Өнер • 02 Қараша, 2021
Батыс Қазақстан – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек сынды күйшілер өмірге келген өнерлі өлке. Ұлттық музыка өнерінде есімі өшпестей сақталатын бұл есімдердің лайықты ізбасарлары бар ма? Жақында Орал қаласында өткен жас күйшілер сайысы осы сауалға жауап бергендей.
Руханият • 01 Қараша, 2021
Оралда жас күйшілер сайысы өтті
Батыс Қазақстан өңірі – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек сынды күйшілер өмірге келген өнерлі өлке. Ұлттық музыка өнерінде есімі өшпестей сақталатын бұл есімдердің лайықты ізбасарлары бар ма? Жақында Орал қаласында өткен жас күйшілер сайысы осы сауалға жауап бергендей, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 31 Қазан, 2021
Қалдықты өңдеу – қоршаған ортаға қамқорлық
26 қазан күні Орал қаласында Uralsk Green Forum (UGF) халықаралық экологиялық форумы өтті. Бұл шараны «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі төртінші мәрте ұйымдастырып отыр.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Шекарадан өткендер бақылауда болады
Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының қауіптілігі жөнінен «сары» аймақта тұр. Өңірде жыл басынан бері 29 515 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді. Яғни 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 4 468,3 құрады.
Өнер • 11 Қазан, 2021
Орал қаласында «Атамекен» атты өнер ордасы ашылды. Үш қабаттан тұратын, жалпы аумағы 25 мың шаршы метрден тұратын ақшаңқан сарайдың сахнасы неміс және француз акустикалық һәм жарық-техникалық жабдықтарымен жарақталған.
Аймақтар • 10 Қазан, 2021
Бөкей ордасында туу неге қауіпті?!
Жақында Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында Сәрсенғалиевтар отбасында егіз ұл дүниеге келді. Мұратсайлық Ернар мен Ботакөздің бұған дейін екі қызы, үш ұлы болған екен. Қазір анасына бірден «күміс» және «алтын» алқа тақтырған қос перзенттің жағдайы жақсы.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жергілікті демеушілердің күшімен алып тутұғыр орнатылды. Енді еліміздің Көк байрағы 50 метр биіктен желбіреп тұр.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2021
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Кеңес өкіметі орнаған кезде қиратылған көне мешіттің орны табылды. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті басшылығының қолдауымен және осы университетте тарих мамандығын меңгеріп жатқан студенттердің көмегімен Ақмешіт көне қонысында қазба жұмысын жүргізген – тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Мұрат Қалменов.
Тағайындау • 28 Қыркүйек, 2021
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Сарыла күткен субсидия қағаз жүзінде қала бере ме?
Жақында Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданынан келген бір топ шаруа қожалығы басшылары облыстық әділет департаменті ғимаратының алдына жиналып, өңірде мал шаруашылығына берілетін субсидияның кешігуіне және жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау өз деңгейінде болмағандығына наразылық білдірді.