Президент • 30 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев румын халқына баянды бақыт тіледі
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Қалдықтарды кәдеге асырудың бағдарламасы қажет – сенатор
Сенатор Сұлтанбек Дүйсембинов депутаттық сауалында қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу мәселелерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Қараша, 2023
Президент Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 30 Қараша, 2023
Хостел мекенжай бойынша заңсыз орналасқан - Алматы әкімдігі
Алматыда хостел аумағында болған өртке қатысты Алматы әкімдігінің ресми телеграм арнасының мәліметі бойынша ғимарат иесі - «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қараша, 2023
Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
Астанада бүгін көктайғақ болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Заң • 30 Қараша, 2023
Жертөледен өрт шыққан: Хостелдегі қайғылы жағдайдың неден болғаны анықталып жатыр
Министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды. Онда олар хостелдегі өрттің шығу себептерін тексереді. Алдын ала деректер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанадағы жаңа көпір көлік кептелісін қанша пайызға азайтты?
Елорда тұрғындары Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір арқылы жиі қатынайды. Бұл көпір көшелердегі кептелісті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала даңғылындағы көпір тиісінше 15%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Қараша, 2023
Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды
Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған орта мектептің 8-сынып оқушысын іздестіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Қараша, 2023
Университеттер ынтымақтастығы: Су құрамы зерттеліп жатыр
М.Дулати атындағы Тараз университетіне АҚШ-тың Линкольн қаласындағы Небраска университетінің профессоры, Су ғылымдары зертханасының директоры Дэниел Дэвидсон Сноу шақырылған. АҚШ профессоры М.Дулати университеті ғалымдарымен бірлескен жобалар шеңберінде тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.