Өнер • Кеше
Өлмек пе, қалмақ па? Шерхан Мұртаза & Колбин
1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында премьера. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – Райымбек Сейітметов. Спектакльдің афишасы іліне салысымен кассада билет қалмады. Замана зобалаңын сахнадан көреміз деген халықтың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Әртістер дайындалып жүр. Бірақ басшылықтың уайымы басқада еді. Өйткені премьераға бірінші хатшы Генадий Колбиннің өзі келе жатыр...
Сұхбат • Кеше
Абат Пангереев, тополог: Ел мен жерді фольклор арқылы танытуға болады
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін арттырып, оған әлем халқының қызығушылығын күшейту тапсырылған еді. Шетелдік саяхатшылар сапар шегетін елін таңдамас бұрын ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенетіні белгілі. Әсіресе тарихы терең, аңызы ерекше мекендерге жұрт ағылып келеді. Бұл тұрғыда жер-су атауларының шығу төркінін, оған қатысты аңыз-әпсаналарды кеңінен таныстырудың маңызы зор. Осы мақсатта жер-су атауларының фольклорлық негізін зерттеп жүрген белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереевпен сұхбаттастық.
Архив • 02 Ақпан, 2026
Шерхан Мұртазаның 6 мың парақ мұрасы цифрланды
Қазақ көсемсөзінің жоталы жолбарысы – Шерхан Мұртазаның «Egemen Qazaqstan» газетінде редакторлық еткені мәлім. Қолының табы, көзінің нұры қалған редакция мұрағатында қаламгердің шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар мен құжаттар, фотосуреттер сақталған еді. Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін өткен жылдың қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін арқалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Ақпан, 2026
Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?
2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні. Адамзат тарихының соңғы екі ғасырлық мұғдарында жаңбыр жаумай, егін шықпай қалған күндер болғанымен, жаңалықтың жаршысы – газеттің шықпай қалған күні жоқ. Қазір ол ел өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды.
Білім • 28 Қаңтар, 2026
«Turning points Qazaqstan» журналының алғашқы саны таныстырылды
Жүріп келе жатқан жолдың бір мезетте тұйыққа тірелгенін аңғарып, басқа жолға бұрылатын кездер бәрімізге таныс. Мұндай жағдайды алдын ала жоспарлай алмайсыз, бірақ кейін дәл осы шешім өміріңіздің ең маңызды бұрылысы болғанын түсінесіз. Интеллектуалдық сапарға шыққан қоғамдық сана да тағы бір бетбұрыстың алдында тұр. Жаңадан жарық көрген «Turning points Qazaqstan», еркін аударсақ «бетбұрыс белесіндегі Қазақстан» журналы сындарлы сәтте сыни ойлайтын, көзі ашық қоғамды қалыптастыруға бағатталған еңбегін бастап үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?
Әлемді түгел мен көріп, Әлеуметтік желіңдегі парақшаңда оқырман саны неғұрлым көп болса, қоғам алдындағы беделің соғұрлым биік болады. Қазір бұл түсінік те ескіріп барады. Цифрлық кеңістік алгоритмге тәуелді болып, жасанды интеллект ықпалы күшейген сайын оқырман жинаудың пайдасы жоқ екені анықталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Вице-президент лауазымын енгізу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл бастама қоғам назарын бірден аударды. Саясат тарихына үңілсек, аталған қызмет иелерінің мемлекет басқару ісінде шешуші рөл атқарған кезеңдері аз емес. Сондықтан билік жүйесінің жүгін жеңілдетіп, сабақтастық пен тиімділікті қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырылатын бұл институт арбаның бесінші дөңгелегі емесі анық.
Саясат • 22 Қаңтар, 2026
Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?
Швейцарияның Давос қаласында өткен рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатына 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл оқиға халықаралық саясаттағы жаңа құрылымның пайда болғанын аңғартты, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 22 Қаңтар, 2026
Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?
Лев Толстой өз дәуіріндегі дыбыссыз кинематографияның алғашқы қадамдарына зор қызығушылық танытып, оны «мықты мылқау» деп атаған. Әсілінде, күндердің күні дәл осы «мықты мылқауға» тіл бітіп, өнердің өрісін кеңейтетін әлеуеті барын болжаса керек сұңғыла жазушы. Бірақ бүгінгі гәп ол туралы емес. Толстой айтқан «мылқау» кино уақыт өте тіл қатқанымен, бүгінгі таңда оның кейбір туындылары көрермен назарына жете алмай қайтадан іштей тынып жатқанға ұқсайды. Сөз әлемдік кинофестивальдерде жүлде алып, сыншылардың жоғары бағасына ие болған фильмдердің отандық кинотеатрлардан көрсетілмеуі хақында. Сонымен мәселенің мәніне үңілу үшін, кино мен көрермен арасындағы бірнеше кедергіні зерделеп көрдік.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Ақ шашты қоғам: қартайып бара жатқан адамзат қайтсе аман қалады?
Адамзат жаңа кезеңге қадам басты. Бұл халық санының азаю дәуірі. Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады деген түсінік байырғы түсінікке айналып барады. Ойлап қараңыз, жер бетіндегі тұрғындар саны XIV ғасырдан бері алғаш рет індеттің, соғыстың салдарынан емес, балаларды дүниеге әкелуден саналы түрде бас тартудың нәтижесінде күрт кеміген. Бұл неге апарады? Қоғамның қартаюына, жастар мен еңбекке қабілетті адамдардың тапшылығына. Бұл демографиялық құлдырау экономикаға, әлеуметтік жүйелерге және жаһандық тепе-теңдікке өте қатты ықпал етеді. Отбасыдан бастап, мемлекеттерге дейін сын-қатерден аман қалмайды. Әйтсе де, депопулизация дәуірі адамзаттың құрдымы деуден аулақпыз, бірақ бұл заман – сіз бен біздің болашағымызды қайта байыптайтын уақыт.