Байқау • 04 Ақпан, 2024
Қарағандыдағы «Достық» үйінде халық ақыны Жәкен Байтуовтың «Бөрі батыр» дастанын жырлаудан облыстық жыршылар сайысы өтті. Ақын да, батыр да ұлықталған бұл байқаудың басты ерекшелігі мынада: екі аталымнан үздік шыққан қос жеңімпаздың жетегіне жылқы байлады.
Ауыл • 01 Ақпан, 2024
Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жаңа жылда ауылдың қуанышына айналған жаңа нысанның ашылуымен аудан басшысы Мұхит Мұхтаров құттықтап, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы денсаулық сақтау саласының маңызын атап өтті.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2024
Өткен түн ботақаралықтар үшін жайсыз болды. 30 қаңтар күні сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы 10-пәтерде газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан бір ғана пәтердің емес, тұтас үйдің ортасы опырылып түсті. Өкінішке қарай, оқыс оқиға кезінде екі адам көз жұмды.
Музей • 30 Қаңтар, 2024
Биыл – кеншілер қаласының мерейтойы. Ендігі мәдени ұйымдар қазыналы қала тарихын жұрт жадында жаңғырту мақсатында түрлі көрме, кездесулерді бастап кеткен. Ақпан айынан облыстық бейнелеу өнері музейі де «Қарағанды – Сарыарқаның монументалды орталығы» атты мұражай сабағын өткізеді.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Жаңа қоғамдық көліктер беріледі
Жақында Балқаш қаласына жаңа автобустар барады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары тозығы жеткен қоғамдық көліктермен қатынамайды.
Денсаулық • 28 Қаңтар, 2024
Өңірде мүгедектігі бар 5 мыңнан аса бала тіркеуде тұр. Олардың қатарында көбіне жүйке жүйесінің аурулары мен туа біткен ақаулар жиі кездеседі. Мұндай дерттің мейлінше ерте анықталып, қажетті ем-дом қабылдап, кешенді оңалтудан өткенінің септігі мол. Қарағандыда ашылған «Қамқорлық» атты оңалту орталығы ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға қанат байлағандай, бүлдіршіндерге көп мүмкіндік беріп отыр.
Еңбек • 25 Қаңтар, 2024
Талды ауылында шағын наубайхана жұмысын бастады. Енді ауыл тұрғындары қаладағы дүкен сөрелерінен нан өнімдерін тасып әуре болмайды.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
Қарқаралы қаласында 36 отбасы жаңа пәтерлі болып, қуанышқа бөленді. Барлығы да баспанаға мұқтаж жандар ретінде кезекте тұрған. Бұл пәтерлер мұқтаж адамдарға коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға беріліп отыр.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Спорттық медицинаның мүмкіндігін молайту – маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта Қарағандыда тоқсаныншы жылдары жабылып қалған диспансер былтыр қайта ашылып, қызметін әрі қарай жалғады. Бұған дейін жарақат алған спортшыларымыз Алматыдан ем-дом алып, қатынап жүрген еді. Енді саңлақтарымыздың деніне шипа диспансер ел ішінде, Қарағандыда бар.
Білім • 24 Қаңтар, 2024
Жақында Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Сол білім додасында қарқаралық 11-сынып оқушысы Айдана Төлеген жеңімпаз атанды.