Спорт • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Құттықтау сөздер айтылып, көрермендер театрландырылған қойылымдарды тамашалағаннан кейін қатысушы 57 мемлекеттің спорттық делегациясы сап түзеді. Салтанатты шарада еліміздің туын ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы мен дзюдошы Аруна Жангелдина ұстап шықты.
Теннис • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта WTA-ның қорытынды турнирі аяқталды. Жарыста бақ сынаған еліміздің ең үздік теннисшісі Е.Рыбакина асқан шеберлігімен миллиондаған көрерменді тәнті етіп, бас жүлдені олжалады. Еленаны осынау толайым табысымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы құттықтады.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Осакада ұйымдастырылған Гран-при кезеңінде Софья Самоделкина табысты өнер көрсетті. Қос жаттығудың қорытындысында 200 ұпай жиған ол күміс медальды мойнында жарқыратты. Жерлесіміз тек жапониялық Каори Сакамотодан (227,18 ұпай) қалып қойды. Қола медаль бельгиялық Луна Хендрикске (198,97 ұпай) бұйырды.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Нұржан Қатаев: Ғылым спортты жетістікке жетелейді
Белгілі балуан Нұржан Қатаев есімі көпшілік жанкүйерге кеңінен танымал. Ол әуелі еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы атанып, жастардың құрлықтық додасында қарсылас шақ келтірмеді. Шеберлігі шыңдала келе, ересектер дуына қосылған соң, Азия чемпионы, сол жарыстың екі дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері атанды. Дегенмен оған бар спортшының арманы – Олимпия ойындарында бақ сынау бақыты бұйырмады. Орайы келген әңгіме барысында оның жауабын кейіпкеріміздің өзінен сұрап білген едік.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Бүгін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ислам ынтымақтастығы ойындарының алауы тұтанады. Үш аптаға созылатын бәсекелер барысында 57 мемлекеттен келген 3 мыңнан аса спортшы өнер көрсетеді. Олар спорттың 19 түрінен сайысқа түседі.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Лас-Вегаста қазылық еткен қазақ
Жекпе-жек өнерінің жанкүйерлеріне джиу-джитсудың хас шебері Дамир Садыровтың есімі жақсы таныс. Атпал азамат байрақты бәсекелерде ел намысын абыройлы қорғаумен қатар, бапкер ретінде мықты шәкірттер тәрбиеледі. Сондай-ақ аса ірі халықаралық жарыстарда қазылық етіп жүр.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Жақында Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР-дің жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарылап, 13-орынға табан тіреді. Бұл – оның мансабындағы ең жақсы көрсеткіш. Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі өзінің алтыншы орнын сақтап қалды. Жұптық бәсекедегі ең мықты ойыншымыз Анна Данилина 13-сатыда тұр.
Ауыр атлетика • 05 Қараша, 2025
Бахрейн астанасы Манамада жасөпірімдердің Азия ойындары аяқталды. Сары құрлықтың әр қиырынан ең дарынды жас өрендер жиналған жарыста еліміздің спортшылары 93 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді. Жеңіп алған жүлдеміздің 24-і алтын, 29-ы күміс, 40-ы қола.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Еліміздің танымал теннисшісі Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында сүрінді. Бастапқы бәсекелерде Алексей Попырин (Аустралия), Корантен Муте (Франция), Тейлор Фриц (АҚШ), Алекс Де Минордан (Аустралия) басым түскен жерлесіміз жартылай финалда Феликс Оже-Альяссимге (Канада) 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Қытайдың Уси қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды.