақ жастарын қара жұмысқа алу «Бұйрығы» қазақ халқының жаппай көтерілуіне әкеп соқты. Сол жылы патша «Бұйрығына» қарсы көтерілістер Торғай даласында, Батыста, Оңтүстікте, Қорғалжың және Ерейментау жерінде өтті, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 17 Наурыз, 2025
Наурыз қамал айының ескіше санағанда басы. Он төрті - қазіргі уақытпен бірі болып есептеледі. Наурыздың он төртінде күн мен түн теңеледі. Әсіресе, еліміздің батыс өлкесінде бағзы заманнан бері бұл күн «Жаңа жыл» деп аталады.