Сұхбат • Бүгін, 08:20
Мәдіғали Қарсыбеков: Ұлттық құрамаға сенімді ізбасар даярлау керек
Ертең Италияның Милан, Кортина-д Ампеццо қалаларында ХХV қысқы Олимпиада додасы басталады. Төрт жылда айналып соғатын ақ аламанда есеміз кетіп, еңсеміз түсетін күйге етіміз үйренісіп кеткендей. Қысқы Олимпия ойындарында Әнұранымыз алғаш рет 1994 жылы шырқалды. Отыз жылдан асты, екінші рет ести алмай келеміз. Әнұранды шырқату былай тұрсын, саңлақтарымыз 2014 жылдан бері қысқы Олимпиаданың медалі қандай болатынын қолмен ұстап, жүрекпен сезінген емес. Топтанып барып, тапталып қайтып жүрміз. Білікті маман, ұзақ жыл шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін арқалаған Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВПЕН дүбірлі дода қарсаңында сұхбаттасып, әлеуетімізді сараладық.
Спорт • Бүгін, 07:35
Олимпия ойындарын қай арнадан көреміз?
Биылғы жылдың басты спорттық додасы 6–22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қысқы Олимпия ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынын аяқтады. Сегіз матч өткізген ел чемпиондары 1 ұпайды місе тұтты.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
Ұлттық жобаға ұмтылған кәсіпорындар
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді. Жиында биылғы жоспарлар талқыланып, сондай-ақ келесі жылға арналған рәсімдерді келісіп, жобаларды қолға алу жайы қамтылды.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Қысқы туризмге қызығушылық артып келеді
Қысқы туризмнің тамырына қан жүгірту арқылы да қомақты қаржы көзін табуға болады. Алты ай қардың құрсауында қалатын еліміздің таулы өлкелерінде осы бағытты өрістетуге мүмкіндік орасан.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
«Қазақстан халқына» қорының құрылғанына төрт жылдан асты. Әлеуметтік саланың әр бағытын бекем етіп, нығайтуға кәсіпкерлер мен іргелі компаниялардың әлеуетін тартуды мақсат еткен ілкімді бастама ел игілігіне айналды. Мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың қажеттілігін өтеуде қордың атқарған жұмысы да қадау-қадау.
Жұмыс • 22 Қаңтар, 2026
Жұмыспен қамтуда ілкімділік бар
Былтыр елімізде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 306,2 мың адам тартылды. 912,8 мың азамат жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналастырудың түрлі бағыттары бар.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
«Әлеуметтік әмиян» – әділеттілік, ашықтық айнасы
Елімізде азаматтардың әл-ауқатын нығайтып, ахуалын жақсарту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік қолдау шаралары ашық, әрі тиімді жүргізілуге тиіс. Қазына қаражатын ебін тауып асап қалуға ұмтылатындардың жолын кесу мақсатында әлеуметтік көмек түрлеріне цифрландыру толыққанды енгізіліп жатыр. Соның ішінде «Әлеуметтік әмиянның» салмағы ауыр.
Күрес • 16 Қаңтар, 2026
Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов Швейцарияда Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) басшысы Ненад Лаловичпен кездесті. Жоспарлы кездесуде күресті дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту жайы талқыланды.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Биылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың, базалық, ынтымақты зейнетақылардың барлық түрлерінің мөлшері артты. Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылды.