Экономика • 07 Қараша, 2021
Банк таратылғанымен, кредит жойылмайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тоғыз банк таратылады деген хабарлама таратуы мұң екен, Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan банктеріне қаржысын салып қойған салымшылар «депозитіміз не болады?» деп алаңдаушылық білдіре бастады. Ал осы банктерде несиесі бар кей азаматтың «кредитіміз автоматты түрде жабылады екен» деген пікірі желіде желдей есіп жүр. Шынында солай ма?
Мультимедиа • 05 Қараша, 2021
3 млрд-тан астам қолданушысы бар, 110-нан астам тілде ақпарат тарататын әйгілі Facebook әлеуметтік желісі Meta деген атаумен ребрендинг жасағаны өткен аптада белгілі болған еді. Компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг жаңа жобаларын таныстыра келе: «Кезінде әлеуметтік желілер әлеміне трансформация жасасам, енді күнделікті қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, оған да трансформация жасайтын уақыт келді» деп мәлімдеді.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
Trade-in: Ескіден құтылу ма, ақшадан ұтылу ма?
Trade-in трендке айналғалы қашан?! Еуропа елдерінде, Америкада бұл жүйе баяғыдан бар, яғни ондағы тұрғындар ескіден құтылып, жаңасын алуға бейім. Біздің елде де көнерген затты жаңасына ауыстыру «дәстүрі» қалыптасып келеді. Ескі көлікті – жаңасына, тіпті тозығы жеткен тұрмыстық техникаларды, компьютер өнімдерін де жаңалап алуға болады қазір.
Экономика • 03 Қараша, 2021
Былтыр экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,5%-ға жетіп, осы саладағы өнім шығару деңгейінің жалпы көлемі 32,7 трлн теңгені құраған. Ал биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нәсібін кәсіптен тауып жүргендердің қатары 3,4 млн адам болған.
Бизнес • 02 Қараша, 2021
Кәсіпкерлерге арналған жаңа қосымша
Кәсіпкерлердің салық төлеу рәсімдері жеңілдеді. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлы технологияларды пайдалана отырып, E-Salyk Business мобильді қосымшасын іске қосты.
Қоғам • 13 Қазан, 2021
Той – офлайн, журналистер – онлайн
Елде эпидемиялық жағдай тұрақталды. Карантин шаралары да жұмсарды. Бұрынғыдай қатаң локдаун жоқ. Тіпті қазақтың тойына да рұқсат берілді. Бірақ шенеуніктер мен журналистер арасындағы байланыс қана әлі онлайн күйінде тұр.
Бизнес • 12 Қазан, 2021
«АрселорМиттал Теміртау» газға ауысады
«Ақтөбе РГС» ЖШС мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компанияның металлургия комбинатына тауарлық газ жеткізу туралы өзара келісім жасасты. Аталған келісім Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі меморандум шеңберінде жүзеге асты.
Қаржы • 04 Қазан, 2021
Шенеуніктердің шетелдік банктердегі шоты қанша?
Биылғы қаңтар айынан бастап, елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі өткені белгілі. Декларациялау кезінде мемлекеттік қызметкерлердің шетелде қанша банктік шоттары, жылжымайтын мүліктері мен көліктері бары есептелген. Декларацияны ұсынған 497 мың жеке тұлғаның 440-ында шетелдік банктерде жеке шоты бар, 58 шетелдік банктегі жинақталған қаржының жалпы сомасы – 691 млрд теңге. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте айтып берді.
Экономика • 29 Қыркүйек, 2021
Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірқатар тауарды таңбалауды енгізгені белгілі. Мамандардың пікірінше, тауарларды таңбалаудың артықшылығы көп. Бұл бір жағынан цифрлы экономиканы дамытуға ықпал етсе, екінші жағынан «көлеңкелі» экономиканың үлесін қысқартып, нарықтағы заңсыз әрі сапасыз өнімнің айналымын азайтады.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2021
Қолма-қол ақшаны қолданатындар азайды
Әлемді шарпыған пандемия елге көп нәрсені үйретті. Былтырғы зерттеудің нәтижесі ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығы әлдеқайда артқанын, бұрын ешқандай банк картасын ұстап көрмеген бірталай азамат жеке есеп шот ашып, қолына карта ұстағанын көрсетті. Естеріңізде болса, былтыр Google іздеу жүйесі Қазақстанда 2020 жылы ең көп сұралған мәліметтер тізімін жариялады. Сонда пайдаланушылар IBAN, БСН (БИН), БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) деген сөзді көп іздеген. Мұның өзі көп жайтты аңғартса керек.