Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Өмір сапасын арттыру – басты міндет
Қостанай облысының Николаевка ауылында жылдар бойы ауызсу мәселесі шешілмей келеді. Енді елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен қамтылады. «Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба құрылысы осы жылдың қараша айында аяқталады. Мұндағы жұмыс барысымен Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау мен депутат Еркін Әбіл танысты.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2025
Жұртшылық аманаты назарға алынады
Шымкент қаласына сапармен барған Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы аймақтағы құрылыс барысымен танысты.
Айбын • 16 Тамыз, 2025
Бес бірдей мемлекетпен шектесетін еліміз бүгінде тыныштық пен тұрақтылықтың ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Өйткені ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын ел іргесін антына адал, рухы биік әскерилер күндіз-түні асқан қырағылықпен күзетеді. Әрі қазір ұлан-ғайыр атыраптың тұтастығын, ұлттық қауіпсіздікті сақтауда заманауи әдістер қолданылады.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Депутаттар маңызды нысандарды аралады
Депутаттар өңірдегі бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымның дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажына құлақ түріп, түйткілді мәселелерін бірлесе талқылады.
Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025
Елімізде кейінгі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіп жақсарып келеді. Алайда интернет алаяқтық пен есірткі қылмысы елдің есін алып, алаңдатып тұр. Бұл туралы прокуратура органдарының алғашқы жеті айдағы есебінде айтылды.
Инвестиция • 14 Тамыз, 2025
Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Dan Capital» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «ValueLBH Fund» қорының басқарушы директоры және серіктесі Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар еліміз үшін басым экономикалық секторларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру келешегін егжей-тегжейлі талқылады.
Жастар • 13 Тамыз, 2025
Ел ертеңінің стратегиялық капиталы
Бүгінгі басты стратегиялық ресурсымыз – жастар. Ел халқының үштен бір бөлігін құрайтын бұл санат қазір қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отыр.
Олимпиада • 12 Тамыз, 2025
Пәндік олимпиада үздіктеріне ерекше құрмет
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті. Іс-шараға 24 лауреат, атап айтқанда, 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері шақырылды. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.
Заң мен Тәртіп • 07 Тамыз, 2025
Бүгінде еліміздің шалғайдағы елді мекенінде 1500 «Құқық кабинеті» ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылған бастама жергілікті тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Осыған орай елімізде осы бағытта тағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын шолып шыққан едік.
Есірткі • 07 Тамыз, 2025
Есірткі саудалаған 6 мыңнан аса сайт бұғатталды
Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге құны 2,3 млрд теңгеден асатын 98 мыңнан аса есірткі шотын бұғаттады. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретін 21 зертхана, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 фактісі анықталып, жойылған.