Taza.kz
Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
222 материал табылды

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025

Сарбаз шеберлігі жаттығуда шыңдалады

Айбынды армия – тәуелсіз елдің айбары. Сол себепті Отан қорғаушы әр азаматтың кәсіби шеберлігінің жоғары болғаны маңызды. Әр салада еңбектеніп жүрген отан қорғаушыларды қайта даярлықтан өткізу үшін елімізде кең көлемде әскери міндеттілердің жиындары өтіп келеді. «Спасск» оқу жаттығу полигонында 1 500-ге жуық әскери міндетті азамат жауынгерлік шеберлігін қайта пысықтады.

Еңбек • 18 Қыркүйек, 2025

Алтын қолды автомеханик

Таңдай қақтырар қабілет иесі, алтын қолды авто­ме­ханик, ауылының ардақ­ты ақсақалы Бөрібай Ысқақов­ты күллі Қарқаралы жұр­­ты таниды. Бір жасында шешек ауруына шалдығып, жана­рынан айырылған тағ­дыр иесінің таланты талай­­ды таңғал­дырады. Жасы жетпіс жеті­ге келсе де қа­білет­ті қария­ның күш-қуаты әлі бойын­да. Осы жаздың өзінде ауылындағы үш трак­­тордың моторын жинап беріпті.

Жәдігер • 18 Қыркүйек, 2025

Әлихан мен замандастары дәм татқан табақ

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның қарын­дасы Нұрбек әжей тір­ші­лігінде қолданған ет та­бақ Ақтоғай ар­хео­логиялық-этно­гра­фиялық музейінде сақтаулы тұр.

Инновация • 17 Қыркүйек, 2025

Инновациялық өркендеу жолындағы өңір

Жаһандану дәуірі. Жасанды интеллект игілігі. Цифрлы Қазақстан. Озық ойлы ұлт. Инновациялық технология. Бұл тұрғыда қазыналы Қарағанды өңірінің де қадамы қарыш­ты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында әр салаға жасанды интеллектіні кеңінен енгізіп, экономиканы толық цифрландыру керектігіне тоқталды. Расымен, мұндай страгетиялық шешімнің ел дамуына қажеттілігі анық сезіліп отыр.

Отбасы • 13 Қыркүйек, 2025

Ырыс ұялаған шаңырақ

Мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның дамуы ең алдымен отбасының беріктігіне байланысты. Осы тұрғыда өнегелі әулеттердің өмір салты көпшілікке үлгі әрі тәрбиенің алтын қазығы саналады. Біз баяндағалы тұрған Игеновтер отбасының бұлжымас қағидасы да сол, маңайына ізгілік дәнін сеуіп, елдің алғысына бөлену.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025

Өңір әлеуеті – экономикалық өсім негізі

Қарағанды облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты биылғы Жолдауына арналған облыстық отырыс өтті. Маңызды жиынға өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев төрағалық етті. Әр сала өкілдерімен Президент Жолдауы жан-жақты сараланып, алдағы уақытқа жоталы жобалар жоспары пысықталды.

Еңбек • 12 Қыркүйек, 2025

Еңбек еткеннің еңсесі биік

Ауылда жүріп те уы­с-уыс ақша сапыруға бола­ды. Кейінгі уақытта мал бордақылау кәсіптің кере­метіне айналды. Еңбек­пен ерте шыңдалған Ер­нат Махмет – ауылы­ның миллионері. Жылына жүз бастан артық мал семіртіп, Қарағандының базарларына ет жөнел­теді.

Жәдігер • 12 Қыркүйек, 2025

Бәске тігілген самаурын

1896 жылы Ресейдің Тула қаласында Василий Баташевтің бу самаурын фабрикасынан шық­қан мыс самаурын Қарқаралы тарихи-өлкетану мұра­жайында сақтаулы.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Қыркүйек, 2025

Жұмысшы маман ұстаханасы

Қарағанды тех­никалық-құры­лыс колледжі түлек­терінің табыс­ты мансап бас­тауына нәти­желі мүмкіндік ұсынып отыр. Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында оқу орны жаңа белестерге қадам басты.

Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025

Өңір өнеркәсібінде өсім бар

Өңірдегі 941 өнеркәсіптік кәсіпорынның шамамен 800-і өңдеу секторына тиесілі. Былтыр кәсіпорындар 3 трлн теңгеден астам өнім өндіріп, жаңа межеге қол жеткізді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, шамамен 1,5 трлн теңгені құраған. Ал биыл 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде 723 млрд теңге өнеркәсіп саласына бағытталады дейді облыс басшылығы.

Яндекс.Метрика