әскер
Аймақтар • 10 Маусым, 2024
Шымкентте әскерилер Бадам өзені арқылы өтетін көпір салды
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімі инженерлік-саперлік бөлімшесінің мамандары республикалық маңызы бар қалада Бадам өзені арқылы өтетін уақытша көпір салып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 10 Маусым, 2024
Алмас Шахимовтың туыстары марқұмның денесіне эксгумация жасатып, қорытындысын алты ай күткен. Сараптама нәтижесінде сарбаздың денесінен пышақ жарақаты мен түрлі аяусыз соққылардың ізі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2024
Қазақстан десантшылары «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр
Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар «Магоб» оқу орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ақтөбелік әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты
Маусым айында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі жас сарбаздармен толықты. Әскери бөлімге Маңғыстау, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының өзінен 115-тен астам сарбаз шақыртылған, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 05 Маусым, 2024
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойнауға тыйым салынады
Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 04 Маусым, 2024
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарының үздік түлектеріне погондар табыстады
Салтанатты рәсім «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 04 Маусым, 2024
Әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі офицерлік шен алды
Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Маусым, 2024
Тасқын: Атыраулықтар әскерилер мен ТЖ қызметкерлерін шығарып салды
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың қатысуымен Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған кезде жаға бекіту, бөгет нығайту жұмыстарына көмекке келген әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметкерлерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Бүйрегінен тоқтаусыз ұрған: 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тың дерек айтылды
13 мамырда Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери клиникалық госпиталінде 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
«Басын кесіп, көміп тастаған». Маңғыстауда әскери қызметкерге адам өлтірді деген айып тағылды
Маңғыстау облыстық полиция басқармасы 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен ұсталған екі әскери қызметші оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Әскер • 22 Мамыр, 2024
Әскери медицина цифрландырылады
Бірер күн бұрын әскери госпитальдар мен лазареттерге «ДАМУ» медициналық ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру жолындағы қадамдардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда әскерилер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтеді
Танзания астанасы Дар-эс-Саламда CISM халықаралық әскери спорт кеңесінің 79-шы Бас ассамблеясы мен конгресі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 10 Мамыр, 2024
Астанада колледж студенттері арасында әскери-патриоттық турнир өтті
Елордада колледж студенттерінің қатысуымен әскери-патриоттық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 10 Мамыр, 2024
Әскерилерден 9 спортшы Олимпиада ойындарына барады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерін Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс ведомствосы өкілдері, АОСК СК басшылығы, бокстан Олимпия ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, қазақ күресінен «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2024
Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды
Атырауда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан. Ол ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 08 Мамыр, 2024
Басты міндет - «Көрінбей көру, өлмей келу»
«Іргесі берік елді жау алмайды, ауызы бір елді дау алмайды». Шын мәнінде, бұл заман - білімге ғана емес, білекке де сенетін уақыт. Білек деп отырғанымыз – елдің қарулы күштері. Әскерің сақадай сай тұрмаса, әркімге жем боласың. Бүгінгі әңгімеміз де елін қорғаған нағыз ерлер - Арнайы мақсаттағы барлау ротасының жауынгерлері туралы болмақ.
Қоғам • 07 Мамыр, 2024
Жас сарбаздарды әскерге бейімдеу - маңызды міндет
Әскери әлеует – әлем елдері үшін маңызды өлшем. Тыныштық пен тұтастықтың қалқаны – қарулы күштер. Шекара шебін шегендеп, әуе – теңіз торабын табан аудармай торуылдап, қорғау – бейбітшілік бесігі шайқалып тұрған жаһан жағдайында салмақты міндет.
Айбын • 06 Мамыр, 2024
Мереке қарсаңында әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады. Салтанатты іс-шараға қорғаныс ведомствосының басшылығы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери қызметшілер мен азаматтық персонал қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы әскерилерге арнаулы атақ пен шен берді
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 04 Мамыр, 2024
Құқықтық тәртіп әскерінің авиациясы
Ұлттық ұлан авиациясының құрылу тарихы 70-жылдардың аяғында КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің алғашқы авиациялық бөлімдерін құрудан бастау алады. Қазіргі Қазақстан аумағында КСРО ІІМ ІӘ (3553 «Е» әскери бөлімі) әуе күштерінің жекелеген авиациялық буыны 1987 жылдың сәуірінде Алматы облысының Боралдай әуе айлағында жауынгерлік кезекшілікке кіріскен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 04 Мамыр, 2024
Жас әскерилер Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды
Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде ғасырлық мерейтойға орай конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 02 Мамыр, 2024
Сайрамдық оқушылар әскери бөлімде болды
Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін бекіту мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әлішер Науаи және Әл-Фараби атындағы орта мектептерінің қырыққа жуық 10-сынып оқушылары үшін Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысуын ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 29 Сәуір, 2024
Ұландықтар әлем чемпионы атанды
Осы айдың 24-28 күндері Мерсин провинциясындағы Ердемли қаласында (Түркия) ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері унифайттан ересектер мен жастар арасында өткен Әлем Кубогіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 26 Сәуір, 2024
«Соғысқа» қатысты жалған видео таратқан қостанайлық сотталды
Қостанай қаласының №2 сотында облыс орталығы тұрғынына қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы 2023 жылғы 8 қыркүйекте өзінің жеке ұялы телефонына ҚР Ұлттық ұланының әскери бөліміне тиесілі жауынгерлік техника автоколоннасын түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2024
Қазақстан әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингіде 63-орында тұр
Аталған рейтингте 145 елдің әскери қуаты көрсетілген. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресей, Украина, Белорусь, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен төмен тұр, ал Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова елдері соңғы сатыда қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2024
Атырау облысында қарт ана әскерден оралмаған ұлымен 28 жылдан соң қауышты
Маржан Қозыбаева ұлының тірі екенінен қаншама жылдар бойы үміт үзбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 16 Сәуір, 2024
Шымкент: сарбаздар қызметін аяқтады
Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында сарбаздарды шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бір күні бірден 160 сарбаз әскери бөлім ұжымымен қоштасып, үйлеріне қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Апатпен күрес: Солтүстік Қазақстан облысында 700-ден астам әскери қызметші атсалысып жатыр
Өңірде су деңгейі күрт көтерілуінен Есіл өзенінің «Хромзавод» шағын ауданы маңындағы бөгетті тасқын су шайып кетіп, 114 тұрғын үй су астында қалды. Қазіргі уақытта Қарулы күштердің әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар және полиция департаменттері мамандарымен бірлесіп, Петропавл қаласы маңындағы былғары зауыты ауданында эвакуациялық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Сәуір, 2024
Сауда орталығында жүрген жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (видео)
«Ақтөбе» сауда орталығында әскери комиссариат қызметкерлері әскерге шақырылғандарға рейд ұйымдастырды. Желіде әскерилер ақтөбелік азаматты күштеп әскерге алмақ болған видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.