Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Қыркүйек, 2025
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі түлектерінің табысты мансап бастауына нәтижелі мүмкіндік ұсынып отыр. Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында оқу орны жаңа белестерге қадам басты.
Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Өңірдегі 941 өнеркәсіптік кәсіпорынның шамамен 800-і өңдеу секторына тиесілі. Былтыр кәсіпорындар 3 трлн теңгеден астам өнім өндіріп, жаңа межеге қол жеткізді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, шамамен 1,5 трлн теңгені құраған. Ал биыл 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде 723 млрд теңге өнеркәсіп саласына бағытталады дейді облыс басшылығы.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Қарағанды әуежайы транзиттік бекетке айналады
С909 әуе кемесі Қытайдың Үрімші қаласынан алғаш рет тікелей Қарағандыға ұшып келді. Енді екі ел инфрақұрылымдық ынтымақтастықты нығайтып, «Үрімші – Қарағанды» бағытындағы тікелей әуе қатынасын қолға алуды көздейді. Қытай делегациясы мен өңір басшылары «Сарыарқа» халықаралық әуежайы аумағындағы заманауи жанармай құю кешенінің іргетасын қалады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
«Ауыл аманаты» жобасы аймағымызда сәтті жүзеге асып отыр. Байыпты бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына жол ашып, елді мекендердің еңсе тіктеуіне серпін берді.
Мәселе • 28 Тамыз, 2025
Қазір шаруалар ойдың да, қырдың да шөбін орып жүр. Тіпті шөп қорын жылдағы межеге жеткізе алмаған фермерлер малының жартысын сатып жіберген.
Абай • 23 Тамыз, 2025
Бұқар жырау ауданында кемеңгер Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай әдеби аялдамалар желісі құрылып келеді. Енді жолаушылар аялдамада ақынның өлеңдерін оқиды.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Бораш. Еңбекті сүйген ер, ауылына жанашыр, атымтай жомарт Боранбай Мұқаналиевтің ел ішіндегі екінші есімі осындай. Баршын ауылының өрісіне мыңғырған малын өргізіп, шаруашылығын шалқытып отырған еңбек ардагері – ауылының қамқоршысы.
Өндіріс • 15 Тамыз, 2025
Қарағандыда HOWO жүк көлігі құрастырылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік құрастыру саласын дамыту қажеттігін үнемі назарда ұстап келеді. Үкімет бұл бағытқа жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, күні бүгінге дейін автобус құрастырып келген Қарағандыда енді жүк көліктері де шығарылатын болды.
Абай • 15 Тамыз, 2025
Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі Абай көшесінде ақынның ескерткіш тақтасы ашылды. Тақта авторы – белгілі мүсінші, аудандық мәслихаттың депутаты Амантай Ақышев. Абай тағылымына осылайша тағзым жасаған Амантай Нұртайұлының бұл ізгілікті ісі ел аузында жүр.
Өндіріс • 31 Шілде, 2025
Саранға серпіліс берген серіктестіктер
Саран біртіндеп өндірістің берекелі ошағына айналып келеді. Мәселен, «Tengri Tyres» шина зауытына «Татнефть» пен «ГК «Аллюр» 531,8 млн доллар инвестиция құйған. Зауыт алаңы – 106 мың шаршы метр. Озық технология резеңке қоспаларды әзірлеуден бастап, жинақтау мен вулканизацияға дейін толық циклмен шиналарды өндіруге мейлінше мүмкіндік береді.