Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
410 материал табылды

Кітапхана • 09 Қаңтар, 2024

Кітапхананың заманауи келбеті

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде заманауи кітапхана ашылды. Бұл – университет базасында кітапхананы жаңғырту бойынша қолға алынған үшінші жоба. Жаңа кітап­ха­нада оқу залымен қоса, кескіндеме, графика және дизайн көрмелері өтетін арнайы студия да бар.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023

Теміртау жастарында орталық бар

Теміртау қаласында тұңғыш рет Жастар орталығы ашылды. Жыл соңында құрыш қала жастары үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды.

Мәдениет • 26 Желтоқсан, 2023

Сейіл салған ән қандай!

Сұлу әнге адал болып өткен Сейіл жүректің дамылдағанына бір жыл. Алты ішекті гитарасын қолына алып, «Таң самалынан» бастап, тек есті әндерді шырқайтын Сейілін елі шын пейілімен сағынған екен. Мұны Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткен қазақтың аяулы әншісі Сейіл Аяғанды еске алуға арналған «Сұлу ән, саған адалмын!» атты кешке жиналған қауымның қарасынан аңғардық. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің концерт залына келген көрермен сыймады. Тік тұрып тамашалады. Ал бұл – шын талантқа көрсетілген тағзым, ән құдіретіне көрсетілген құрмет.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023

Заманауи ФАП-тың игілігі

Тәуелсіздік мерекесі қар­саңында Абай ауданын­дағы Юбилейное ауылы үшін жаңадан салынған медициналық қызмет көрсететін заманауи жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) тамаша тарту болды.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

Қарағандының іскерлік келбеті

Қарағандыда «Qaragandy Business-2023» форумы өтті. Облыс өңдеуші өнеркәсіп саласынан елімізде көш бастап, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингте екінші орынға көтерілді. Қарағандының экономикалық әлеуетін әрі қарай дамытуға негіз де бар. Форумда осы төңіректе сөз қозғалды.

Байқау • 13 Желтоқсан, 2023

Тәшенов жүлдесі тапсырылды

Дәстүрге айналған Жұмабек Тәшенов жүлдесі биыл да өз үздіктерін анықтады. Алғашқыда жылдың үздік ақынын ғана ардақтауды мақсат еткен игілікті шара қанатын кеңге жайды. Биыл он аталым бойын­ша үздіктерін үкіледі.

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Жаңа инвестор иелігіндегі «Qarmet»

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны енді отандық Qazaqstan Steel Group (QSG) ком­­паниясына тиесілі. Кәсіпкер Өнер­кәсіп және құрылыс министр­­лігімен аталған кәсіпорынның активтерін сатып алу туралы ке­­лісім жасасты. Келісімшарт бо­­йынша QSG активтерді 286 млн АҚШ долларына сатып алды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Qarmet-тің жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевті еңбек ұжымына та­ныстырды.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023

Алыстан жеткен алғыс

4 қараша күні Абай ауданының Топар полиция бөліміне «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 967-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторы Руслан Ілиясов апатқа ұшыраған көліктің иесі Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтап, көмек қолын созады.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023

Бұқара бұйымтайымен бетпе-бет

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев халықпен кездесті. Басқарма мен сала басшылары да осы жерден табылды. 6,5 сағатқа созылған бұл жиынды бұған дейін барлық аудан, қалада өткен 25 кездесудің қорытындысы деуге болады. Сөйтіп, уақыт ұзақтығы бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесуі туралы арнайы Жарлығында жазылғандай, халық талап етті, әкім уақытпен санаспады, тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 151 тұрғын келсе, оның 89-ы облыс әкімінің өзіне жүгінді.

Мәдениет • 22 Қараша, 2023

Әуеледі дәстүрлі ән

Кеншілер мәдениет сарайында қазақ классикалық әнінің өкілі, республикалық байқаулардың лауреаты Ришат Шәбденовтің «Халқымның қалықтатсам ән мұ­расын...» атты ән кеші өтті. Ришат шынымен де халық әнінің Арқадағы үлкен өкіліне айналған өнер иесі. Сонымен бекзада өнерді тамашалауға келген тал­ғампаз тыңдарманның қарасы қалың болды. Осыдан-ақ, кештің келісті өтетінін аңғар­ғанбыз. Онымен қоса, қазақ әнінің жарық жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев кешке құрметті қонақ ретінде қатысты.

Яндекс.Метрика