Өнер • 22 Қараша, 2023
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков 75 жасын сахна төрінде қарсы алды. Сәкен театрында белорус драматургі Алексей Дудараевтың «Кеш» қойылымын сахналады.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Таяуда Теміртаудағы «Экспресс» базарында шағын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Онда Бұқар жырау, Осакаров аудандарының шаруашылықтары әкелген мал мен құс, бау-бақша өнімдері қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға саудаланды. Осылайша, қысқы азығын қамдап алған қала жұрты шағын жәрмеңкенің шарапатын сезінді.
Өнер • 20 Қараша, 2023
Ән өнерінің Толағайына айналған Илья Жақанов Арқаға келді. «Шалқыма» концерт залында өткен «Толағай» атты шығармашылық кешінде сазгердің әндері шарықтады.
Айтыс • 14 Қараша, 2023
«Алтын домбыралы» ақын 3 бөлмелі пәтерге ие болды
«Алтын домбыралы» ақын Мақсат Ақановты жерлестері Қарағандының қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды. Гүл-шоқтарын ұсынып, құрмет көрсетті. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыр дүлдүлін қабылдап, 3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.
Энергетика • 09 Қараша, 2023
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сол себепті де энергетика саласындағы жұмысты жетілдіру Мемлекет басшысының тікелей назарындағы мәселе. Күннен қуат алатын энергия көздері бойынша аймағымыз республикадағы көшбасшы өңірге айналды. Жақында Қарағанды облысы тағы бір «жасыл» нысанмен толықты. Балқаш қаласының Қоңырат шағын ауданына жақын орналасқан өнеркәсіптік алаңда «СЭС 4,77 мвт» күн электр стансасы іске қосылды.
Форум • 09 Қараша, 2023
«RoboLand 2023»: Оқушылардың ой жарысы
Қарағандыда «RoboLand 2023» VIII ауқымды форумы биыл сегізінші мәрте өтті. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузиядан өрен жүйріктер келді. Фестивальдың финалының өзіне 300-ге жуық команда қатысып, жеңіс жерлестеріміздің еншісінде қалды.
Спорт • 08 Қараша, 2023
Биыл Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіндегі филология факультетіне 85 жыл, журналистика кафедрасына 30 жыл толды. Осыған орай филология факультеті БАҚ өкілдері арасындағы волейболдан турнир өткізді. Турнир Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайды ескере отырып, бір минут үнсіздікпен басталды.
Театр • 07 Қараша, 2023
Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың қуыршақ труппасы Оман елінен олжалы оралды. Халықаралық қуыршақ фестивалі Маскат қаласында өтті. Онда қарағандылық өнер ұжымы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты халық ертегісін сахналады. Сөйтіп, «Үздік сахналық костюм үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдерін сайлау Қарағанды облысында да өтті. Атап айтқанда, халық Приозерск қаласы мен Ақтоғай, Осакаров ауданы әкімдерін сайлауға дауыс берді.
Оқиға • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасында 11 кенші қаза болды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Өкінішке қарай, апат кезінде 11 кенші көз жұмып, 18 адам түрлі жарақат бойынша ауруханаға жеткізілді.