Бек
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Жүргізушілер "Жайсаң" өткізу бекетіндегі кептелісті азайтуды сұрайды
Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу бекетінде енгізілген «CarGoRuqsat» электронды кезегінің тиімділігі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2025
Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді
ІІМ «Заң мен Тәртіп» принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 28 Мамыр, 2025
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қашан өседі
Қазақстандықтар үшін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың қашан өсетіні туралы сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы артты
Премьер-министр Олжас Бектенов 300-ден астам кәсіпкер мен сарапшыны біріктірген Қазақстан-Франция инвестициялық форумын ашты. Бұл форум екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік, энергетика, өнеркәсіп, туризм, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Мамыр, 2025
Бектенов әкімдерге апта сайын жылу нысандарын аралауды тапсырды
Үкімет отырысында еліміздегі алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Премьер-Министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне және жауапты министрліктерге бірқатар нақты тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Мамыр, 2025
Үкіметте қазақ мұнайын тасымалдау мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізіп, мұнай тасымалы саласындағы ынтымақтастық пен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 26 Мамыр, 2025
Білім саласында зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуды оқу жылының соңына дейін қалдыру қажеттілігі жиі туындайды, себебі педагогтың ауысуы білім алушылардың оқуына кері әсерін тигізетіні анық, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2025
Астанадағы жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлінеді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елордада 14 200-ден астам оқушы мектепті аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2025
Әділбек Мусин Франциядағы турнирде екі күміс медаль жеңіп алды
Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын қорғаған жүзуші Әділбек Мусин екі қашықтықта жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2025
Жаңаарқада «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы орталығында Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. Сыныпқа қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Сәкен Салтанатұлы Әшімовтің есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 25 Мамыр, 2025
Жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS арқылы хабарланады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді.
Үкімет • 23 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов тау кластерін дамыту тәсілдерімен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 23 Мамыр, 2025
Тұлға еңбегі насихатталуы керек
Алаштың алғашқы конституциясы деп бағаланған «Қазақ елінің уставы» еңбегінің авторы Барлыбек Сырттанұлы туралы біреу білсе, біреу білмейді. 20 ғасыр басындағы рухани, саяси элита шоғырында ерекше аталатын тұлға қазіргі Ата заңымыздың негізін қалаған. Оның бұл еңбегі - Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды құқықтық нормалардың жаңғырығы, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 23 Мамыр, 2025
Ақыл-ой алыптарының галереясында хакім Абай дидарының бейнесі бедерлі, тұлғасы елеулі. Оны түсіну – даналық бақшасына еккен алғашқы дәніңіз. Философ Мишель Фуконың «дүние – ең үлкен мәтін» деген пайымына илансақ, сөз – оның ең кішкентай бөлшегі. Сол себепті данышпан Абайдың пәлсапасын түсіну үшін ол жиі қолданған 5 сөзді зерделеп, оның танымдық тамырына үңіліп көрдік.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Дәрігерлер фастфуд жеген 10 айлық сәбидің ішегінің бір бөлігін алып тастады
Өзбекстанда 10 айлық сәби дұрыс емес тамақтанудың салдарынан ауыр жағдайға душар болған. Дәрігерлер оның ішегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Астанада келесі жылыту маусымына дайындық басталды
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жылу маусымы Астанада ақаусыз аяқталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелей түсу үшін тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Өзбекстанға жетер жол жеңілдеді
Енді қазақстандықтардың Өзбекстанға жеке куәлікпен кірулеріне рұқсат беріледі. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Өзбекстан президентінің жарлығына сәйкес, бұл мәселе бойынша келіссөздер 3 ай ішінде басталуы керек, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Ерболат Шалдыбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды
Дәстүрлі өнердің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өнер майталманы, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының магистрі Ерболат Шалдыбековке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Жүзуден Қазақстан құрамасы Испанияға аттанды
Испанияның Барселона қаласында жүзуден беделді турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 21 Мамыр, 2025
Депутат криптоактивтер жүйесіндегі кемшіліктерді атады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков Қазақстандағы криптоактивтерді реттеудегі жүйелі кемшіліктерді атап, бұл жағдай елдің қаржы жүйесіне, азаматтардың қауіпсіздігіне және мемлекеттік институттардың беделіне елеулі қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Ұлытаулықтар мәдениет майталмандарын ұлықтады
Ақордадан Ұлытауға ақжолтай жаңалық жетті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның халық әртісі, Ұлытау облысының Құрметті азаматы Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын және «Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Гүлнар Қожахметоваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 21 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау саласындағы ынтымақтастықты талқылады
20 мамыр күні Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Қазақстан шекарасындағы 5 кедендік бекет жаңғыртылып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет басшысына инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 394,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 450,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 943,4 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жаз айларында қайда жұмысқа кіре алады
Қазақстанда жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларының жұмыспен қамтылуы жолға қойылып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 20 мамырда өткен Үкімет отырысында бұл бағытта қандай нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Ел мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова білім беру ұйымдарына арналған Тамақтанудың жаңа стандарты мен үлгілік перспективалық мәзірді таныстырды. Бұл құжаттар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша әзірленген және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабылады
Мемлекеттік кірістер комитеті «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылатынын хабарлады.
Оқиға • 19 Мамыр, 2025
Қызылордада «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды
Елімізде жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пайда болды. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысына сәйкес, «Қорқыт Ата» АЭА Қызылорда облысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Еліміздегі әлеуметтік ұйымдардың 92 пайызы лицензия алды
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша, қызмет көрсетуші ұйымдардың 92 пайызы лицензия алып, алушылардың 97 пайызы сапасы бекітілген қызметпен қамтылған. Бұл қадам әлеуметтік қызмет сапасын арттырып, қызмет алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.