Президент • 17 Сәуір, 2024
Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады
Мемлекет басшысына азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді. Артур Ластаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Сәуір, 2024
Бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Үстіне ағаш құлаған алматылық өтемақы ала алмай отыр
Өткен жылы Алматы қаласының тұрғыны Айдын Боранбаевтың үстіне қарағаш құлап түскен. Сол сәтте ол өз велосипедін тұраққа қойып тұрған еді. Ақыры ауыр дене жарақаттарын алған ер адам жұмысын жалғастыра алмай, қызметтен кетуге мәжбүр болған. Келеңсіз оқиғадан бері 9 ай өтті, ал кінәлілер әлі табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Сәуір, 2024
Үкімет тасқынға қарсы күрес қарқынын арттырды
Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды. Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 16 Сәуір, 2024
Бүгін Париж Олимпиадасының алауы тұтатылды
Бұл туралы Sportqazaq телеграм арнасы хабарлады. Париж Олимпиадасының алауы Грекияда тұтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Жайық жағалауын шетелдіктер де нығайтып жатыр
Жергілікті тұрғындармен бірге Жайық жағалауын нығайту жұмыстарына шетел азаматтары да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2024
Министр елімізге тарихи жүлде сыйлаған Денис Никишаны қабылдады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Нидерландының Роттердам қаласында шорт-тректен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған Денис Никишаны қабылдады. Кездесу барысында спортшы мен оның жеке бапкері Петр Гамидовке Алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Екібастұзда теміржолшы вагон астында қалып көз жұмды
Екібастұзда теміржол қызметкері вагон құрамының астына түсіп, алған жарақатынан көз жұмды. Жазатайым оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Ақтау тұрғынын өлтіріп, пәтерін өртемек болған күдікті ұсталды
Ақтау қаласында кісі өлтіру фактісі тіркелді. Өрт туралы хабарлама алған ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерге кіріп, әйел адамның мәйітін тауып алған. Полиция оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Сәуір, 2024
Жаңадан құрылған екі басқарманың басшылары тағайындалды
Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы қызметін Батырхан Сүлейменов уақытша атқарады, Ал Нұрлан Нұрғабылов қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын уақытша басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Жайықта су деңгейі тағы көтерілді
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.