Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда көлік иелері үшін мемлекеттік нөмірлерді таңдаудың жаңа ережелері күшіне енеді. Енді азаматтар 5 қаңтардан бастап белгіленген баж салығын төлеп, нөмірдегі цифрлар мен әріптерді өз қалауынша құрастыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 02 Қаңтар, 2026
Қытай «Genesis миссиясына» қарсы тұра алатын ЖИ жүйесін іске қосты
Қытай ұлттық суперкомпьютерлер желісін пайдалана отырып, күрделі ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті аса қуатты жасанды интеллект жүйесін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
1,6 мың шақырым жол жөнделіп, 2 мыңға жуық жаңа вагон беріледі
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Президент тапсырмалары аясында теміржол инфрақұрылымын дамытудың белсенді кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Ресей үш жылда Украина аумағының қанша бөлігін басып алды?
Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресей жалпы аумақтың шамамен 19,25 %-ын басып алған. Алайда 2025 жылы майдан шебіндегі қиян-кескі шайқастарға қарамастан, басқыншы әскердің алға жылжу қарқыны Украина аумағының 1%-ына да жетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінде стратегиялық маңызы бар орасан зор жоба жүзеге асырылды. Еліміздің барлық өңірлерін бір арнаға тоғыстырған бірыңғай ведомствоаралық УҚТ-радиобайланыс (ультрақысқа толқын) желісі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қаңтар, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Жиһаз бен макарон өнімдеріне салынатын салықтар жеңілдетілді
АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық тауарларға қатысты протекционистік саясатын жұмсартып, жиһаз бен италиялық макарон өнімдеріне салынатын баж салығын өзгертті. Бұл шешім америкалық тұтынушылар арасында бағаның өсуіне қатысты наразылықтар мен сауда серіктестерімен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда авторлық құқықты қорғаудың бірыңғай платформасы қашан іске қосылады?
Әділет министрлігі зияткерлік меншік мәселелері бойынша жаңа заңнамалық түзетулердің күшіне ену мерзімін және авторларға арналған цифрлық платформаның іске қосылу кезеңдерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
2026 жылы күнтізбеде қандай өзгеріс бар?
Электронды үкімет порталында 2026 жылға арналған ресми демалыс күндерінің кестесі жарияланды. Биыл мерекелердің басым бөлігі сенбі-жексенбіге сәйкес келетіндіктен, ел тұрғындары үшін демалыс күндері едәуір ұзаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?
2 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, еліміздің бірқатар тасжолында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.