ерлік
Волонтер • 30 Қаңтар, 2026
«Таза Қазақстан»: Еріктілер 18 миллионнан астам ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы азаматтарды табиғи ортаны қалпына келтіруге және экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға тартудың ауқымды платформасына айналды, бұл БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібімен тікелей байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Тоқаев: IT-компаниялар әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет
Президент IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 16 Қаңтар, 2026
«Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды
Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқауға мемлекеттің акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар қатыстырылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 13 Қаңтар, 2026
Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады
Алматы облысында «Respublica» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров бірқатар өндірістік нысандарды аралап, кәсіпкерлермен экономиканы дамыту, жұмыс орындарын құру және өңірлік кластерді қолдау бойынша мемлекет жүргізіп жатқан саясатты талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Елімізде медициналық қызметке арналған ваучерлер беріле бастайды
Бұл – медициналық көмек алу үдерісін мейлінше ашық етеді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстанда медициналық қызметтерге арналған ваучерлер беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 28 Желтоқсан, 2025
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйелдердің саны артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2025
Парижде тағы да ұрлық: зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасалды
Өткен дүйсенбі Париждегі 10-шы аудандағы зергерлік бұйымдар дүкеніне тауар тасымалдаушыларға шабуыл жасалды. Қарақшылар құны 150 мың еуро тұратын жақұтты қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды
Қазақстанда есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді бұғаттауға арналған алгоритмді іске асыру басталды. Бұл туралы 2025 жылғы прокуратура органдарының жұмыс қорытындылары бойынша өткен алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?
Парламент ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар (мектеп, аурухана және басқа да ұйымдар) директорлары мен жетекшілерінің кәсіпкерлікпен айналысуына қойылған тыйымды алып тастайтын Заң қабылдады. Бұл өзгерістер олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірмеу, қызметтік мүлікті пайдаланбау және мүдделер қақтығысына жол бермеу шартымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Желтоқсан, 2025
«Қайта даярлау» – қажетті қадам
Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай және Қопа тұрғындарына кәсіпті жетілдіру бастамасы іске қосылды. Бағдарлама тек мамандық игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасу мен кәсіби дағдыларды жетілдіруге жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Атырауда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарына 5 млн теңгеден берілді
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жобаның үш жеңімпазы 5 млн теңгеден қайтарымсыз грантты иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Елімізде зооволонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ұлттық волонтерлік желісі «Kazakhstan for Animals» жобасын жүзеге асырды. Зооволонтерлік мәдениетті дамытуды көздейтін жобаға еліміздің 20 өңірінен 1612 азамат қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда шағын бизнестің салығы 3%-ға дейін төмендетілді
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары шағын бизнеске арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында қабылданып отыр. Кодекске сай базалық мөлшерлеме 4% болып белгіленген. Десе де өңірлерге оны 2–6 пайыз аралығында реттеу құқығы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Астанада дүкеннен 156 млн теңге ұрлап кеткен әйел Стамбұлда қолға түсті
Айыпталушы 2021-2022 жылдар аралығында Астанадағы зергерлік бұйымдарын саудалайтын дүкенде сатушы болып қызмет істеген. 33 жастағы әйел аталған дүкеннен құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Төтенше жағдайлар саласындағы алғашқы волонтерлік гранттың жеңімпазы белгілі болды
Волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауын Мәдениет және ақпарат министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастырды. Бұл жоба азаматтық қорғаныс жүйесінде алғаш рет жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Кәсіпкерлерге көмекші: жасанды интеллект жасап беретін бизнес
Бұрын кәсіпкерлерге бірнеше бөлек порталмен жұмыс істеуге тура келетін. Мемлекеттік сатып алу, электронды шот-фактура, салық пен кеден декларацияларын жасау – жеңіл жұмыстардың бірі емес. Әрқайсы әр жүйеде орналасқандықтан, навигация қиын, ал уақыт шығыны көп болатын. 2024 жылы Қаржы министрлігі негізгі цифрлы жүйелерді ауқымды түрде жаңартуға кірісті. Бұл біртұтас, түсінікті және жайлы цифрлы ортаны құруға жол ашты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Ақтаулық офицер Ұлттық ұланның үздігі атанды
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің арасында «Үздік әдіскер» атты кәсіби шеберлік сайысы өтіп, ақтаулық офицер Бақытжан Орақбаев үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Балқаш көлінде браконьерлер қолға түсті
Қарағанды облысының ПД-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясымен бірлесіп, моторлы қайықты тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 06 Қараша, 2025
Жаңа оқу жылы: Олимпиадалық қозғалысқа 1,5 миллионнан астам оқушы қатысады
Биылғы оқу жылында оқушылар арасында әртүрлі деңгейдегі 80-нен астам зияткерлік іс-шара өткізіледі деп жоспарланған. Оған барлық өңірден 1,5 миллионнан астам мектеп оқушыcы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 03 Қараша, 2025
360-тан аса жасөспірімге көмектескен бағдарламаның ерекшелігі қандай?
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған тәлімгерлік тақырыбындағы алғашқы республикалық форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 18 Қазан, 2025
Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жолдары
Елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың басты тетіктерінің бірі – «Даму» қоры. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, кепілдік және субсидия түрінде қолдау көрсетіп келеді. Биыл қор қызметі жаңа форматқа көшкен. Бұл – кәсіпкерлерге қаржы алу процесін жеңілдетіп, қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қазан, 2025
ШОБ үшін оңайлатылған салық режимі сақталады
Кеше Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту үшін шаралар қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Атырауда бес балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесінен шығарылды
Атырауда №8 «Ақбота» балабақшасының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмағанына байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады
Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды.
Президент • 21 Қыркүйек, 2025
Президент Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады
Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды. Жүздесуде уран өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Айбын • 11 Қыркүйек, 2025
«Жауынгерлік достастық – 2025» тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды
Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2025» атты бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Жауынгерлік атыстарды Қорғаныс министрі, сондай-ақ Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің қолбасшылары бақылап отырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 70-тен аса құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.