Taza.kz
Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
212 материал табылды

Саясат • 14 Ақпан, 2026

Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары

Алматы қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.

Өнер • 13 Ақпан, 2026

Өмір кемесі

Жастық кезең ғұмырдың ең бір сәулелі, шуақты шағы емес пе? Осы бір отты кезең кенеп бетінде көбіне нақты образ, романтикалық кейіп немесе ностальгиялық сарын арқылы көрініс тауып жатады. Суретші Сұлтан Аманжол «Жастықтың кемесі» атты абстракциялық картинасында бұл ұғымға өзгеше қырынан келген. Туындыгер белгілі бір кезеңді суреттеумен шектелмей, жастықтың рухын, ішкі ырғағын, адам жанының алауын көркемдік кеңістікке алып шығуға ұмтылады.

Жәдігер • 06 Ақпан, 2026

Ақынның кесесі музейге табысталды

Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасаз ауылындағы ақын мұражайы таңғажайып талант иесінің мол мұрасы сақталған киелі шаңырақ. Онда барлығы 1281 жәдігер жинақталған болса, экспонаттардың 250-і – көрнекті ақынның тіршілігінде тұтынған тұрмыстық бұйымдары мен кітаптары. Осынау жәдігерлердің бірсыпырасы ақын мерейтойы аясында Алматыға әкелініп, Ұлттық орталық музейде көрермен назарына ұсынылды.

Тағзым • 04 Ақпан, 2026

Ақын мұрасына құрмет

Алматыдағы Ұлттық кітап­ханада ақиық ақын Мұқағали Мақа­таев­­тың туға­ны­на 95 жыл толуына және ақын атын­дағы халық­­аралық қоғамдық қордың 20 жылдығына орай «Мұқағали шығар­ма­ларын зерттеудегі жаңа бағыттар» ат­ты рес­публикалық ғы­лы­­ми конференция өтті.

Алматы • 04 Ақпан, 2026

Сирек аңдармен толықты

Еліміздегі ең үлкен хайуанаттар бағы үшін өткен жыл табыс­ты болды. Былтыр зообақта 31 жануардан 87 төл алынған. Сондай-ақ зообақ коллекциясы бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты сирек кездесетін жануарлармен толығып отыр.

Білім • 03 Ақпан, 2026

Оқушы биопакет ойлап тапты

Қоршаған ортаны қорғау – бү­гінгі қоғам ал­дын­дағы ең өзек­ті мін­деттің бірі. Бұл бағытта тек ғалымдар мен экологтер ғана емес, жас буын өкілдері де тың идеяларымен үлес қосып ке­леді. Соның жар­қын дәлелі – алма­тылық 10-сынып оқушысы Мөлдір Кенжебайдың эко­­логияға зияны жоқ биопакет ­ойлап табуы.

Білім • 31 Қаңтар, 2026

Америкада білім алу мүмкіндігі

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды. Білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін алаң заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Көрме • 30 Қаңтар, 2026

Жәкеңнен қалған жәдігер

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы ­аясында Алматы қаласында оның өмірі мен шығармашылы­ғына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.

Кітапхана • 30 Қаңтар, 2026

Кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін мәдени нысандардың саны кезең-кезеңімен көбейіп келеді. Осы бастама аясында ақпан айынан бастап Алматыда тағы 2 кітапхана 24/7 форматта жұмыс істеуге кіріседі.

Музей • 27 Қаңтар, 2026

Қастеев музейі қайта жаңғырды

Өнер мен мәдениетіміздің жауһары сақталған Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі ауқымды жаңғыртудан кейін өз жұмысын қайта бастады. Мемлекет басшысының қолдауымен қысқа мерзімде жүргізілген кешенді жаңғырту өнер туындыларын сақтау мен экспозициялауға заманауи жағдай жасауға бағытталған.

Яндекс.Метрика