Тарих • 17 Сәуір, 2022
Қайран, Мұқағали уағында «Чили – шуағым менің» деп Пабло Неруда жайлы тебірене жырлап еді. Алақандай ғана ұлттың аспанында қырандай қалықтаған, қаймана халқының қасіретін саясаттың басында қаймықпай жырлаған қайсар қаламгердің қайғысы, мұқым Чилидің мұңы-тұғын. Дәл біздің «Қаңтар қасіреті» секілді қанды жылдардың қақпанына халқы қанша рет түсті. Жоқ, кішкентай Чили кемеңгер екен, ұлы мұрат жолында мұқалмады. Алып державаларға аяқ бастырмады. Енді қараңызшы, Чили десе Пабло Неруда, Пабло Неруда десе батыр чили халқы еске түседі.
Өнер • 07 Сәуір, 2022
Сіз ойлағаннан бөлек, біз ойлағаннан биік ойдың желісімен өмірге келген туындыны жас талант қабілетінің шыңы десек болатындай. Адам қоғамның илеуінде өсетінін ескерсек, қылқалам иесінің әдеткі түсініктен өзгеше қадамға баруы қайран қалдырады. Тіпті өнертанушылардың өзі оң бағасын беріп, суреткерлік қырына сенім білдіріпті. Бұл ыстық пікірлер суретшінің шығармасына үңілуімізге сеп болды.
Өнер • 04 Сәуір, 2022
Арманы биік адам тауға ғашық келеді. Мұзарт шыңдардан мият іздейді, құс жолына қол созады. Алқоңыр аспанды қалаған түсімен сырлайды. Қазбауыр бұлттарға хат жазады. Қарағайларға мұңын шағады.
Өнер • 31 Наурыз, 2022
Тәңір адамзатқа ерік бергенімен, жеке-жеке ғұмыр кешуіне тыйым салған. Ер мен әйел – Құдай алдында қашанда егіз ұғым. Нәзік жанның нәркес сезіміне нәр берер жігіттің көркем көзқарасы секілді. Біз ұсынған картинаның түпкі мәні сол мөлдір махаббатпен мәндес.
Өнер • 29 Наурыз, 2022
Қалың қардың арасынан қылтиып шығып тұрған жалын атқан үй мұржалары тіршіліктің әнін айтады. Аппақ көрпе жамылған жер шарының тыныштығын солар ғана бұзса болатындай. Қараңызшы, қар астындағы ауылға жан бітіріп тұрғандай. Терезеден көз салсаңыз, жылы үйінен жайлы күй іздеген адамдардың жұмсақ қарым-қатынасын байқайсыз.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2022
Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы көзі қарақты оқырманның көбіне таныс. Үтір-нүктесіне тоқталмасақ та, біз бен сізді Тағанның тағдыры әлемтапырақ күйге түсіргені даусыз-ау! Ол үнемі «Біз осы неге?» деген сауал тастап барып күйінішін күй қылып толғаушы еді ғой. Бүгінгі таңда кез келген мәселеге Тағанның көзімен қарайтын болсақ, сол сауалды бір емес, жүз, тіпті мың мәрте қоятынымыз анық. Таған демекші, біз осы ретте ұмытылып бара жатқан, «Ағайын – ырысың, көрші – тынысың» деген қазақтың қонақжайлық қағидасына үңілмекпіз.
Өнер • 24 Наурыз, 2022
Бояу адамға нәзік эстетика сыйлайды. Әсіресе кенептегі көркемөнердің жанға берер тазалығы, мөлдірлігі мол. Картинадағы алуан түстердің арпалысы шынайы өмірдің құпиясын әшкерелеп тұрады. Байқасаңыз, ондағы өмір бергі беттегі біздің ғұмырымыздан әлдеқайда күрделі, әлдеқайда шытырман.
Өнер • 18 Наурыз, 2022
Бұл сәттің де өз баяны бар. Табиғат ұйқыдан оянар шақта, ай аруды ұзатып салып, күн бикешті қарсы алады. Бір-бірін мәңгілік көре алмайтын ай мен күннің арасы жақындар мезет осы – таң алагеуім. Қара қыстың қатқыл таңы орманға барсаңыз, шебер сызған суреттер ерекше көрінеді. Біз ұсынып отырған картина, сол әппақ әлемнің көшірмесі ғана.
Өнер • 16 Наурыз, 2022
Ару Алматыға көктем келгелі қашан, ал асқақ астанада әдетінше қытымыр қыстың көбесі сөгілген жоқ. Жалпы, бас шаһарға көктем келе ме өзі, әлде бірден жайдарлы жазға ауыса ма!? Сұлу қаланың сәуірде ғана суығы қайтып, кербездене түсетін секілді. Әйтсе де, көктемкөз бойжеткеннің, көңілі көкорай ағаның, кеудесі кеніш достың жүрегіне Наурыз кіргеннен-ақ көктем қоныстанып алады. Ал бұл сурет қысқы астана жайлы қысқа ғана әпсана!
Өнер • 15 Наурыз, 2022
Мейірімді көзінің нұрын төгіп қараған сәтте-ақ мынау маңғаз дүниенің бетіне қан жүгіреді. Ананың жарқын жанары тасжүрек тіршілікті еркелете аймалағанда адамзат біткен еріксіз елжірейтіні анық. Өйткені әйел-ана өмір дауылын жеңетін күшке ие. Білесіз бе, бізді қоршаған ортаны таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай аймалай алатын шығар.