Президент • 28 Тамыз, 2024
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Бүгінгі жетістік – ертеңгі жеңістеріміздің бастауы
«Аламан басталған сәттен бәріміз бір ел, бір халық болып, спортшыларымызға қолдау көрсеттік. Сіздерге 20 миллион отандасымыз жанкүйер болды деп айтсақ, артық болмайды. Әрбір жеңіс – зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі». ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездескен Мемлекет басшысы сөзін барша қауымды Париж Олимпиадасындағы жеңістермен құттықтаудан бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүлдеге ие болған әр спортшының бүгінгі жетістігі ертеңгі жеңістеріміздің бастауы екеніне назар аударды.
Саясат • 24 Тамыз, 2024
Қазақ-тәжік қатынасының жаңа кезеңі
Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші күні осы елдің Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесті.
Президент • 23 Тамыз, 2024
Қазақстан – Тәжікстан: Ынтымақтастыққа тың серпін берген сапар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясындағы шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен экономикалық байланыстарды нығайтатын бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.
Пікір • 22 Тамыз, 2024
Еңгезердей жігіт әке-шешесіне балмұздақ әкеліп береді. Алпыстың айналасындағы ата-анасы әлгіні жей бастағанда түрлері бұзылып, тыжырына түседі. Сөйтсе, ұлдарының балмұздақ деп ұсынғаны құрылыста пайдаланатын ақ желім екен. Әке-шешесін алдағанын алдын ала қосып кеткен ұялы телефонына түсіріп алған әлгі әумесер «Бұл пранк болатын!» деп ыржалаңдап тұр...
Жоба • 17 Тамыз, 2024
Акселератор – орнықты дамудың тиімді тетігі
Астанада БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында жұмысын бастаған Акселератордың «SDG IMPACT REPORT 2024» жария есебі көпшілікке таныстырылды. Бұл – Сенаттың Жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен бастамасы.
«Таза Қазақстан» • 16 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстаннан» бастау алған «Таза бейсенбі»
«Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық өңірінде жалғасып келеді. Киелі орындарды сақтауды мақсат тұтқан акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жаздың басында басталған еді.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Бірде жұмыс барысымен елордаға Ташкенттің халықаралық әуежайынан ұшуға тура келді. Бақылау бекетінен кең залға өткенде алдымыздан өзбек халқының сан түрлі дәмі самсап тұрған ашық дүкен шықты. Дүкеннің қақ ортасында үлкен ағаш себетте үйіліп тұрған өзбектің наны көзге бірден түседі екен. Жаңа піскендей иісін айтсаңызшы. Мұрынды жарып барады. Күту залына өтіп бара жатқан шетелдік жолаушылар әлгі жерге еріксіз бұрылды.
Саясат • 05 Шілде, 2024
Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды
Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақын Мақтымқұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Елдік мүдде және баспасөз беделі
Ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералин басылымның алғашқы санында: «Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптарынан білінеді» деп жазса, «Қазақ» газетінің ұлтты ағарту мен ұйыстыру бағытындағы тарихи міндетін Ахмет Байтұрсынұлы: «Әуелі, газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек!» деп айқындап берді.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
«Taldau talks» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда ОДМ-ның бес негізгі мақсатына арналған жинақ көпшілікке таныстырылды. Аталған еңбекті Парламент Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының үшінші кезеңінің түлектері бірлесіп әзірледі.