Экономика • 31 Қазан, 2024
Нарықтың жаңа форматына өтетін кез келді
2020 жылдан бастап әлемдік ритейлерлердің көбі онлайн сегментке басымдық бере бастады. Чат, видео, тікелей трансляция және әлеуметтік желілердегі сатып алулармен эксперимент жасады. Бұрын жеке сатуға сүйенген компаниялар цифрлық технологияларды қазіргі, жаңа аудиторияны қамту құралы ретінде мойындады. Бізге де нарықтың жаңа форматына өтетін кез келді. Транзиттік мемлекет болғандықтан, көршілеріміз біздің елді тартымды нарық деп мойындайды. Бұл туралы Алматыда өткен ХХ Сауда әлемі конвенті жиынында ұйымдастырушы Елена Сарғалдақова айтты.
Мәселе • 30 Қазан, 2024
«Орта табыс тұзағынан» қалай шығамыз?
Бұл мәселе соңғы 20 жылда дамушы елдердің экономикалық эволюциясы туралы пікірталастың ең танымал тақырыбына айналды. Табысың аштан өлтірмейді, бірақ одан әрі жағдайыңды көтеруге мұршаң жоқ. Орта табыс тұзағына шырмалып жүрген экономикалық белсенді азамат зейнетке шыққанда табысы ортадан төмен кедей топтың қатарын толықтырады. «Орта табыс тұзағынан» шығу қажеттілігі №1 стратегиялық міндет ретінде қарастырылған. 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының өзегі де осы бағыт.
Сараптама • 23 Қазан, 2024
KASE «Мосбиржа» құпиясын аша ала ма?
Өткен аптаның соңында Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы (МОЕХ) арасындағы ұзаққа созылған келіссөздердің соңғы нүктесі қойылды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Мәскеу биржасын Қазақстан қор биржасы (KASE) акционерлерінің құрамынан шығару туралы түбегейлі шешімді қос тарап та (Қазақстан мен Ресей) қолдады.
Өндіріс • 17 Қазан, 2024
Алматы қаласы Медеу ауданындағы «Novus Polymer» ЖШС терезе мен есік жүйесіне арналған ПВХ профильдерін өндіруде Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс ошағы – «Galwin» зауытына иелік етеді. Бүгінде «Galwin» бренді – отандық нарықта жетекші орында. Компания бұдан бөлек, «ROSSI», «Vitro», «Verde» сауда белгілерімен ПВХ профильдерін, терезе тақтайшасын, есік өндіреді.
Қаржы • 08 Қазан, 2024
Ұлттық қор: Тығырықтан шығудың амалы қайсы?
Халықаралық валюта қорының еліміздегі миссиясының басшысы Николя Бланшенің айтуынша, бюджет тапшылығын жабу мақсатында Ұлттық қор қаражатын пайдалануды шектеуіміз керек. «Қазақстандағы фискалдық жағдай инфляцияны жеделдетеді, оны үдетіп, Ұлттық қорға қысым жасап жатыр. Біз фискалдық негізге деген сенімді қолдау мақсатында түзету шараларын ұсынамыз» депті ХВҚ сарапшысы.
Экономика • 01 Қазан, 2024
Дайын өнім – экономика әлеуетінің көрсеткіші
Экономиканың әртараптандырылмауы бірнеше буынның уақытын ұрлап, әлемдік экономикамен интеграциялану мүмкіндігін шектеп тастады. Өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керектігі осыған дейін талай айтылды. Мемлекет басшысы Жолдауда сыртқа шығарылатын өнім нарығының көлемін жоспарлы түрде кеңейту қажеттігін ескертті.
Өндіріс • 13 Қыркүйек, 2024
Отандық фармацевтикадағы іргелі бастама
Кез келген мәртебелі жетістіктің бастауында идея жатады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – «Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры, «Құрмет» орденінің иегері Мерей Сламұлының кәсібі сондай идеядан қуат алды. Идея жоспарға, жоспар 500 адамды жұмыспен қамтыған іргелі зауытқа айналды.
Салық • 11 Қыркүйек, 2024
Салық кодексі жобасынан сабақ алдық па?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаңа Салық кодексін қабылдауды келесі жылға қалдыруды ұсынды. Президенттің айтуынша, жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай саралау қажеттігі туындап отыр, яғни кім қанша көп табыс тапса, сонша салық төлеуі керек. Бұл тұрғыда Президент жаңа Салық кодексін қайта қарап, талқылау жүргізіп барып қабылдауды ұсынды.
Сараптама • 04 Қыркүйек, 2024
Қаржы нарығын тағы да кезекті реформа күтіп тұр. Тамыздың соңғы онкүндігінде ел тарихында болмаған жаңа агенттіктің құрылатыны белгілі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) «Ұлттық рейтингтік агенттік туралы» жаңа заңның жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қоғамдық талқылауға шығарды. Тиісті жобаны талқылау Ашық НҚА порталында 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қаржы • 30 Тамыз, 2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялап, мөлшерлемені 14,25 пайыз деңгейінде қалдырды. Бас банктің хабарлауынша, ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдылығын арттыруға себепші болып тұр.