Taza.kz
Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
512 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 11 Ақпан, 2026

Ең қымбат аукциондық жәдігер

Әлемдегі ең қымбат аукциондық кітап рекорды «Bay Psalm Book»-қа тиесілі. Бұл – Забурге қатысты діни кітап. Мұны исламда Дәуіт пайғамбармен байланыстырады.

Ғалам ғажаптары • 10 Ақпан, 2026

Медалі көп чемпион

Норвегиялық шаңғышы Марит Бьёрген Қысқы Олимпиада тарихындағы ең көп медаль алған спортшы саналады. Оның еншісінде 15 медаль бар, соның 8-і алтын.

Ғалам ғажаптары • 10 Ақпан, 2026

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Олимпиада сайысында бір рет бақ сынаудың өзі үлкен жетістік. Ал жапониялық трамплинші Нориаки Касаи 1992–2018 жылдар аралығында Қысқы Олимпиадаға 8 рет қатысқан.

Ғалам ғажаптары • 10 Ақпан, 2026

Бір сайыста – бес алтын

1980 жылғы Лейк-Плэсид Қысқы Олимпиадасында АҚШ спортшысы Эрик Хайден конькимен жүгіруден 5 қа­шықтықтың бәрінде алтын ­алып, рекорд орнатты. Бұрын-соңды ­бір Қысқы Олимпиадада бір спорт­шы мұн­шалықты көп алтын алған емес.

Ғылым • 06 Ақпан, 2026

Электрондық микроскоп іске қосылды

Сәтбаев университетінің Тау-кен металлургия саласындағы инжиниринг орталығында заманауи «Quattro S» сканерлеуші электрондық микроскобы (SEM) қолданысқа енгізілді. Құрылғы қазір ғылыми зерттеу жұмыстарына тұрақты пайдаланылып жатыр.

Саясат • 04 Ақпан, 2026

Жобаның тұжырымдары ғылыми тұрғыдан талқыланды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғалымдар мен мемлекеттік басқару саласының мамандары бас қосып, жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдарын сараптамалық тұрғыдан талқылады. Жиында ұсынылып отырған өзгерістердің басты бағыт­тары, олардың институционалдық мәні және елдің саяси-қоғамдық жүйесіне ықпалы жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ қазіргі заман сын-қатерлері аясында конститу­циялық нормаларды жаңарту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Ғалам ғажаптары • 31 Қаңтар, 2026

Хандарды қашап сомдаған

Өскемендік шебер Юрий Костанян ағаштан қазақ хандары мен батыр­ларының мүсінін жасайды. Ол бұл іспен 70-тен асқан шағында да тұ­рақ­­ты айналысып жүр. Шебердің ай­­туынша, ағаш мүсін қашау тоқ­­­тау­сыз еңбек ­пен төзімді талап етеді.

Ғалам ғажаптары • 31 Қаңтар, 2026

Мұз қала

Қытайдың Харбин қаласында қыстың қақаған аязын халық мерекеге айналдырып жіберген. Мұнда жыл сайын мұз бен қардан тұтас бір шағын қала тұрғызылады. Кешке қарай түрлі түсті жарық жағылып, мұздан қашалған ғимараттар ертегідей құбылып тұрады.

Ғалам ғажаптары • 31 Қаңтар, 2026

Адамды алмастырмайды

Ақылды роботтар қазірдің өзінде зауыттарға кіре бастағанымен, адам еңбегін толық алмастыра­тын деңгейге әлі жеткен жоқ. Мұны осын­дай роботтарды шығаратын ірі компаниялардың бірі UBTech өкіл­дері мәлімдеді.

Digital • 30 Қаңтар, 2026

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Қазір үй тапсырмасын жасанды интеллектіге орындататын оқушылар көбейді. «Мұндай жеңіл жол балалардың өз бетімен іздену дағдысын, сыни ойлау қабілетін әлсіретіп жібермей ме?» деген заңды сұрақ туын­дай­ды. Сондықтан мәселе – жасанды интеллектіге тыйым салуда емес, оны дұрыс бағытта қолдануда. Осы тұста білім мен технологияны ұштастырған «EdTech» стартаптардың маңызы алдыңғы қатарға шығады. Бұл бағыттағы платформалар мен құралдар мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушының шынайы білім алуын бақылайды. Ендеше, еліміздегі «EdTech» жобалардың аяқ алысына шолу жасап көрейік.

Яндекс.Метрика